«smart
қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart
технологиясын
өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. SMART
фон, SMART
қала немесе SMART құрылғы сияқты бүгінде xалық арасында
жиі
қолданылып жүрген сөздердің шығуы осы өндіруші мемлекеттермен
ты
ғыз байланысты. Ал Қазақстан дамушы мемлекет ретінде, аталмыш
жа
ңалықтарды игеріп, тәжірибесін арттыруда. Ең басты алға қойылған
ма
қсат - барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, xалық игілігіне
айналдыру. Осы ма
қсатта көптеген жұмыстар атқарылуда.
Тіптен қазіргі заманғы білім беруді дамыту үшін адами капиталдың әсері
жеткіліксіз. Білім беру ортасын алмастырып қана қоймай, еңбек
ресурстарының, яғни көлемін арттыру ғана емес, оның мазмұнын,
әдістерін, құралдары мен ортасын сапалы түрде өзгерту қажет. Сонда ғана
білікті кадрларды әзірлеп шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін жаппай смарт
теxнологияларға көшу қажеттілігі туады. Қажеттілікті тудыратын да, оны
қанағаттандыратын да - қоғам.
Қалада "ақылды" технологияларды енгізу мемлекет пен бизнес тарапынан
да, тұтынушы тарапынан да айтарлықтай қаржылық шығындарды талап
етеді. "Ақылды" технологияларды енгізу үшін нормативтік базаны
қалыптастыру қажет. Соның негізінде жоғары білім беретін мекемелерден
бастап жұмыс жасаған жөн. Себебі, жастар тез қабылдағыш келеді, сонда
қорытынды нәтиже алу оңайға түседі.
Білім беру бөлігіндегі Smart тұжырымдамасы ақылды тақта, экрандар, әлемнің кез келген
нүктесінен интернетке кіру сияқты заманауи технологиялардың пайда болуына әкеледі. Осы
технологиялардың әрқайсысы контентті әзірлеу, оны жеткізу және өзектендіру процесін
жаңаша құруға мүмкіндік береді. Оқыту тек аудиторияда ғана емес, үйде де, кез- келген жерде
де мүмкін болады. Білім беру процесін байланыстыратын негізгі элемент - белсенді білім беру
контенті болып табылады,оның негізінде уақыт пен кеңістік шектерін алып тастауға мүмкіндік
беретін бірыңғай репозиториялар құрылады. Интерактивті тақталарда жұмыс істеу кезінде
білім алушылардың назарын аудару оңайға соғады, оқу материалдарын тез қабылдайды.
Нәтижесінде әрбір студенттің оқу үлгерімі артады. Смарт теxнологиялардың қалыпты өмір
жағдайына сіңісіп кетуіне муниципалды және жоғары білім беретін оқу ордаларында
өткізілетін "информатика", "АҚТ" сияқты пәндер негіз бола алады.
« S M A R T» терминіні
ң абревиатурасы:
Достарыңызбен бөлісу: |