Лоренц күші
Магнит өрісінің бойында тоғы бар өткізгішке әсерін зерттей отырып, Ампер мынадай заңды тағайындады:.
(9.19)
Магнит өрісінде бойында тоғы бар өткізгіштің элементіне өріс тарапынан әсер етуші күш тоққа пропорционал және элементінің магнит индукциясымен векторлық көбейтіндісіне тең болады.
Әсер етуші күштің бағытын анықтайық. векторы және векторлары жасайтын жазықтыққа перпендикуляр болады және векторының аяғынан қарағанда векторының векторына қарай қысқа жолмен айналысы сағат тіліне қарсы болу керек (48– сурет).
48– сурет
– векторының модулі
(9.20)
мұнда – мен векторының арасындағы бұрыш. болғанда -тің бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады. Ол үшін сол қолдың алақанына векторы кіретіндей етіп, ал төрт саусақты тоқтың бағытын көрсететіндей үстағанда, 900 – қа айқарылған бас бармақ өріс тарапынан өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.
Магнит өрісіндегі бойында тоғы бар өткізгіштің элементіне әсер ететін күш Ампер заңы бойынша
болады. Ал, электр тоғы зарядталған бөлшектердің бағатталған қозғалысы болғандықтан магнит өрісі зарядқа әсер ететін болады. Осы күшті есептейік. Егер көлем бірлігіндегі заряд саны n0, зарядтардың қозғалыс жылдамдығы , өткізгіштің көлденең қимасының ауданы S болсын, сонда бір өлшем уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд саны , ал тоқтың шамасы , мұнда q – бір зарядтың шамасы. Яғни, тоқ
Бұл өрнекті шаманы (9.20) формуласына қойып
(9.21)
өткізгіштің бөлігене әсер ететін Ампер күшін табамыз. Осы бөліктегі заряд саны болады. Ендеше, бір зарядқа әсер етуші күш
(9.22)
болады
Бұл өрнекті векторлық түрде жазатын болсақ
49 – сурет
(9.22) теңдігі Лоренц формуласы делінеді. Ескерте кететін жағдай, магнит өрісі тек қозғалушы зарядқа әсер етеді, тыныштықтағы зарядқа әсер етпейді. Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесі арқылы анықталады. Егер сол қолымыздың алақанына векторы кіретіндей, ал жазылған төрт саусақ оң зарядтардың қозғалыс бағытын көрсететіндей етіп ұстасақ, 900 – қа қайырған бас бармақ Лоренц күшінің бағытын көрсетеді (49 – сурет). Суреттегі векторының бағыты сурет жазықтығынан бізге қарай бағытталған. Егер магнит өрісіндегі заряд теріс болса, Лоренц күші жоғары бағытталады (50 – сурет).
50 – сурет
Лоренц күші әр уақытта зарядталған бөлшектің қозғалыс жылдамдығына перпендикуляр болады. Сондықтан, бұл күш зарядталған бөлшектің шамасына әсерін тигізбейді, тек бағытын өзгертеді. Ендеше, Лоренц күші жұмыс істемейді. Шынында . Егер қозғалушы зарядқа магнит өрісімен қатар электр өрісі де әсер етсе, онда қорытқы күш
(9.23)
өрнегіне тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |