Тақырып: Симпсон индексін талдаудың статистикалық әдісін қолдана отырып, аймақтың экожүйелерінің жағдайын зерттеу



бет7/10
Дата24.11.2022
өлшемі0.53 Mb.
#465709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7.10-ресурсы. ҚМЖ Симпсон индексі

(Бейнені талқылау)

Мәтінді оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: Байлық пен біркелкілік неге биоәртүрліліктің құрамдас бөлігі болып табылады?

7-слайд

Математика мұғалімі 8-17-слайд

1.Екі жергілікті қауымдастықтың биоәртүрлілігін талдау үшін статистикалық әдістерді қолдануға болады, мысалы: Симпсон индексі.

2.Белгілеуді анықтай отырып, тақтаға Симпсон индексінің формуласын жазады.

3.Мысал Симпсон биоәртүрлілік индексін қолдана отырып, екі жергілікті қауымдастықтың биоәртүрлілігін қалай дұрыс талдауға болатындығын көрсетеді.

4. 1-інші және 2-нші үлгідегі кестелерді толтырады және екі кесте үшін Симпсон индексін есептейді.

5. Екі учаскені салыстыра отырып, қай учаске молшылық, қайсысы біркелкі екенін анықтайды.

Биология мұғалімі 18-21-слайд

Оқушылар мәтінді оқып, мына сұраққа жауап беруі керек: Түрлердің жоғары әртүрлілігі нені білдіреді?


Бекіту (Жұмыс дәптері)
Практикалық жұмыс: «Дала жағдайындағы экожүйені зерттеу»
Тапсырма:

Оқушылар зертханалық жағдайда кездейсоқ іріктеу, деректерді жинау, деректерді ұйымдастыру және Симпсон әртүрлілік индексін есептеу тәжірибесінен өтеді.


Материалдар:
1. Кәмпиттердің бес түрі: Түймедақ желе, Арман-бақбақ, Раушан-бөріқарақат, Перизат-шегіргүл, Тал-тал.
2. Өлшеу таспасы / сызғыш
3. Ақ бор / маркер
4. Үлестірме материал – жұмыс парағы
5. Қарындаш / қалам
Процедуралар
1. Оқушылар төрт-төрттен 5 топқа орналастырылады
2. Оқушылар кестеде көрсетілгендей (жұмыс дәптері) ортасында квадраттары бар бір үлкен шаршының суретін жерге салады
Әрбір ішкі шаршы бірдей өлшемде болуы керек.
1. Мұғалім квадраттың бүкіл аумағына кәмпиттер таратады
2. Оқушылардың әр тобы кездейсоқ таңдау үшін 4 квадратты таңдайды. Әр команда кездейсоқ квадратты анықтау үшін стратегия қолдануы керек.
3. 4 ішкі квадратты таңдағаннан кейін, олар кәмпиттердің әр түрі үшін сандарды жинақтай алады (бұл жағдайда)
4. Оқушылар есептеу үшін келесі кестені пайдаланады
5. Кестені толтырып, Симпсон индексін есептейді.
6. Сұрақтарға жауап береді
7. Алынған деректерді кестеге енгізеді
8. Графикті түсіндіреді және талдайды
Бағалайды – мұғалім
Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар – Симпсон индексін қолдана отырып, екі түрлі бөлімдегі зерттеулерді талдайды, қоршаған ортаның тұрақты дамуын анықтайтын экожүйенің молшылығы мен біркелкілігін есептейді. Оқушылар Симпсон индексінің көмегімен биоәртүрлілікті талдаудың ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына қаншалықты көмектесетінін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет