Тақырып: Митоз,мейоз Орындаған: Рахмет Даимр Топ: Агр-22/1



бет3/4
Дата12.10.2023
өлшемі80.99 Kb.
#480611
1   2   3   4
Рахмет Дамир

Хромосомалардың саны
Бәр түр екінші түрден хромосомалар санына байланысты ажыратылады. Әр түрдің хромосомаларында сол түрдің тұқым қуалау қасиеттерін сақтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір түрдің ядросындағы хромосомалардың толық жиынтығын диплоидты деп, ал оның жартысын гаплоидты жиынтық деп атайды. Адамның 46 хромосомасы бірігіп, 23 жұп түзеді.
Сомалық(дене) жасушалардың ядросында диплоидты(қосарлы) хромосомалар, ал жыныс жасушаларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығы сақталады. Әр түрдің хромосомалары пішіні, саны бірінші реттік және екінші реттік үзбелердің орналасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болады.
Мейоз-(гр. меіосіс — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді.
Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді.
Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды.
Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады.

Лептотенаға-(жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады.
Пахитена сатысында-(жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет