тақырып: Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. сағат


Тәжірибелік сабақтар№2 Тақырып:Мектептің тәрбиелік жүйесі: сипаттамасы, құрылымы, қағидалары негізгі компоненттері және олардың өзара әрекеттестігі



бет4/7
Дата09.10.2023
өлшемі46.97 Kb.
#480135
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Теория и методика воспитательной работы в начальной школе (1)

Тәжірибелік сабақтар№2 Тақырып:Мектептің тәрбиелік жүйесі: сипаттамасы, құрылымы, қағидалары негізгі компоненттері және олардың өзара әрекеттестігі.


Мақсаты: Студенттердің тәрбие жүйесінің құрамалары жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар: «Тәрбиелік жүйе» ұғымына түсінік. Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдық, функционалдылық, интегративтілік. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, олардың өзара әрекеттестігі. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.
Тапсырма: ақпарат жинақтап презентация дайындау
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Әдебиеттерге шолу жасайды.Презентация дегеніміз қандайда бір мәліметтерді баяндау құжаттар кешені. Презентация жалпы берілген тақырыпты қолайлы әрі түсінікті жеткізу тәсілі болып табылады. Презентация бір мақсатқа бағытталған, бір ойды білдіретін түрлі компьютерлік анимациалардан, видеолардан, графикалардын және музыкадан құрылады.
Презентация құрастыру талаптары:
а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады;
б) слайдтар саны 10-15 кем болмау керек;
в) презентациялық слайдтарға үлкен мәтіндер жазыуға болмайды, жеңіл қабылданатындай және сауатты жасалынуы керек;
г) соңғы слайдта библиография көрсетілуі қажет.
Есеп беру формасы: презентация

3-Тақырып:Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі.


Қысқаша мазмұны: «Тәрбиелік іс-әрекет», «тәрбие жұмысы» ұғымдарының көптүрлілігі және оларды жүйелеу. Қазіргі заманғы мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
Тәрбие жұмысының максаты, міндеттері, атқаратын қызметтері. Қазакстанның қазіргі заманғы жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялык басымдылықтары: интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, еңбек, кәсіптік бағдар, физикалық, экологиялық. экономикалық, денсаулық сақтау, қазакстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты калыптастыру.
Сынып жетекшісінің іс-әрекеті қазіргі заманғы тәрбиенің нәтижелі шарттарының бірі. Сынып жетекшісінің аткаратын қызметтері мен іс- әрекетінің түрлері.
Сынып жетекшісінің окушыларды тәрбиенің жекеленуін, тұлғалык- бағдарлық тұрғыларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, қоғамның ашық кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу мен білім бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі.
Педагогикалык рефлексия - сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.
Негізгі ұғымдар: нәтижелілік, сынып жетекшісі, қызметтері, біліктілік, педагогикалық ұжым, дәстүрлі және дәстүрлі емес формалар, жекеленуді педагогикалық талдау.
Сынып жетекшісін мектеп мүдірі тәжірибесі мол және беделді мұғалімдермен тағайындайды. Ол балалардың тұрмысын ұйымдастыруға, ұжымды тәрбиелеуге және қалыптастыруға, сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайына жауап береді. Оқушылардың тәрбиешісі ретінде сынып жетекшісі олардың жан-жақты дамуы туралы, оларда еңбек сүйгіштікті тәрбиелеу жөнінде, білім сапасын жақсарту және сыныптағы тәртіп пен ұқыптылықты нығайту туралы қамқорлық көрсетеді. Бұл жұмыстың бәрін ол өз бетінше емес, реси, қызмет адамы ретінде жүзеге асырады.Ол мектеп әкімшілігі мен халыққа білім беру органдарының алдында өзіне тапсырылған сыныптағы тәрбие жұмысының идеялық-саяси бағыты үшін, мазмұны мен ұйымдастырылуы үшін жауап береді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері жалпы білім беретін орта меткптердің ережелеріне тұжырымдалған. Оның қызметінде идеялық-тәрбие, ұйымдастыру және әкімшілік міндеттері ұштасқан. Барлық осы міндеттердің етене бірлігі мен дұрыс ұштасуы жағдайында ғана күрделі әр жауапты тәрбие міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етуге болады.
Сынып жетекшісінің жұмысында идеялық- тәрбие қызметі жетекші болып табылады. Бірқатар жылдар бойына оқушылардың тұрақты құрамымен жұмыс істей отырып, ол сынып ұжымын топтастыру мен тәрбиелеуге бағытталған күш-жігерін әр оқушымен ойластырылған жеке жұмыс жүргізумен ұштастыра алады. Алайда оқушылардың бас тәрбиешісі ретінде,ол тәрбие жұмысын жалғыз емес, қайта бүкіл педагогикалық ұжыммен, мектептен тыс мекемелер, жанұя және жұртшылықпен бірге жүзеге асырады. Осы сан алуан тәрбие қызметін үйлестіру, оған ұйымдастыру сипатын беру, жалпы жоспарға бағындыру көбінесе сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметіне байланысты. Оның беделін арттыруға және идеялық-тәрбие, ұйымдастырушылық міндетін ойдағыдай жүзеге асыруына оқушылар жөніндегі әкімшілік құқықтары жағдай туғызады. Бұл оның тәрбие жұмыстарының жағдайы мен нәтижесіне деген жауапкершілігін арттырады.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті- оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға топтастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мәселелері, білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды. Ол тәрбие құралдарына (оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынасты тәрбиелеу, оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібін сақтауға үйрету және т.б.) сүйене отырып, сапасын арттыруда мұғалімдерге көмектеседі.
Әр сыныпта оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды басшылыққа алуға, оларға жеке қатынас жасауға тиіс мұғалімдердің белгілі ұжымы жұмыс жүргізеді. Бұл ұжымның ұйымдастырушысы да, дем берушісі де сынып жетекшісі болып табылады. Ол мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін зерттейді, олардың оқушыларға деген талаптарымен және қарым-қатынастарымен танысады, жеке оқушылардың мінез-құлқы жайлы, оларға ықпал етудің әдістері туралы пікір алысады. Мұғалімдердің тәрбиелік қызметін біріктіру мен бағыттау- оның ең маңызды міндеті.
Сынып жетекшісі- педагогикалық ұжымның мүшесі. Ол бүкіл ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарынжалғыз өзі емес, мектеп мүдірі мен оның орынбасарларының басшылығымен, басқа мұғалімдермен тығыз байланыста жүргізеді. Мұғалімдердің кеңестерінде сабақта және сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері келісіледі.
Басқа мұғалімдерге қарағанда сынып жетекшісі оқушылармен көбірек араласады. Оның шәкірттермен қарым-қатынасын қоңырау үні бөліп кете алмайды. Ол сабақтан кейін де сынып ұжымының өмірі мен қызметін ұйымдастырушы ролін жалғастыра береді. Оның тәрбиешілік қызметінің табысты болуы көбіне ата-аналармен тығыз ынтымағына байланысты. Бұл мектеп пен жанұя тәрбиесінің бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сынып жетекшісінің тәрбиешілік қызметі мектеп шеңберімен шектеліп қалмайды. Ол тек жанұямен ғана емес, сонымен бірге мектепті қамқорлыққа алған кәсіпорындармен тығыз байланыс жасайды, тұрған жері бойынша оқушыларды тәрбиелеуді ұйымдастыруға, мектептегі сабақтардан кейін үлкендердің қарауынсыз қалатын мектеп оқушыларының бақылаусыздығын болдырмауға көмектеседі.
Сынып жетекшісінің тәрбиешілік қызметі кең әрі сан қырлы. Алайда одан мектеп әкімшілігі жасағуға тиіс жұмысты талап етуге болмайды.
Мектеп мүдірі сынып жетекшілеріне үлкен көмек көрсетеді. Ол сынып жетекшілері методикалық бірлестігінің жұмысын басқарады, олардың мамандығы мен педагогикалық шеберлігін арттыруға қажетті жағдай жасайды. Мүдір олардың жұмыс жоспарын бекітеді және оның барысы мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асырады. Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарын бағыттай отырып, мектеп мүдірі өзін-өзі басқарудың жалпы мектептік және сыныптық органдарының арасындағы, сынып жетекшілері мен бүкіл мектеп көлеміндегі тәрбие жұмыстарының жеке бөлімдеріне жауапты педагогтар арасындағы қажетті өзара байланысқа қол жеткізу ге күш салады. Ол оқушылар ата-аналарының арасында педагогикалық білімдерді насихаттауға көмектеседі және тікелей араласады. Ата-аналар комитетінің жұмысын бағыттай отырып, мектеп мүдірі сыныптар бойынша ата-аналар белсенділерінің қызметін ұйымдастыруға сынып жетекшілеріне қажетті көмек көрсетеді. Мектепке бекітілген дәрігермен, басқа да медицина қызметкерлерімен бірге және өзінің шаруашылық жөніндегі орынбасарымен мектеп мүдірі сынып бөлмелерінде немесе сыныпқа бекітіліп берілген бөлмелерде санитарлық-гигиеналық режимді қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайды. Дара басшы ретінде мектеп мүдірінің жарлығы сынып жетекшілері үшін сөзсіз әрі міндетті болып табылады. Оларды тек аудандық не қалалық оқу бөлімі бұза алады. Мектеп жарлығы (устав) мен ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сынып жетекшілерінің міндет ауқымын белгілей отырып, мүдір оларды түрлі тапсырмалармен бастырмалатуға жол бермеуге талпынады.
Мектеп оқушысының жеке өзі ең алдымен бастауыш ұжымда- сыныпта,ұйымда, үйірмеде қалыптасады. Алайда тәрбие процесі сынып көлемінде шектелмейді. Жеке адамға өзінің дәстүрлерімен және қоғамдық пайдалы істермен жалпы мектеп ұжымы зор ықпал етеді. Онда түрлі жастағы оқушылар өзара араласады. Сондықтан сынып жетекшісі өз тәрбиелеушілерін жалпы мектептік істерге тартуға талпынады.Ол оқушыларды жалпы белсенділікке, оқушылардың өзін-өзі басқару органдары, үйірмелерге қатысуға ықпал етеді.
Сынып жетекшілеріне сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы елеулі методикалық көмек көрсетеді. Ол сабақтан тыс қоғамдық-саяси және қоғамдық-еңбек қызметі процесінде оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша нұсқаулар береді. «Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы туралы» методикалық хатта атап көрсеткендей, ол сынып жетекшісі арқылы сынып ұжымдарын мектепте өткізілетін қоғамдық пайдалы істерге тартады. Бұған белгіленетін жалпы мектептік барлық шаралар туралы жолға жақсы қойылған хабарлар көмегі арқылы қол жеткізеді. Сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, оқушылар белсенділерінің көмегіне сүйене отырып, ұйымдастырушы жан-жақты сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты жолға қояды, сыныптарда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілеріне, оқушылар белсенділеріне қажетті методикалық көмек көрсетеді. Ұйымдастырушы оқушылардың сан қырлы шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін және олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін мектептен тыс тәрбие мекемелерімен жұртшылықты пайдалануға байланысты сынып жетекшілерінің жұмысын бағыттап отырады.
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайы үшін сынып жетекшісінің жауапкершілігі зор, бірақ бұл жауапкершіліктен басқа мұғалімдер де тыс қала алмайды. Әр мұғалім тәрбие мен оқыту сапасына, тәртіп жағдайына жауап береді. Ол ұқыпсыз және тәртіпсіз мектеп оқушыларына немқұрайды қарай алмайды. Сондықтан да жалпы білім беретін орта мектептердің тәртібінде (устав) сынып жетекшісі оқушылармен жұмысты басқа мұғалімдермен, арнайы құрылған ұйымдармен тығыз бірлікте жүргізеді деп тегіннен-тегін атап көрсетілмеген.
Тәрбие қызметіндегі сынып жетекшісінің табысы көбіне оның сыныбында жұмыс істейтін мұғалімдермен дұрыс қарым-қатынасқа байланысты. Мектеп жарлығында (устав) мұғалім тек оқытудың ғана емес, сонымен бірге жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің құрметті және әрі жауапты міндеттерін де орындайды деп атап көрсетілген. Ол оқу процесінде оқушылардың тәрбиесіне, сондай-ақ оған тапсырылған сыныптан тыс шараларға да жауап береді. Өздерінің сабақтарындағы тәртіп пен ұқыптылыққа, қойылған талаптарды оқушылардың орындауына ең алдымен мұғалімнің өзі жауап береді. Сынып жетекшісі қажет жағдайда ғана жеке оқушыға қай қырынан келу керек екендігі жөнінде мұғалімге кеңес береді, мұғаліммен бірге ол сыныпта түсінік жұмыстарын жүргізеді, ал кейде ата-аналармен әңгімелер өткізеді. Алайда ол күнделікті тәрбие жұмыстарын жүргізгенде, оның сыныбында жұмыс істейтін мұғалімдерді ауыстыра алмайды.
Мектеп жарғысында (устав), сондай-ақ сынып жетекшісінің сынып бойынша белгіленген документтерді жүргізетіні көрсетілген, мектеп басшыларына оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы және тәртібі жөнінде мәліметтерді дайындап береді, олардың күнделік жүргізуін тексереді.
Жақсы сынып жетекшісі болу оңай емес..Бірақ өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған, жоғары моральдық қасиеттері болған жағдайда әр мұғалім бұған лайық. Еңбектегі істері, қызықты экскурциялар мен жорықтар, мектептегі кештер мен көңілді жаңа жылдық шырша кештері, өздерін толғандырған мәселелер бойынша жарқын баяндамалар, дебаттар, қызу диспуттар мектеп оқушыларының ойына жиі орала береді. Сынып жетекшісіне айтылған сырлар да, қиын сәттердегі оның достық көмегі де ұмытылмайды. Көптеген оқушылар мектепті бітіргеннен кейін де өздерінің сүйікті сынып жетекшілерімен байланыстарын үзбейді, өздерінің қуаныш-күйініштерін, еңбектегі жеке өміріндегі жетістіктері мен табыстарын айтып, ортақтасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет