2. Педагогикалық психология
Психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді.
Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады.
Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.
Педагогикалық психология — оқыту және тәрбиенің механизмдері мен заңдылықтарын, білім беру үрдісі барысында тұлғаның даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдардың дербес пәнаралық саласы.
Педагогикалық психологияның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні мен арнайы міндеттері бар, ал пәнаралық ғылым ретінде — педагогикамен, жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік психологиямен, тұлға психологиясымен ортақ объектісі бар. Ортақ объектілері үзінің іс әрекеті мен даму үрдісіндегі адам, в контексте соц. и общ. отн.
Адамның әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілер, механизмдер және осы үрдістің негізінен туындаған білім беру үрдісінің әр түрлі шарттарынан ұйымдасқан танымдық іс әрекеттің субъектісі ретіндегі адамның интеллектуалдық және тұлғалық деңгейде дамуындағы пайда болған үзгерістер педагогикалық психологияның пәні болып табылады (Зимняя И. А., 1999). Педагогикалық психологияның пәнінің күрделілігі, біртекті еместігі және күп аспектілігі оның белсенді шығармашылық ойлауды қалыптастыруда білім, білік, дағдыны меңгеру заңдылықтарын зерттеуімен анықталады, жеке ерекшеліктерді, сонымен қатар оқыту мен тәрбие ықпалынан психикада пайда болатын үзгерістерді де зерттейді (Крутецкий В.А., 1999).
Қоғамда жинақталған білімдердің заңдылықтары мен оларды пайдалану тәсілдерін зерттеумен қоса педагогикалық психология оқыту мен даму үрдістері арасына байланыс орнатады, қандай жағдайда алғашқылары соңғыларының мүмкіндіктерін қамтамасыз ететінін анықтайды (Габай Т.В., 1995). Білімді меңгеру ерекшеліктері күрініс беруінің үзіндік заңдылықтары бар және оқытудың эффективтілігіне әсерін тигізетін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты екенін күрсете отырып, кейбір мамандар педагогикалық психологияны жас ерекшелік психологиясының бүлігі деп есептейді (Давыдов В.В., 1986).
Қорыта келе, педагогикалық психологияның зерттейтін пәні оқыту және тәрбие барысындағы, яғни білім беру мен әлеуметтік жүйе жағдайындағы адамның даму заңдылықтары деп айтуға болады (Божович Л.И., 1995).
Педагогикалық психология адам туралы екі ғылым, педагогика және психология негізінде пайда болғандықтан, ол үзінің зерттеу пәніне педагогиканың пәні – тұлғаның дамуын басқару заңын, психологияның пәні – адамның психикасының дамуы заңын біріктіреді.
Жоғарыда айтылғандай, педагогикалық психологиямен адам психикасының дамуын және оның әр түрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерін зерттейтін жасерекшелік психологиясы тығыз байланысты.
Педагогикалық психология теориялық бағыттар және оқыту мен адам дамуын ұйымдастырудың тәжірибелік құралдары зерттелетін, үңделетін принциптерге сүйене отырып, жасерекшелік психологиясы арсеналынан принциптер қатарын пайдаланады. Олардың ішіндегілері мыналар:
▪ жалпы тенденциялар тұрғысынан да, сонымен қатар алдыңғы және келесі жастық кезеңдердің әсерлерін ескеру тұрғысынан да әрбір жастық кезең оқшауланған түрде зерттелмейді;
▪ әрбір жасқа дамудың белгілі бір резервтері тән, олар адамның үзіне, сонымен қатар қоршаған шындыққа қатынасына байланысты үзінің белсенділігін ерекше ұйымдастыруына қатысты жаңаруы мүмкін;
▪ жасерекшеліктің шегі мен жасқа байланысты психикалық күріністердің ерекшеліктері статистикалық емес және әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалдарында болады;
▪ бір жас кезеңнен келесісіне үту және онда пайда болған жаңа білімдер жетекші іс әрекеттердегі үзгерістермен, әлеуметтік жағдайлармен, адамның ортамен үзара қатынас типімен детерминантталады және т.б.
Педагогикалық психологияның міндеттеріне келесілер жатады:
1) оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына білім беру мен тәрбиенің ықпалының механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
2) оқушылардың әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруінің, оны құруының және санасында ұстауының механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
3) оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейлері мен педагогикалық ықпалдардың формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;
4) оқушыларды танымдық іс әрекет арқылы ұйымдастырудың және басқарудың ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар олардың интеллектуалдық, тұлғалық дамуға, оқушылардың танымдық белсенділіктеріне тигізер ықпалын зерттеу;
5) педагогикалық іс әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;
6) дамыта оқытудың фактілерін, психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
7) білімді меңгерудің заңдылықтарын, шарттарын, критерилерін анықтау және олардың негізінде іс әрекеттің операциялық құрамын қалыптастыру;
8) білім, білік, дағдыны меңгерудің деңгейі мен сапасынның диагностикасының психологиялық негізін анықтау және оларды білім беру стандартымен салыстыру.
Педагогикалық психологияның құрылымында негізгі міндеттердің үш блогы бүлінеді: оқыту психологиясымен, тәрбие және оқытушылар (мұғалімдер) психологиясымен байланысты.
Оқыту психологиясының негізгі міндеттері мыналар:
▪ әр түрлі дидактикалық жағдайларда танымдық іс әрекеттің үзгеруіне мүмкіндік тудыратын сыртқы және ішкі факторлардың үзара байланыстарын анықтау;
▪ танымдық іс әрекеттің мотивациялық және интеллектуалдық жоспарларының ұқсастықтары мен үзара ықпалдарын зерттеу;
▪ оқыту үрдісі мен адам дамуын басқару мүмкіндіктерін анықтау;
▪ оқытудың эффективтілігінің психологиялық-педагогикалық критериилерін бүлу;
▪ әдістемелік құралдардың эффективтілігі мен оқытуға деген ұйымдасқан бағыттарды үңдеу және бағалау.
Тәрбие психологиясы үшін негізгі міндеттер болып келесілер табылады:
▪ адамның мотивациялық сферасының дамуының мазмұнын, құрылымы мен динамикасын зерттеу;
▪ тұлғаның адамгершілік қасиеттері мен әлеуметтік бағыттылығын және оларға мақсатқа бағытталған ықпалдарының мүмкіндіктерін зерттеу;
▪ әр түрлі жағдайларда білім алушы және тәрбиеленуші адамдардың сана сезімдеріндегі айырмашылықтарды анықтау;
▪ балалар, жеткіншектер, ересектер ұжымдарының әлеуметтік-психологиялық құрылымын және олардың тұлға қалыптасуына тигізер әсерін зерттеу;
▪ әлеуметтік депривацияның шарттары мен салдарын және оларды жоюдың мүмкіндіктерін зерттеу.
Мұғалімдер психологиясы үшін келесі міндеттер маңызды:
▪ мұғалімнің шығармашылық потенциялдары мен оны дамытудың мүмкіндіктерін анықтау;
▪ педагогикалық стереотиптерді, мұғалім тұлғасының кәсіби деформациясын зерттеу және жою;
▪ мұғалімнің эмоциялық сезімталдығы мен тұрақтылығын зерттеу;
▪ мұғалімде болатын кәсіби выгорания синдромын жою және алдын алу шарттары мен әдістерін үңдеу;
▪ мұғалім іс әрекетінің жеке стилінің жағымды ерекшеліктерін анықтау және дамыту;
▪ педагогикалық қарым-қатынастың эффективті тәжірибелерін зерттеу.
Психологияны оқыту әдістемесі – психология және дидактика пәндерімен тығыз байланыста қарастырылатын негізгі пән. Мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері, бағалау және білімін тексеру жалпы дидактикалық қағидаларға сүйенеді. Пәнді оқытудың негізі, ғылыми және тәжірибелік пәндерде оқытудың ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Курстың мақсаты – психологияны оқу пәні ретінде оқыту ерекшеліктері және алынған білімді психологияны оқыту тәжірибесінде қолдана алу біліктілігін жүзеге асыра білу туралы ғылыми-әдістемелік білімдерді қалыптастыру. Курстың міндеттері: – орта білім беру мекемелеріндегі психологияны оқытудың теориялық және әдістемелік негіздемелерімен таныстыру; – психологияны оқыту пәні ретіндегі құрылымының принциптері туралы және оның мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру; – психология курсы сабақтарында тұтастай оқу-тәрбиелік жағдайларын ұйымдастыруға нақты талаптарды жүйелеу; – кәсіптік өзіндік білім алу және өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін меңгеру; – таңдалған мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттіліктері мен тұлғалық сапаларын дамыту. Құзыреттері (оқытудың нәтижелері). Жалпы құзырет: – құралдық: психология бойынша оқу материалдарының дағдыларын дәріс, семинар, сабақ жоспарларын дайындауда құрылымдау; сабақ жоспарларын дайындау; психологияны оқыту әдістерін меңгеру және бірнеше әдістерді қолдану; психология сабақтарында белсенді әдістерді қолдану, психологиялық жаттығулар мен тренинг әдістерін меңгеру; – тұлғааралық: психологиялық әдістерді оқу-тәрбие мәселесін шешуде қолдану; әртүрлі тұжырымдамалар мен теория3
ларды психологиялық пәндерді оқыту барысында қолдану; көрнекілік құралдарды жобалау, құзыреттілікті бағалаудың тапсырмаларын жобалау; – жүйелілік: психологиялық пәндерді оқыту мәселелерін түсіну; оқу пәндерін және оқулық мазмұндарын салыстыру; психологиялық пәндерді оқытуда студенттерді алға ұмтылдыра алу; сабақтар өткізу және инновациялық технологияларды пайдалана біле алу
Достарыңызбен бөлісу: |