Тақырып рr – қоғаммен байланыс ұғымы



бет2/2
Дата17.01.2022
өлшемі31.95 Kb.
#454609
1   2
Дәріс 1

Имиджмейкинг (ағылшынның image – бейне жəне making – жа- сау, өндіру деген сөздерінен туындайды) – менеджменттің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғаммен байланыстың бұл түрінің басты міндеті - қайсыбір ұйымның, басшының бейнесін жұртшылық топтары үшін жағымды кейіпте мүсіндеу.

РR-брендинг (бренд-сауда маркасы) – бұқара санасына сараланған сөздерді, танымал символдарды, мəн-мағыналарды сы- налап енгізу үрдісі, осы арқылы қоғаммен байланыс субьектісінің алға қойған мақсаттарына қарай адамдардыбіріктіріп, топтастыруға немесе керісінше, қарсыласушы, бəсекелес топтарға бөліп, ажыратуға болады. Басқаша айтқанда, бренд дегеніміз белгілі бір сөз саптау үрдісі бойынша адамдардың қандай да бір жұртшылық топтарына қатыстылығын айқындауға мүмкіндік беретін өзіндік бір анықтауыш болып табылады.

Медиа-рилейшнз – мақсатты аудиторияларға компанияның не- месе ұйымның қызметі туралы ақпараттық хабарламалар жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен білікті түрде жұмыс істеу үрдісі.

Кикілжіңдерді реттеу айырықша біліктілік пен машықты та- лап етеді. Қоғаммен байланыстың бұл түрі бəсекелес ортада текетірес пен шиеленісті бəсеңдетудің жолдары мен əдіс-амалдарын іздестіруді мақсат тұтады.

Лоббилік қызмет лобби жасаушы топтың мүдделеріне орай шешім қабылдату мақсатымен мемлекеттік лауазымды тұлғаларға ықпал етуге бағытталады, бұл қызметке қоғаммен байланыстың бүкіл белгілері тəн болғандықтан, ол РR-дың бір түрі болып та- былады.

Қоғаммен байланыстың əрбір түрінің ауқымындағыміндеттерді шешу түрлі салалардағы мамандардың күш-жігер біріктіруін талап етеді. Мəселен, имиджді қалыптастыруға аналитик-ғалымдар, пси- хологтар, визажистер, спичрайтерлер, əлеуметтанушылар, көпшілік акцияларды ұйымдастырушылар, жарнамашылар атсалысады. Осындай функционалдық еңбек бөлінісі қоғаммен байланыстың барлық түрлеріне тəн. Ал осындай саралау нəтижесінде қоғаммен байланыс ауқымында тар шеңбердегі функционалдық міндеттерді орындайтын, арнайы білімі, машығы бар мамандар пайда болды.

Қазіргі таңда қоғаммен байланыс ауқымындағы еңбек бөлінісі мына төмендегідей негізгі қызмет түрлерінің өмірге келуіне түрткі болды:



  • РR-науқандарды аналитикалық қамтамасыз ету. Қызметтің бұл түрімен ең алдымен аналитиктер, əлеуметтанушылар, пси- хологтар айналысады. Олар басқарушылық əсер ету объектісі болып табылатын жұртшылық топтарының көңіл-күйін, райын, құндылық бағдарларын зерделейді, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси ахуалды зерттеп, қандай да бір РR науқанына тікелей басшылық жасайтын менеджерлер үшін нұсқамалар əзірлейді;

  • рекламистика – жарнама науқанының тұжырымдамасын түзіп, жұртшылық топтарын құлақтандыруға, көпшілік сана- сына белгілі бір бейне-образдарды сіңіруге жəне олардың бой- ында басқару субъектісінің мақсаттарына сай келетін иланым- сенімдерді қалыптастыруға қажетті əртүрлі жарнамалық өнімдер жасауды білдіретін қызмет түрі;

  • медиа-жоспарлау, яғни жарнаманы, өзге де ақпараттық мате- риалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жоспа- рын түзу;

  • имиджмейкинг, сөздің қысқа мағынасында топ-менеджерлер образы мен мінез-құлқын жағымды ету мақсатында РR- кеңесшілердің олармен мақсатты жұмыс істеуі;

  • спичрайтинг немесе басқарудың жоғары буыны үшін сөйлейтін сөз мəтінін жазу.

РR қызметі түрлерінің бұл келтірілген тізімін толық деуге болмайды. Қазіргі таңда ньюсмейкер, веб-дизайнер сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сөйтіп, қоғаммен байланыс сараланып қана қоймай, сондай-ақ кəсіби белгілер бойынша да өрісін жая түсуде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет