Тайғақ жолда автомобильдің басқарымдылығы жақсарды


АМО жүйесіндегі адам мен машинаның салыстырмалы көрсеткіштері



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі1.47 Mb.
#124365
1   2   3   4   5

АМО жүйесіндегі адам мен машинаның салыстырмалы көрсеткіштері


Адамның машинадан асып кететін көрсеткіштері

Машинаның адамнан асып кететін көрсеткіштері

Өте төмен энергетикалық деңгейі бар пайдалы белгілерді табу.

Стимулдардың өте кең диапазонына сезімталдық.

Образды (кейіпті) тану және олардың талдап қорытылуы.

Жоғары деңгейдегі шудың белгілерін (сигналын) табу.

Көп мөлшердегі ақпаратты ұзақ уақыт бойы сақтау қабілеттілігі және керек кезде пайдалы мағлұматтарды еске түсіру.

Оқиғалар туралы толық емес ақпарат кезіндегі пікірге салу қабілеттілігі.

Адамның сезімталдығынан асып кеткен, стимулға сезімталдық. (инфра қызыл сәулелену, радио толқындары және т.б.)

Болу- болмауы екіталай, ойламаған жерде болатын оқиғаларды сезу қабілеттілігі.

Проблемаларды шешудегі түп нұсқалықтың өрінуі.

Бұрынғы өткентәжрибені ескеру қабілеттілігі және әрекеттің тәсілін ауыстыру.

Ойламай болған оқиғалардағы, өте нәзік операцияларды орындау қабілеттілігі.

Әрекеттенуді жалғастыру қабілеттілігі тіпті, жүктеу кезінде де.



Алдын-ала сақтандыру (қалай адам сияқты болса, солай машинаны).

Біртүрлі өте нақтылы операцияларды орындау.

Басқарушы белгілерін өте жылдам сезіну қабілеттілігі.

Бір қалыпты-жатық және дәлме-дәл күш салу.

Қысқа мерзімді кезеңдер ішіндегі көп мөлшердегі ақпаратты сақтау және пайдалану.

Күрделі есептеулерді тез және үлкен дәлдікпен орындау.

Адамның сезімталдығынан асып кеткен, стимулға сезімталдық.

(инфра қызыл сәулелену, радио толқындары және т.б.)

Әртүрлі әрекеттерді бір мезетте орындау. Дедуктивтік үрдістер.

Бөгде факторлардың көбін сезінбеу. (сезімталдықтың жоқтығы)

Бір түрдегі операцияларды ұзақ уақыт бойына тез және дәлме-дәл қайталау қабілеттілігі.

Адамға зиянды немесе тіптен, төзуге болмайтын жағдайларда әрекеттену.




АМО жүйесін жобалау кезіндегі эргономикалық талаптар мен міндеттер.

АМО жүйесін құрамының жан-жақты эргономикалық негізі, жұмыс орнының компоненттері, және өндірістік ортасы- АМО жүйесін тиімдендірудегі негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Физиологиялық және психофизиологиялық талаптарға, қарастырылып отырған технологиялық үрдістердегі, адамның тиісті жылдамдығын, энергетикалық, көру және басқа да физиологиялық мүмкіндіктерін белгілеу, анықтау, еңбек пен демалыстың қолайлы режимдерін енгізу, ақпараттың көлемін қысқарту, нервтік-сезіну күштерін және физикалық күшті азайту; кәсіптік іріктеу жатады.

Психологиялыққа- бекітілген және қалыптасқан әдеттеріне, еңбек үрдістерінің сәйкестігін анықтау, сонымен қатар, есте сақтау, ойлау және қабылдау мүмкіндіктері жатады.

Антропометрикалыққа және биомеханикалыққа- өлшемімен, пішінімен және адамның ленесінің салмағымен, күшіне және қозғалысының бағытына сәйкес еңбек құралдарын анықтау жатады.

Гигиеналыққа- қолайлы метеорологиялық жағдайларды, ЕҚСЖ, ГОСТ-ң талаптары бойынша, дірілді және шудың деңгейін, жарықтандыруды, қоршаған ортаның тиісті физикалық-химиялық құрамын жасау жатады.

Эстетикалыққа- өндірістік ортадағы және жұмыс орнындағы, таратылатын көркемдік-құрастыру шешімдерін және адамның эстетикалық қажеттіліктеріне қарай анықтау жатады.

Адамның техникамен өзара қарым-қатынасындағы міндеттерді шешу кезінде, еңбектегі әрекеттерді орындау үшін қолайлы жағдай жасауда, эргономикалық өңдеудің ерекше маңызы бар. АМО жүйесін жұмысын талдау, эргономикалық өңдеудің келесі негізгі міндеттерін құрастыруға мүмкіндік жасайды.


        1. Жүйедегі оператордың әрекетін талдау және синтездеу. Талдау кезінде, оператордың мақсаты және оны іске асыру тәсілі бойынша, әрекеттенуін жіктейді, құрылымын оқып-үйренеді, жұмысқа қажетті режимдерді анықтайды және олардың әрекеттенудің нәтижесіне ықпалы. Мәліметтерді синтез жасай отырып, оператордың эргономикалық қасиетіне қойылатын талаптарын анықтайды және олардың жетістіктерге жету жолдарын белгілейді.

        2. Оператор-адамның эргономикалық қасиетін оқып-үйрену. Зерттеудің мақсаты- бұл жүйелердің жұмысын сипаттайтын, көрсеткіштердің қолайлы (тиімді) мәндерін анықтау.

        3. Бұл міндеттерді, оператордың жұмысының жоғарыөнімділігін және барынша қолайлылығымен қамтамасыз етуге арналған, жұмыс орнына тұтас және жекелеген оның элементтеріне қойылатын, талаптарын анықтау жолымен шешеді.

        4. Операторды, кәсіптікіріктеу, оқыту, жаттықтыру және оператор-

лардың ұжымдарын қалыптастыру түрінде , операторларды кәсіби дай-

ындау. Әскери бөлімдерде жобаланған жоғарылатылған жүргіштікті автомобиль жүргізушілері ретінде ӘТМ бітіруші курсанттар ( сержант) алынады.



        1. АМО жүйесін бағалау және эргономикалық жобалау. Бұл міндеттерді шешу кезінде, жобалаудың әрбір кезеңдеріндегі “адамзаттық факторларын” есепке алу кезінде, алдыңғы өткен міндеттердің шешімдерінің нәтижелерін, критерияларын өңдеуді және АМО жүйесін пайдалану және өндірістің эргономикалық бағалау әдістерін пайдаланады.

Техникалық жүйелер, өзара байланысты болуы, тек қана, адам тәрізді, негізгі звеноның болуының арқасында. Істен шығулардың, мысалға алғандағы 20-30 % тікелей немесе жанамалай, оның қателіктерімен байланысты. Олар, дайындықтың деңгейіне, мамандығына немесе тәжрибесіне қарамай-ақ пайда бола береді. Сондықтан, адамның мінез-құлқын есепке алмай, көрсеткіштерді болжау, дәл көрінісін бере алмайды.

АМО жүйесінің негізгі сипаттамасы болып, сенімділік, тез әрекеттенуі және кедергіге орнықтылығы саналады.

Сенімділікпен, адамның, берілген уақыт ішіндегі өзінің жұмысын, қателіксіз және сапалы орындау қабілеттілігі түсініледі. Ол оның күрделілік дәрежесіне, және оның жеке элементтерінің сенімділігіне байланысты болады; жылдың, аптаның, жұмыс күні ішінде тұрақты болып қалмайтын, төзімділігімен және жұмысқа қабілеттілігімен сипатталады. Одан әрі шаршаған сайын, мысалға, ынта қоюы жойыла бастайды, ойлау үрдісі мен реакциясы баяулайды, қозғағыш және басқада мүшелерінің белсенділігі төмендейді. Уақытына қарай өзгеріске ұшырайды: адамның қабылдау қабілеттілігі, хабарды тану және қайтадан өңдеу; шешім қабылдау және оларды өз уақытында жүйенің құрылымында орындау және т.б.

АМО –ң эргономикалық сипаттамасы

Шапшаң (тез) қимылдау, тез әрекеттену деп адам өзінің өндірістік функцияларын, берілген уақыт ішіндегі жұмыстың жекелеген түрлерін орындау қабілеттілігін айтамыз. Оператор көптеген жағдайларда, өз функциясын (жұмысын) уақыттың жетіспеушілігі кезінде орындайды. Сондықтан сәтсіз оқиғалар мен авариялардың, қателіктер мен жаңылыстардың көпшілігі, өндірістік жүйелердегі жұмыс істеушілердің шапшаң қозғалуының жетіспеушілігінен болады.

Адамның шапшаң қозғалуы,- қандай талдағышқа, тітіркендіргіш-белгінің әсер етуінен, оның шамасы қандай және оның фонға қатынасы бойынша қарама-қарсылығына, қандай органмен қозғалысқа келтірілетіндігіне байланысты. Реакцияның латенттік кезеңі (белгінің басталу моментінен, жауап берудің басына дейін), жоғарғы (аяқ-қолы, саусақ), бармақ ұштарымен орындалған, төменгіге қарағанда қысқа болады, ал жетекші қолмен, жетексізге қарағанда қысқа болады. Сонымен бірге, қозғалыстың түрлері де маңызды болып келеді(қысу, орын ауыстыру, айналдыру және т.б.).

Адамның реакциясының уақыты, өзіне ұсынылған хабардың (мөлшеріне) санына байланысты. Адамның жауап беру реакциясы, барынша тез және қателіксіз болу кезінде, қатаң түрде белгіленген, хабардың (мөлшері) саны болады. Жағымсыз ықпал ету, адамның әрекеттену үрдісіндегі ақпаратпен шамадан тыс жүктеу сияқты, және дәл осылай оның кем тиелуін көрсетеді. Сондықтан, оператордың ақпараттық күшінің шегіне жетуі мүмкіндігінің нормалары анықталған, оның жүктелуінің коэффициентімен – Кжүкт. сипатталатын, жұмыс бастылығының кезеңімен- Тжұм.бас.(оның ақпаратты қабылдау бойынша, үздіксіз жұмыс істеуінің уақытымен), жиілік коэффициентімен- Кж және белгілердің кезегінің ұзындығымен- Іб, ақпараттың түсу жылдамдығымен-Уа. Тәжрибеден анықталған: Кжүк.= 0,75; Тж.б=20 мин; К= 0,4; І= 3; Уа= 2.- 4бит/с.

Күштің өте төмен деңгейінде, оператордың көпшілігі, жұмыстың сапасының қолайсыздығымен және тапсырманың қызықсыздығынан және көңілсіздігінен, нәтижесіз жұмыс істейді. Орташа, біркелкі күш кезінде, оператордың жұмыс істеу сапасы, орнықты болып келеді. Күштің келешектегі ұлғаюы кезінде, адамның жұмыс жасауының сапасы, қорқыныштың, стресстің, мазасызданудың салдарынан төмендейді.

Адамның, жұмыс уақытында жоғары жұмыс қабілеттілігін, оған, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің әрдайым әсер етуі кезіндегі, дәлдікті және тез қимылдауды сақтау қабілеттілігі, кедергіге орнықтылық деп аталады. Сыртқы тітіркендіргіштерге, жоғары температура, ойлау үрдістерін бәсеңдетуге қабілетті, көңілін тарқату; қозғалыстың координациясын өзгертуші, қарапайым сенсомоторлы реакциянлардың жасырын кезеңдегі уақытын ұлғайтушы және сіңірінің созылуын азайтушы діріл және т.б. Ал кедергінің ішкісі болып- сигналды (белгіні) дұрыс түсіндірудің салдарынан, әрекеттенудегі кідірістер; ақпараттың жетіспеуінен қате шешім қабылдау; оператор, уақыттың жетіспейтін жағдайларында, өзара жоққа шығару шешімдерінің екіден бірін таңдауға мәжбүр ететін, жағдайлар. Әртүрлі адамдардың, сол бұрынғы, сыртқы және ішкі кедергілерді әртүрлі сезінетіндігі, яғни әртүрлі кедергіге орнықтылығының болуы белгіленген. Жоғары кедергіге орнықтылық, өндіріс пен еңбектің қауіпсіздігінің маңызды факторларының бірі болып есептеледі.

Оператор-адамның әрекеттенуін бағалау және АМО жүйесінің сенімділігі.

Оператордың әрекетін бағалау. Белгіленгендей, оператор-адамның әрекеті, оның тез қозғалуы мен және сенімділігімен сипатталады.

Тез (шапшаң) қозғалудың белгісіне- міндеттерді шешудің уақыты, яғни, оператордың түскен сигналды (белгіні) сезіну моментінен, басқарылатын ықпалдың аяқталу моментіне дейінгі уақыт жатады. Бұл уақыт, адамның ақпаратты қайтадан өзгерту санына тура пропорционал:

Топ = а+bН = а + (Н/Vоп), (1.1)

мұнда а – реакцияның жасырын уақыты, яғни, сигналдың пайда болу моментінен, оған оператордың реакциясына дейін және оның мәні 0,2-0,6 с аралығында болады;

b – ақпараттың бір бірлігін қайта өңдеу уақыты, (0,15-0,35 м);

Н – қайта өңделген ақпараттың саны;

Voп – ақпараттың қайта өңдеудегі орташа жылдамдығы (2- 4 ед/с) немесе істеп шығу қабілеттілігі.

Істеп шығу қабілеттілігін (Voп) уақыт сипаттайды, (соның) қайсының ішінде де оператор, ақпараттың мәнін ұғынады. Ол, оның психологиялық ерекшеліктері, міндеттің түрінен, басқару жүйесінің техникалық және эргономикалық ерекшеліктеріне байланысты болады.
(1.2)

с

Жүргізуші әрекетінің сенімділігін, оның даярлығы, қайта қалпына келтіруімен, мүлтіксіздігімен, дер кезіндегілігімен және дәлдігімен сипатталады.



Мүлтіксіздік – қатесіз жұмыстың болуымен, ықтималдығымен бағаланады, ол жеке тежелудің деңгейіндегідей, дәл солай тұтасымен, (бүтіндей) бағаланады.

j-гі түріндегі тежелудің мүлтіксіз орындаудың Pj ықтималдығы және осы кезде жіберілген, қателіктердің қарқындылығы, тұрақты жұмыс фазасына сәйкес, статикалық мағлұматтардың негізінде анықталады:

Pj = (Nj - Cотj)/Nj . = Cотj /(Nj . Tj) (1.3)

Мұнда Nj, Cотj – j-түріндегі орындалған тежелудің ортақ саны және осы кездегі жіберілген қателіктер саны;

Tj – j- түріндегі тежелуді орындаудың орташа уақыты.

(1.4)
Даярлық коэффициенті оператор-адамды, кез-келген еркін уақыт моменті кезінде жұмысқа қосу ықтималдығын сипаттайды:

Коп = 1- (Тб/Т), (1.5)

рұқсат етеді Тб –адамның өзіне келіп түсетін ақпаратты қабылдай алмайтын аралықтағы, уақыт;

Т – оператор-адамның жұмыс жасауының жалпы уақыты.

Коп = 1- (0,4 /1,3 )=0,693

Дәлдік – оператормен өлшенген, жүйенің сандық параметрінің, өзінің нақты, берілген немесе көрсетілген мәнінен ауытқу деңгейі (дәрежесі). АМО жүйесіндегі оператордың дәлдігі, келесі факторларға байланысты: орындалған есептердің күрделілік дәрежесі, белгінің (сигналдың) сипаттамасы, еңбек жағдайына, жұмыстың темпіне, нерв жүйелерінің функционалдық күйіне үйретілгендігі, жекелеген сапасы, көптеген басқа да факторларға (маңыздылық, оператордың көңіл-күйі және т.б.).

Есептей келе, бұл параметр, оператордың өлшейтін, анықтайтын немесе реттейтін осы парметрінің қате жіберушілігімен бағаланады:

(1.6)

мұнда Аи – параметрдің нақты (шын) немесе көрсетілген мәні;

Аоп – оператормен бұл параметрдің шын мәнісіндегі өлшенген немесе реттелген мәні.


Мүмкін шамадан асып кететін, қате жіберушіліктің мәні болып, қателіктер жатады және оны сенімділікті бағалау кезінде ескерген жөн.

Оператор-адамның әрекеті келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны бағалау, алдын ала берілгендердің және бағалаудың құрастырылған белгілерінің негізінде, талдап қорыту және талдау, әрекет туралы шешім қабылдау, қабылданған шешімді орындау.

Адамның барлық осы кезеңдерінде қате әрекеттері болуы мүмкін. Кибернетикалық схема бойынша болуы мүмкіндер: хабардар етуіндегі қателіктер (алынбаған хабарлар); шешім қабылдаудағы қателіктер, яғни дұрыс емес шешім қабылдау, әрекеттерді орындаудағы қателіктер, яғни дұрыс емес әрекеттер. Керекті ақпаратты алмау, белгінің болмауынана немесе нашар белгіден және бір мезетте болған белгілердің көптігінен. Бағдарлаудағы қателіктер- бұлар ең кеңінен таралғандар. Басқа жағдайда қажетті ақпарат бар, бірақ оның ойлау процессі дұрыс болмады, және нәтижесінде дұрыс емес шешімдер қабылданды. Бұл екі себеппен болуы мүмкін: біріншіден, жағдайды қате бағалаудың нәтижесінде шешім қабылдай алмауында, тәжрибесінің, білімінің жетіспеуінен жұмысқа шорқақтығынан,(икемсіздігінен); екіншіден, жоғарыда көрсетілген себептер бойынша әрекеттенуді дұрыс таңдамау. Мұның зардабы, сәтсіз оқиғаға әкеліп соқтыратын, қате шешім қабылдау. Ақпаратпен қабылданған шешім, дұрыс болуы керек, бірақ жауап беру әрекеті қате болуы қажет.

Қателіктер қайтымсыз және қайтымды болады. Соңғысы сәтсіз оқиғаларға келтірмеуі де мүмкін. Қателіктер, жүйелік және кездейсоқ болуы мүмкін. Жүйеліктерді болжауға болады және солай болғандықтан, жеңіл жөнделеді.

«Адам-машина» жүйесінің сенімділігін бағалау . Жүйенің сенімділігін үш қасиеттің жиынтығы сияқты түсінуге болады: тоқтаусыздық, бұрынғы қалпына келушілік және ұзақ уақыттылық. Сенімділік теориясының негізді ұғымы болып, тоқтап қалу ұғымы саналады. Оның астында, кездейсоқ оқиға деген ұғым жатыр, ол жүйе (элемент) толығымен немесе бөлек-бөлек өзінің жұмыс қабілеттілігін жоя бастаудан тұратын, ненің нәтижесінде, жүйеге (элементке) тапсырылған функциялар орындалмайды.

«Адам-машина» жүйесінің сенімділігін бағалау, әртүрлі әдістермен жүргізілуі мүмкін: аналитикалық(талдау), сараптамалық (тәжрибелік), имитациялық(еліктеу).

АМО-ң сенімділігін жүйелі техникалық бағалауда, адам жүйенің компоненті түрінде көрсетіледі, келесі жүйелердің сенімділігін бағалаудың келесі оқиғалары, айқындалады,

Сол себепті, техникалық құралдармен адам-оператордың өзара ықпалы кезінде, өткізу кезінде, техниканың тоқтауы және оператордың қателіктері сирек, кездейсоқ және тәуелсіз оқиғалар болып саналады, бірден көп, біртипті оқиғаның, жүйенің жұмысы кезіндегі t0 ден t0 + t дейін, пайда болуы мүмкін емес, оператордың қабілеттілігі қателікті және қатесіз жұмыстарды орнына толтыру, оператордың тәуелсіз қасиеті.

Басқару органдары мен оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру.

Оператордың жұмыс орны (ОЖО)- адамның жүйедегі орны, оның еңбектегі қызметінің іске асырылатын, ақпаратты көрсетіп отыратын құралдармен, басқару органдарымен және қосалқы жабдықтармен жабдықталған.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орнында, келесі шарттардың сақталуы қажет (15):


  • жұмыс істеушілердің арасындағы қажетті байланыстардың болуы, сонымен бірге, жұмыс жасаушылар мен қызмет етілетін құрал-жабдықтардың арасындағы байланыс;

  • ақпаратты беріп отыратын құралдарды қолайлы орналастыру, пульттерді және басқару органдарын;

  • еңбектің гигиеналық жағдайы дұрыс болуы керек;

  • жұысшылардың ауыр зардапты, дұрыс емес әрекеттерінің болуы мүмкін жерлердегі, ескерту белгілері мен нұсқаулардың болуы;

  • эстетикалық дәрежеде жабдықталған өндірістік мекеме және әрбір жұмыс орны;

  • жүйенің сенімділігінің қажетті деңгейі (авариялы қауіптіліктердің сигналдары, басқаруды жары-са жүргізу, блокадалау (одақтасу));

  • жұмыс уақыттында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жұмыс орнына еркін кіру және оны апаттың қауіпі төнген кезде тастап кету мүмкіндігі;

  • басқару органдарымен және өндірістік участоктерді шолып қарау, басқару пультіндегі сиганлдарды және өндірістік үрдістерді қадағалау;

  • басқару жүйелерінің ыңғайлылығы (жұмыс орнының орналасуы және өлшемі, физиологиялық жағымды жұмыс позасы, антропометрикалық көрсеткіштерге сай, рычагтарды (тетік) орналасуы).

Оператордың жұмыс орны, оның отырған, тұрып тұрған және тұрып тұрған, отырған күйін кезектестіре отырып есептеледі. Жұмыстағы орналасу жағдайын таңдау бойынша кепілдемелер, 1.9. кестеде келтірілген.

1.2-кесте



Оператордың жұмыс орнын таңдау бойынша сипаттамалары.


Сонымен бірге, жұмыстың сол немесе бұрынғы жағдайын қарастыра отырып, ұзақ уақыт бойы белгіленген жұмыс қалпына жоламау керек, яғни отырып және тұрып тұрған жұмыс жағдайының ауысуы, (орынды болып) мақсатқа сәйкес болып келеді, ол бұлшық етке түсетін статикалық күштің қайтадан бөлінуіне мүмкіндік жасайды.

Жұмыс орны, ақпараттық және моторлық өрістен тұрады. Ақпараттық өрісті (1.1- сурет) үш (зона) алаңға бөледі. 1-зонада, көрсеткіштерді нақты және тез есептелуін талап ететін, ақпараттың бейнелейтін құралдар орналасады (АБҚ); 2- АБҚ зонасында, нақты және тез есептеуді аз талап ететіндер; 3- зонада АБҚ- сирек қолданылатын (мұнда көздің қозғалуы және бастың бұрылуы мүмкін).


Сур.1.1-Көзбен бақылау зонасы:

а–в –көлденең жазықтықта;

б – в тік жазықтықта.

Моторлы өрісте (1.2- сурет) үш зонаға бөлінеді. 1- үйлесімді қол жетерлік зонасы, тіректі шынтақтағы буындардың қозғалуы кезіндегі, бейнелеп көрсетілген жіліншікпен (білекпен) шектелген. 2- жеңіл қол жетерлік зонасы доғалармен, иықтағы буындардың қозғалысы кезіндегі, бейнеленген әлсіреген қолдарымен шектеледі. 3- қол жетерлік зонасы, олардың иық буындарындағы қозғалысы кезіндегі, барынша созылған қолдарынының бейнеленуімен шектелген. Бірінші зонада, өте жиі қолданылатын және өте маңызды басқару органдары орналасуы қажет, екіншіде – жиі қолданылатын, үшіншіден- сирек қолданылатын.

Сур.1.2 – Қолмен орындалатын операцияларға арналғанзоналар және басқару органдарын орналастыру:

а – жанынан қарағандағы түрі;

б – үстінен қарағандағы түрі.

Отырып істелетін жұмыстарды орындауға арналған жұмыс орны ГОСТ 12.2.032-78 бойынша ұйымдастырылады. Жұмыс бетінің биіктігін және аяққа арналған кеңістікті реттеудің мүміндігі жоқ кезінде, ЖО реттелмейтін параметрлерімен жабдықтарды жобалауға рұқсат етіледі. Олардың мәні6.3.- кестеде келтірілген.
1.3-кесте

Жұмыс орнының реттелмейтін параметрлері.

ЖО реттелмейтін параметрлері



Жұмысшылардың құрамы


Әйелдер

Еркектер

Еркектер және әйелдер

Параметрлердің сандық мәніараметров, мм


Отырып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс бетінің биіктігі:

өте нәзік көзбен көру жұмыстары(көретін фокус 15-25см)

нәзік жұмыстар (фокус 25-35 см)

жеңіл жұмыстар(фокус до 50 см)

басқа жұмыстар(фокус более 50 см)

Отырғыштың биіктігі



930
835

700

630


400

1020
905

750

680


430

975
870

725

655


420

Отырған күйдегі ЖО құраса бөлігі болып, оператордың отырғышы есептеледі, ол операторға физиологиялық ұтымды жұмыс қалпымен қамтамасыз ету үшін, және ГОСТ 21889-76 сай болу керек.

Жұмыс тұрып тұрған күйінде орындауға арналған ЖО - 12.2.033-78 ГОСТ-ы бойынша ұйымдастырылуы қажет. Жұмыс орнымен және жабдықтар, дене тұрқысы тура және бос жағдайда немесе оның еңкейіп отыруы, 150 –тан көп болмауына мүмкіндік жасауы керек.

Сонымен бірге, ЖО –ң жекелеген элементтерінің реттеу мүмкіндігі де қарастырылады, ал жұмыстың үстіңгі бетінің биіктігін реттеудің мүмкін емес болған кездегі, оның мәні1.4- кестеде ұсынылады.

1.4-кесте

Жұмыстың бетінің реттеуге келмейтін кезіндегі ұсынылған биіктігі



Жұмыстың категориясы қандай жағдайда тұрғандығы

Жұмысшылардың құрамы


Әйелдер


Еркектер


Еркектер және әйелдер

Жұмыс бетінің биіктігі, мм


Жеңіл

Орташа


Ауыр



900

930


870


1060

980


920

1025

955


895

Оператордың жұмыс орнының негізі болып, негізінде басқару пульті болып саналады. Оның құрылысы 23000-78 ГОСТ –на сәйкес болуы керек, және ақпаратты бейнелеу құралдары туралы айтылған төмендегі пункттегі талаптарды қанағаттандыруы қажет.

ЖО-ң маңызды элементі болып, текстік нұсқауларға кіретін жазбалар(технологиялық карталар, нұсқаулар, жөндеу схемалары (сүлбелер), анықтамалық кестелер және т.б.) саналады; ескерту белгілері және жазбалар; ЖО бағдарлау үшін қолданылатын, кодты белгілер (жабдықтарға индекс (көрсеткіш) қою, коммуникацияны (қатынас жолдарын белгілеу), таңбалау және басқару органдарының шартты белгілері және бақылау).

Басқару органдары. Басқару органдары міндеті, тағайындалуы бойынша төрт топқа бөлінеді. Біріншісіне, басқару объектісін, іске қосу және тоқтатуды,және жүргізу, қосу және сөндіруді іске асырушы органдар жатады, ал екіншісіне, - жұмыстың бір түрінен басқасына ауыстыру, үшіншісіне- реттеу органдары, төртіншісіне- апатты басқарушы органдар, оларда істен шығуға ең аз уақыты болуы керек.

Басқару органдары, - басқару тәсілдерін, басқару үрдісіндегі маңыздылықтың дәрежесін, олардың санын, қолдану жиілігін және манипуляция жасауды кезектестірілуін, ескере отырып орналастырылады.

Орналастыру, оператордың жұмыс қалпына байланысты (отырып және тұрып) болады. Басқару, оператордың көзінен 70 см қашықтықта, саусақ бастарының орнықты әрекеттерінің зонасында болуы керек (6.3-6.7 суреттер). Жиі қолданылатын басқару органдарын, размерлерімен бөлектеп, сыртқы түрлерін дайындап, ыңғайлы жерге орналастыру қажет. Оларды функционалдық байланыстарын ескере отырып, топтастырады (іске қосу органы, ретке келтіру, сөндіру). Апаттық органдар, қолдың тез жететін және әрдайым қадағаланатын зонасында орналастырылады. Олар формасы, боялуы, размері бойынша ерекшеленіп тұруы қажет. «Тоқта!» деген негізгі сөндіргіш, басқарудың жоғарғы шетіндегі панелінің ортасында орналасады. Маңызды индикаторлар (өте қиын оқиғаларды білдіретін және жұмысты сипаттайтын) панелдің ортасында немесе оның сол жақтағы жоғарғы бұрышында орналасады.




1.3сур.–Тік жазықтықта басқару органдарын үйлесімді орналастыру: 1–басқарудың өте маңызды органдарын орналастыруға арналған қолайлы зона; 2–Жеңіл қол жететін зона, жиі қолданылатын басқару органдарын орналастыру үшін қолданылады; 3–қол жетерлік зона, мұнда сирек қолданылатын басқару органдары орналастырылады.





1.4Сур.– Басқару органдарын көлденең жазықтықта қолайлы орналастыру: 1–қолайлы зона, өте маңызды басқару органдарын орналастыру үшін қолданылады; 2–жеңіл қол жететін зона, жиі қолданылатын басқару органдарын орналастыру үшін қолданылады; 3–қол жетерлік зона, мұнда сирек қолданаылатын басқару органдары орналастырылады.



1.5 Сур. – Отырып жұмыс істеген кездегі қол жетерлік зоналары:

А – барынша қол жететін зона;

В – созылған қолдың саусақтарының жететін зонасы;

С – алақанның жететін зонасы;

О –қолмен дөрекі істелген жұмыстар кезіндегі қолайлы қол жетерлік зона;

Е– үлкен дәлдікті еңбек зонасы.




1.6-сур. – Отырып жұмыс жасау кезіндегі манипуляция жасауға арналған қолайлы зона (размерлері смантимерде берілген, бойы 155-160).






1.7.-сур. –Отырып жұмыс істеу кезіндегі қолайлы жұмыс зоналары (бойы 175 см): А = 88 + 2 см – қолдың қозғалысының үлкен дәлдікпен жұмыс жасауы; В = 84 + 2 см – үлкен үш салып көретін жұмыстар; С = 74 + 2 см – қарапайым жұмыс столы; D = 66 + 2 см –қолға көп күш салып істелінетін жұмыс; Е = 60 см – аяққа арналған ең аз кеңістік.


Басқару органдары, оператордың жүргізуімен, әрекеттің жүйелілікке (бір ізділікпен) (алгоритммен) сәйкес орналастырылуы керек (1.25. сурет). Басқарудың бірдей органдарының көп мөлшерде болған кезінде, олардың орналасуы және формасы, (өзгешелігі) айырмашылығының айқындығымен қамтамасыз етуі қажет. Жұмыстың жауапты (қауіпті) кезеңдерінен тұратын, бөлшектер өте ерекшеленеді (1.25. және 1.26. суреттер).






1.8-сурет – Индикаторлық қондырғы: а – сигнал беруге арналған (дыбыстық, жарықпен); б – белгілерді, таңбалардыұқсастыруға арналған; в– жылдамдықтың өзгеруін және немесе қозғалыстың бағытың бақылау үшін(сызықтық шкала); г – жылдамдықтың өзгеруін бақылау үшін (сегментарлық шкала); д – есептегіштің есептелуін бақылау үшін; е –берілген размерлердің шыдамдылығын салыстыру үшін; ж – параметрлерд нақты және тез қою үшін (шкала, бұрылмалы кнопка); з – жөнге келтіру үшін және статикалық немесе динамикалық процесстерді қадағалау үшін.

1.9 сурет– Басқару органдарының ерекшеліктерінің (айырмашылықтары) сұрақтарын шешу, формасы бойынша, размері, түсі, белгіленуі және орналастырылуы.


Құралдармен және тетіктермен басқару кезіндегі қажетті, күш, дәлдік және жылдамдық, адамның физикалық және психикалық қабілеттіліктерінен аспауы керек.Тетіктерді (рычаг) орналастыру, апаттық жағдайлардағы оператордың әрекетін көрнекілікпен және автоматандырумен қамтамасыз ету қажет. Өзара бірін-бірі жоққа шығарушы іске қосушыларда, бірмезетте қосылуды болдырмайтын блокадасы болуы керек.

Жабдықтарды қосу үшін қолданылатын, басу кнопкілері, сөндірушінің бортының сыртынан асып кетпеуі керек. Егер жабдықтау жұмыстары шусыз (көрінбейтін болса), оның қосылып тұрғаны туралы, арнайы бақылағыш лампа хабарлап тұруы керек. Кнопканың функционалдық міндеті, «қосылды» деген жазумен және кнопкінің түсімен анықталады.

Басқарудағы қолмен ұстайтын органдарының формасы, ұстауға ыңғайлы болуы қажет, қармап ұстағанда, жағымды-жайлы және оларды қолда тығыз, қысып ұстауға мүмкіндік жасауы керек; сырғып кетпеуі керек. Өлшемі және пішіні бойынша әртүрлі қол тұтқалары, жаңылыспай сол немесе бұрынғы басқару органдарын, көзді жұмып тұрып-ақ табуға мүмкіндік жасайды (1.9. сурет).

Басқарудың манипуляция жасау органдары, қарапайым болуы керек, тетіктердің қозғалысы, механизмдердің жұмысшы бөлшектерінің қозғалысының бағыты бойынша қатар, тура түсуі қажет. Басқару кезінде физикалық (дене) күштері, шаршататындай болмауы керек, тетіктердің қармауыш бөлшектерінің конфигурациясы, ауырсындыратын сезімдерді тудармауы керек және ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде білегінің (саусақтарының) түрін, формасын өзгертпеуі керек. Басқару бойынша оператордың күшінің шамасы, максимальды күштен 10-15 % тей аспауы керек.

Тез, шапшаң және нақтылы әрекеттері үшін қолмен ұстайтын құрылғылар қолданылады. Егер көп күш қажет болған жағдайда, онда аяқтың көмегімен ауыстырып қосуды қолданған орынды болады немесе гидрокүшейткіштер жүйесін қолдану керек (1.10. сурет).

Сурет -1.10. – Басқару органының, оның функциясына байланысты, қолайлы схемасын

таңдау схемасы

Басқару органдарының құрылысы(конструкциясы), жауапты басқару жүйелерін, өз еркімен жүргізуді (сөндіру) болдырмауға арналған құрылғылар мен белгілеп қоятын механизмдері болуы керек, сонымен қатар, бөгде адамдардың механизмдерді қосып алу, мүмкіндігін болдырмайтын, жағдайдың жасырынды формасы болуы қажет. Құрал- жабдықтарды сөндіру үшін, кнопкалық жүйесін «Тоқта!» қолданған жөн. Онымен жұмысты қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін механизмдердің сөнбеуі қажет (жарық, электрлі тежегіш, бөлшектерді магниттік фиксаторлар (жазып алғыш)).

Қарапайым басқарушы операциялар, «жүргізу- сөндіру» тәрізді сияқтылар, әдетте тетіктің, педальдің және кнопканың көмегімен, қолмен немесе аяқпен келіп түсетін қозғалыстармен орындалады. Реттеулер, көбінесе, маховиктің, штурвалдың, сап тұтқаның көмегімен жүргізіледі. Басқару органдарының қозғалысының бағытын таңдау кезде, есте ұстау қажет, «өзіңнен әрі» және «өзіңе қарай» қозғалыстарын, «бір жаққа» деген қозғалысқа қарағанда, іске асыру жеңіл болады. Басқару органының бағыты, ережедегі сияқты, технологиялық үрдістің жүрісіне немесе машинаның жұмысшы органдарының қозғалысының бағытымен сәйкес болуы керек.

Көзбен шолу және акустикалық ақпараттар, жүйенің жұмыс жағдайын бақылау үшін және апатты жағдайларды ескерту үшін қолданылады. Дыбыс ескертуші белгілерді және апаттың белгісін (сигналын) беру үшін қолданылады.

Мұнда түстер, қауіпсіздікпен және апаттық ерекше орын алады. Белгі (сигнал) беруші түстер ГОСТ 12.4.028-76 талаптарына сәйкес қолданылады. Қызыл түс, қауіпті жағдайлар мен тосқауылдарды белгілеу үшін қолданылады. Қызылмен апаттың белгілері боялады, төтенше жағдайлардың кнопкілері, қоршағыш қондырғылар, өртке қарсы инвентарьлар және т.б. Сары түс, қауіптіліктің болуы туралы ескертеді (машинаның қозғалып келе жатқан бөліктері, уландырғыш және жарылғыш заттар, орын ауыстырғыш тораптар және агрегаттар).

Ақпаратты бейнелейтін (көрсететін) құралдар, техникалық эстетика және кәсіпіріктеу



Ақпаратты бейнелейтін құралдар, адамға, басқару объектісінің жағдайын және байланыс каналдарын, жұмыс үрдісінің жүрісін сипаттайтын, мәліметтерді ұсынуға арналған.

Ақпаратты ұсынудың көлемі, құрамы және формасы, шешілетін міндеттерге сай болуы сияқты, адамның психологиялық мүмкіндіктеріне де сәйкес болуы керек. Есептеу жылдамдығы және құралдардың көрсеткіштерін қайта жасау, оператордың жеке қабілетіне ғана байланысты емес және ақпараттың қандай түрде және қандай қалыпта берілгеніне де байланысты екендігі туралы бәрімізге белгілі.

Қазіргі кездегі, ақпараттың бейнеленуінің, ең көп, кеңінен тараған формасы болып, сандық және стрелкалы индикаторлар саналады.

Шешілетін міндетке байланысты, индикаторлар, сандық оқулар үшін (қысымның мәні, жылдамдық, жолдар, тоқтың кернеуі және күші және т.б.); оқуды бақылау үшін («иә-жоқ» жүйесіндегі жұмысты); сапалы оқу немесе ізіне түсу үшін (физикалық параметрлердің көрсеткіштерінің бағытының өзгеруі туралы); машинаға хабарды беру үшін қолданылады. Сандық индикатордың маңызды элементі болып, сандардың дұрыс пропорциясын, олардың биіктігі және олардың арасындағы арақашықтығын анықтау жатады.

Құралдардың (приборлардың) шкалалары, бөліктеуден және цифрлаудан басқа, қандай да бір, фигуралары, белгілері, жазулары болмауы керек. Кейбір жағдайда мысалға, жұмыстың әртүрлі режимдерін, «норма», «ауытқу», «апат», немесе «кем тиелу», «шамадан артық тиеу» көрсету үшін ғана рұқсат етіледі. Цифрлау, тек шкаланың негігі бөліктерін ғана жасалынады, құралдардың шкалаларындағы жылжымалы стрелкалы, цифрлар тігінен орналасады. Бөлуді, санды жазуларды шкалаға бір түспен жазады; әртүрлі режимдегі жұмыстарды белгілеу үшін ғана рұқсат етіледі.

Ақпараттың ағыны мен оның стрелкалы құралдарындағы қайта өңделуінің тиімділігінің арасында, белгілі бір функционалды байланыс болады. Көлденең стрелкалы (ұңғыларға) айнаымдарға жоғары баға беріледі. Бұл, біріншіден, үлкен сыйымдылықпен байланысты, екіншіден, көздің көру маршруттары (бағыты), көлденең есептеулер кезінде, өте жағымды және тік бойынша қарағанда, аз шаршатады.

Оператор орталық көз шалымының арасында ғана, сигналды (белгіні) және бейнелеу қондырғысының бөлшектерін, ал перифериялық аралығында- тек сигналдарды ған ажырата алады. Оператордың, көзді және басты қозғалту көмегімен, көз шалымын ұлғайту қабілеттілігі бар екенін ескерген жөн. Байқап көрілген аумақтың аралығына мынандай факторлар ықпал етеді, шаршағандық, көрудің жағдайы-күйі, оператордың психикасы және т.б.

АБҚ-ң қолайлы көлденең размері, егер олармен, көз қарасын аудармай қолдану қарастырылған болса, 30-400 тен шегінен асып шықпауы керек, көзін қарасын аударғанда - 50-600,, ал басын бұрғанда-900. АБҚ – ны 0-300 аралығында тігінен орналастыру ұсынылады (1.1сурет). Ерекше маңызды сигналдар, көзге түскенде, олардың басқа да ұқсас сигналдармен бірдейлігі алынып тасталынады. Құралдың өлшемін үлкейтудің –ең қарапайым тәсілі- яғни, оны формасының кодымен хабарлау. Сонымен бірге, түсінің кодымен хабарлау (жазу) да қолданылады: жарықтық сигналдарды түспен бүркеу, оларды жақсы тануға мүмкіндік туғызады, ал жарқ ететін сигналдардың түсі, реакцияның жылдамдығына әсер етеді. Кодпен хабарлау және жиектеу қолданылады: барлық құралдар топ-топ болып орналастырылады, ал ерекше маңыздысы- қалғандарынан бөлек. Осының арқасында, өте мәнді сигналдар бөлініп шығады. Басқару органдарын және индикаторларды бір панельге орналастыру кезінде, оларды дұрыс топтастыру ережесі сақталады. Жекелеген элементтерді, бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналастыру, дұрыс нәтиже береді. Панелге алтыға дейін құрал-аспаптарды қондыру кезінде, оларды бір қатарға орналастыру керек. Егер 25-30 құралдар қондырылса, оларды әдетте, көзбен ажыратуға болатындай етіп, екі немесе одан да көбірек қылып топтастырады.



Кәсіби іріктеп алу. Адамдардың жекелеген ерекшеліктеріне сәйкес, мамандық таңдаудағы міндеттерді шешетін, әдістер мен құралдардың ең, күрделі жүйесі, кәсіби іріктеп алу атағына ие болды (кәсібиіріктеу).

Кәсібиіріктеудің міндеті- адамның берілген жұмысқа жарамдылығын, қабілетін анықтау. Сондықтан, сол немесе бұрынғы мамандығы бойынша, жұмысқа дайындығын және жарамдылығын айыра білу қажет. Кәсіптік дайындық, білім деңгейін ескере отырып, атқарушының тәжрибесі және дайындығы анықталады. Кәсіптік жарамдылығы, сол адамның нақтылы қызметінің бір түрімен, жеке психофизиологиялық сапасының сәйкестігінің дәрежесін ескере отырып, анықталады.

Кәсібиіріктеу өз алдына, ранжирленген шкаланың көмегімен, айқын, сапалы және сандық бағасына негізделген, айқындап білуге ғана мүмкіндік жасап қана қоймай, сонымен бірге, адамның өзіне тән қасиетін, өлшеумен бірге, оларды берілген мамандықтың жарамдылығын анықтайтын, мөлшерлемелерімен салыстыру үшін, арнайы ұйымдастырылған зерттеулерден тұрады. Адамның кәсіби маңызды жақтарын оқып - үйрену үшін, анкеталық, аппаратуралық және тестілік әдістерді қолданады.

Анкета толтыру әдісі- құрастырылған және топтастырылған сұрақтардың белгілі бір образының көмегімен, кәсіптік қызығушылығымен және адамның кейбір қасиеттері туралы ақпараттар алтындығымен қорытындалады. Анкеталар, өзін -өзі бағалаушы болып келуі де мүмкін, сынақтан өтуші, өзінің қасиетеріне баға береді, және сынақтан өтіп жатқанды, ұзақ уақыт бойы қадағалаған адамдардан, алынған мағлұматтарды қорытудың негізінде, сарапшы баға берген кездегі- сырттай бағалаушы болып есептеледі.

Аппаратуралық әдіс- жекелеген психофизиологиялық факторлар, арнайы құрастырылған приборлар мен аппаратуралардың көмегімен бағаланады және айқындалып білінеді. Аспаптармен (құралдармен) қатар, психофизиологиялық қасиеттерді жалпылай зерттеулермен қамтамасыз ететін, сол немесе бұрынғы үрдістерді ұқсатушы, кәсіпорындарда қондырғылар құрастырылады. Олар сынақтан өтушіде, берілген жұмыс үшін маңызды қасиеттерінің, сапасының бар екендігін анықтау үшін, сонымен қатар, тиісті мамандығына сәйкес оқыту кезіндегі, жаттықтырушысы сияқты қызмет етеді.

Тестілік әдіс - сынақтан өтушіге ұсынылған, оларды шешу үрдісінде сол немесе бұрынғы психофизиологиялық қасиеттері айқындалатын, тестілерді жинақтаудан тұрады. Тестер келесі топтарға бөлінеді:



  • қабілеттілігін анықтайтын тестілер, бұл - ойшылдығын, ой-өрісінің жалпы деңгейін тағайындау үшін, кеңістіктегі елестетуге, қабылдаудың нақтылығын, психомоторлық қабілетіне қызмет етеді;

  • міндеті, оның өзінің аталуынан шығатын, көруді және есітуді рексеретін тестілер;

  • төмендегі қасиеттерін бағалау мақсатында қойылған, жеке басының тестілері: белсенділігі, жауапкершілікті сезіну, өзіне сенімділігі, ойлаудың түп нұсқалығы, сақтықтық, ырықсыздығы;

  • кәсіби ұғымын тексеруге арналған біліктілігінің деңгейін анықтайтын тестер.

Кәсіби іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізудегі негізгі (бастапқы) материалдар болып, еңбек процессін жан-жақты оқып–үйренудің, қажетті зерттеулерді жүргізудің, жұмысшылардың өзін сұрастыру, әдебиеттерді қолдану негізіндегі, мамандығына сай құрастырылатын профессиограм-малар. Профессиограммалар - кәсіби маңызды қасиеттерімен сапаларының баяндалуынан тұрады. Мұнда, еңбек процессінің объективті ерекшеліктері - техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық-физиологиялық, психикалық және әлеуметтік- психологиялық көрсеткіштерден көрініс табады. Бұл көрсеткіштердің тізімі 1.5- кестеде келтірілген.

1.5-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет