Тақырып Магнитостатика Негізгі сұрақтар



бет3/12
Дата11.10.2024
өлшемі0.57 Mb.
#504580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
file-1738 (14)

Магнит ағыны
Магниттік ағын – (магниттік индукция векторының ағыны) –ауданы ds элементар беттен өткен магниттік күш сызықтарының тығыздығын сипаттайтын скаляр шама:


45а-сурет 45б-сурет

мұндағы  – индукция векторының ауданы элементар бетке жүргізілген нормаль бағытына проекциясы (45-сурет).


магнит ағыны  таңбасына байланысты оң да, теріс те бола алады, яғни  нормальдің оң бағытына сәйкес анықталады. әдетте магнит ағыны оң бұранда ережесі бойынша тогы бар нақты контурмен байланысты. кез келген s бет арқылы өткен магнит ағыны:

Гаусс теоремасы: кез келген тұйықталған бет арқылы өтетін магнит өрісі индукциясы векторының ағыны әр уақытта нөлге тең.

векторлық талдау бойынша Гаусс теоремасына сәйкес магнит өрісінің индукциясы мына шартты қанағаттандырады:



Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері
Зарядының шамасы q бөлшек біртекті магнит өрісіне векторына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді делік (46 – сурет).



46– сурет


Сонда зарядқа әсер етуші Лоренц күші модулі жағынан тұрақты, ал бағыты бөлшектің траекториясына перпендикуляр болғандықтан, ол күш центрге тартқыш күш болып табылады.


(9.15)
бұдан бөлшектің шеңбер бойымен қозғалысының радиусын анықтауға болады:
(9.16)
Бөлшектің осы шеңберді толық бір айналыс жасауға кететін уақытын айналыс периоды деп атайды:
(9.17)
Айналыс периоды бөлшектің жылдамдығына байланыссыз, индукция векторы мен зарядтың шамасына кері пропорционал болады.
Енді жылдамдықпен индукция векторына  бұрышын жасай ұшып кірген зарядталған бөлшектің қозғалу сипатын қарастырайық (47 – сурет).



47-сурет
векторын -ға перпендикуляр және параллель екі құраушысына жіктейік. Сонда Лоренц күші

және бұл векторына перпендикуляр жазықтықта жатады. Жылдамдықтың векторына параллель құраушысынан туатын Fл =0, өйткені және арасындағы бұрыш нөлге тең, магнит өрісі бөлшекке әсер етпейді, сондықтан ол түзу сызықты және бірқалыпты қозғалады. Зарядталған бөлшектің қозғалысы екі қозғалыстың қосылуынан туады:
1) векторының бойымен жылдамдықпен шеңбер бойымен түзу сызықты қозғалыс.
2) векторына перпендикуляр жазықтықта жылдамдықпен шеңбер бойымен бір қалыпты айналыс.
Осы екі қозғалыстың қосылуы нәтижесінде бөлшек спираль бойымен қозғалады. Спиральдің өсі векторына паралелль болады. Шеңбердің радиусы (14.30) формуласымен анықталады. Винттің сызықтық адымы

немесе (9.17) формуласын ескеретін болсақ
(9.18)
болады.
Спираль бұралатын бағыт бөлшек зарядының таңбасына байланысты болады. Біздің қарастырып отырғанымыз теріс зарядтардың магнит өрісіндегі қозғалысы. Егер оң заряд болса, онда спираль сағат тіліне қарсы бұралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет