9.2. Несие беру және қайтару есебі
Несие беру туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу немесе ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің қолымен куәландырылған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішікі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
-несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу;
-бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекенжайына төленеді (төлем тек бағалы заттарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес құжатты банке көрсеткеннен кейін орындалады);
-аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;
-қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
-қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
-қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
басқа да жолдармен.
Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспонденттік шоттар құрылады:
Дт 1411,1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
КТ 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа кеіп түседі-«Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» (7229). Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:
Дт 1411, «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»
КТ 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:
Дт 1411,1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
Сонымен бірге бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады. Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1411, «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»
Шетел валютасында берілген несиені қайтарғанда:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
Бір уақытта теңгемен берілген:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»
Кт 1411, «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»
Клиент қарыздың негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:
Дт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»
КТ 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».
Болашақта клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде:
ДТ 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».
Егер клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылса, онда банк оның қарыздарына тосқауыл қояды.
Дт 1427 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі»
Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».
Тосқауыл қойылған қарыз бойынша пайызды есептеу тоқтатылды.
Клиенттің тосқауыл қойылған берешегі қайтарылған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».
Несие беру туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу немесе ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің қолымен куәландырылған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |