Өзара индукция. Өздік индукция
Контурдағы ток күші өзгергенде ондағы магнит ағыны да өзгереді, ендеше онда э.қ.к. пайда болады. Өткізгіш контурдағы токтың өзгеруіне байланысты онда индукцияның э.қ.к. пайда болу құбылысы өздік индукция құбылыс деп аталады. Шексіз ұзын соленоидтың индуктивтілігін анықтайық. Соленоидтың магнит ағыны
Өздік индукция құбылысына Фарадей заңын қолдансақ, онда
Егер контур деформацияланбаса және ортаның магниттік өтімділігі өзгермесе, онда
минус таңбасы контурдағы индуктивтіліктің ондағы токтың кемуіне алып келетінін көрсетеді.
Егер ток уақытқа байланысты өссе, онда және , яғни өздік индукция тоғы токқа қарама-қарсы бағытталлады да , оның өсуін тежейді. Егер ток уақытқа байланысты кемісе, онда және , онда индукциялық ток контурдағы токқа бағыттас болып, оның кемуін тежейді.
Егер ток өзгеретін болса, онда 2 контурда э.қ.к. пайда болады, ол Фарадей заңына сәйкес бірінші контурда пайда болып, 2 контурға өтетін магнит ағынының өзгеру шапшаңдығына тең:
Сәйкесінше 2 контурдағы магнит ағыны мен э.қ.к.
Бір контурдағы ток өзгерісі екінші контурда э.қ.к. тудыратын болса, ол құбылыс өзара индукция деп аталады. , - контурлардың өзара индуктивтіліктері деп аталады. Есептеулер және өзара тең екендіктерін дәлелдейді, яғни
Контурлардың өзара индуктивтіліктері контурлардың геометриялық формаларына, өлшемдеріне және контурды қоршаған ортаның магниттік өтімділігіне байланысты.
Электр тогы жүріп тұрған өткізгіш әрқашан да магнит өрісімен қоршалған. Магнит өрісі ток бар кезде пайда болады, ал ток жоқ кезде жоғалып кетеді. Сондықтан токтың энергиясының бір бөлігі магнит өрісін тудыруға жұмсалады. Магнит өрісінің энергиясы осы өрісті тудырушы электр тоғының жұмысына тең. ток өтіп тұрған, индуктивтілігі контурды қарастырайық. Бұл контурдағы магнит ағыны , ток -ге өзгергенде магнит ағыны -ге өзгереді. Бірақ та магнит ағынын -ге өзгерту үшін жұмыс жасау керек. Сонда магнит ағынын тудыруға жұмсалатын жұмыс
Сондықтан контурдағы магнит өрісі энергиясы
Достарыңызбен бөлісу: |