Тақырып Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер



жүктеу 471.75 Kb.
бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі471.75 Kb.
  1   2   3
Тақырып 5. Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер

Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi

1. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртібін түсiндiредi.

2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.

3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.

4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.

5. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы.

6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он үшінші бөліктерінде, 230, 233-баптарында көзделген тергеу іс-әрекеттерін жүргізген кезде куәгерлерді тарту міндетті болады.



Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі.

Барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісе отырып айқындайды.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы

1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.

2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.

3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi; тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.

5. Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.

6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 126-бабының сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң көшiрме бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.

8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.

9. Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған шешiмнiң себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталатын конвертке салынып, желiмделедi, оның iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.



Тінту және алу

     Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелрді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады.

Тінту дегеніміз іске маңызы бар заттарды тауып алу мақсатында үй-жайды, қора-ауланы, көлік құралдарын және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде қарауға, сондай-ақ тергеуден бой тасалап жүргендер мен мәйіттерді табуға бағытталған тергеу әрекеті.

Тінтудің заңдылық кепілдіктері:

–       тінтудің дәлелділігі, яғни оны жүргізуге негіз жеткілікті;

–       қарау әрекетін криминалистикалық талаптар мен адамгершілік қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізу;

–       тінту нәтижелері мен барысын процессуалдық және тактикалық талаптарды сақтай отырып толтыру.

Тінту жүргізудің сатылары: алдын-ала, шолушылық, егжей-тегжейлік, соңғы.

Тінту жүргізу кезінде негативтік жағдайларға да көңіл аудару қажет (өмір сүру ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс-тұрысына). Оларға жататындар:

–       әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны;

–       тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың сәйкес келмеуі;

–       табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа зат түрімен бүркемеленген);

–       бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеті, олардың белгісіз мақсаты;

–       қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б.);

–       мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы, тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау барысында ерекше қызбалық таныту және т.б.

Тінту барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар:

–       металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын магниттік іздегіш-көтергіштер;

–       іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін қолданылатын акустикалық анализаторлар, стетоскоптар;

–       жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін қолданылатын газды анализаторлар;

–       температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді (адам, жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар, тепловизорлар;

–       қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген құрылғылары;

–       көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын телевизиондық құрылғылар;

–       ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар, радиотолқындық аспаптар және басқалар.

Осы тергеу әрекетінің соңғы сатысы – жүргізу барысы мен оның нәтижелерін бекіту.

Негізгі және қажетті бекіту құралы ретінде тінту хаттамасын толтыру жүреді. Тінту барысы мен оның нәтижелерін бекітудің қосымша құралы ретінде жоспар, сұлба, сызба, фотоға түсіру және бейне жазу жүреді. Кейінгісі құпиялы жерлер мен бүркемеленген объектілердің сақтау орны табылған кезде қоданылса көп нәтиже береді.

Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да бір адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу әрекеті. Аталмыш тергеу әрекеті заттар  мен басқа да объектілердің біреуде тығылып жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі.

Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған заттардың өзі және жатқан орны белгілі болғандықтан, тінтудегідей іздеу процесінің элементтері жоқ. Сонымен қатар егер тінту әрекетін жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордың санкциясын қажет етсе, алуды жүргізу үшін тергеуші немесе анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді қаулысы жеткілікті.

Жауап алу хаттамасы

1. Жауап алудың барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып жасалған хаттамада көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Ондағы сұрақтар мен жауаптар жауап алу кезіндегі ретi бойынша жазылады. Хаттамада жауап алуға қатысқан адамдардың тергеушi қабылдамаған сұрақтары да немесе жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтар да, оларды қабылдамаудың немесе олардан бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, көрiнiс табуға тиiс.

2. Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық жағдайы, жұмыс орны, жұмысының түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-жайы бойынша қажет болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу хаттамасында бұрын сотталғаны немесе сотталмағаны туралы көрсетiледi. Бұдан кейiнгi жауап алуларда жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның аты-жөнiн көрсетумен шектеуге болады.

3. Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету, хаттамаларды жариялау және тергеу iс-әрекеттерiнiң дыбыс және бейнежазбаларын, киноға түсiрiлуiн, сондай-ақ осыған байланысты жауап алынушы берген айғақтарды көрсету мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.

4. Жауап алынып отырған адам тергеу iс-әрекетi барысында схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiгiлiп, хаттамада ол туралы белгi қойылады.

5. Еркiн баяндаудан кейiн жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынатын адам өз қолымен жазып, оған қол қойғаннан кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя алады.

6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi бойынша дауыстап оқылады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу туралы талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.

7. Айғақтармен таныстыру фактiсi және олардың дұрыс жазылғанын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда тергеушi бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.

8. Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе өзге себептерге байланысты хаттамаға өзi қол қоя алмайтын болса, оның өтiнiшi бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

9. Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол да хаттаманың әрбiр бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.

10. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетiледi. Олардың әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс.



Тақырып 6. Анықтау және алдын ала тергеуді аяқтаудың процессуалдық актілері

Алдын ала тергеудiң аяқталуы

Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.

Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту

1. Қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi дәлелдемелер болған кезде тергеушi адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi қаулы шығарады.

2. Тергеушi айыпталушыға айып тағылған күн туралы хабарлайды және сонымен бiр мезгiлде оған қорғаушыны шақыру не тергеушiден қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтiну құқығы түсiндiрiледi.

3. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес айып тағу кезiнде қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылатын iстер бойынша тергеушi, егер қорғаушыны айыпталушының өзi, оның заңды өкiлi не оның тапсырмасы немесе келісімi бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады.

Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы

1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған; айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, оның туған күнi, айы, жылы және жерi;

2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың оның жасалған уақыты, орны көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).

2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыстық заңның әрбiр бабы (бөлiктер, тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге тиiс.

3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы шешiм болуға тиiс.

4. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

Қылмыстық iстi қысқарту

1. Қылмыстық iс осы Кодекстiң 37, 38-баптарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қысқартады.

2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi.

3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң ескіруi шегiнде жаңартылады.

4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

 

Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату тәртiбi



1. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған негiздер бойынша тоқтатылады.

2. Қылмыстық қудалауды тоқтатуды осы Кодекстiң 128-бабында белгiленген қағидаларды сақтап, дәлелдемелердi бағалағаннан кейiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган жүзеге асырады.

3. Күдіктiге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда iс жүргiзу осы Кодекстiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша жалғастырылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.

4. Қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешiм күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты ғана қабылдана алады. Осы қылмыстық iс бойынша күдікті немесе айыпталушы деп танылмаған адамдарға қатысты қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.

 

Іс жүргiзуді болдырмайтын жағдайлар



1. Қылмыстық iс қозғауға болмайтын, ал қозғалған қылмыстық iс тоқтатылуға тиiс жағдайлар:

1) қылмыс оқиғасы болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары;

4) мерзiмiнiң ескіруiне байланысты;

5) осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 34-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы;

6) жеке айыптаушының - осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;

7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

10) артықшылықтары немесе қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;

11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.

2. Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылады.

3. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылатын не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3, 4 және 11-тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға не қылмыстық істі тоқтатуға, егер өтініш беруші ол адамды қылмыс жасаған адам ретінде тікелей көрсетсе, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері бұған қарсылық бiлдiрсе де, жол берiлмейдi. Бұл жағдайда iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады.



Осы баптың бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 11-тармақтарында аталған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қылмыс жасаудан зардап шеккен адамның немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.

Қылмыстық істі тоқтату бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғады.

4-1. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында аталған негiз бойынша қабылдануға тиiс. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа жетсе де, психикалық науқаспен байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толығымен түйсіне алмаған және оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм дәл осы негiз бойынша қабылдануы тиiс.

5. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы.

6. Сотта қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.

7. Қылмыстық iзге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

8. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған не қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған кезде адамның іс-әрекеттерінде әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болғанда он күн ішінде құзыретті органдарға әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберуге міндетті.

 

Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар



1. Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65, 66-баптарында, 67-бабының екінші бөлігінде және 68-бабында, сондай-ақ 373, 375 - 378, 381-баптарының ескертулерінде көзделген жағдайларда адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға не қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбірленушімен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.

2. Сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қылмыстық iзiне түсуден бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық iзге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық iстiң материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық iзiне түсудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.

3. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (сезiктiге) iстi қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша оны қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс.

4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы жәбірленушіге және оның өкіліне хабарланады, олар қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.

 

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет