52
Екінші тарау
АБАЙДЫҢ ТАКСОНОМИЯСЫ
(Абайдың білім концепциясындағы
танымдық үдерістердің иерархиялық жүйесі)
1
Абайдың білім концепциясы – бір жағынан, абайтану ғы-
лымындағы, Абайдың ілімі жүйесіндегі, екінші жағынан, əлеу-
меттік эпистемологиядағы аса күрделі, əлеуметтік маңызы зор
іргелі ғылыми мəселе. Бұл мəселені арнайы пəнаралық тұрғыда
зерттеудің, зерттеу мақсаттары аясында қойылған міндеттерді
тиісті методологиялық деңгейде шешудің, қол жеткен
нəтижелерді білім беру, оқу үдерісіне енгізуге дайындаудың
ғылыми жəне практикалық маңызы зор.
Абай шығармашылығындағы оқу, тəрбие, білім тақырыбы
зерттелді, оқулықтарда арнайы пайымдалды. Бірақ Абай шығар-
машылығындағы оқу, тəрбие, білім тақырыбы бір басқа да,
эпистемологияның теориясы мен тарихында Абайдың білім кон-
цепциясының алатын орны − бір басқа мəселе. Біздің зерттеуі-
міздің пəні − Абайдың білім концепциясы.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ əуел баста-ақ [1, 94], −
дейді Абай. Ақынның шығармашылығының өзегіндегі басты
желі – тіл ұстарту, өнер шашу, үлгі беру. Ақынның шығарма-
шылық қызметінің басты мақсаты осындай болғанда, осы мақ-
сатқа жеткізетін жолды білімнен табады.
Абайдың білім концепциясы аясында білмекке талап қылу
үшін қажетті қасиеттер, білмекке талап, білу, білудегі
мақсаттар, білу үдерістері, білу үдерістерінің амалдары мен
тетіктері, білу нəтижесінде қол жететін құзыреттілік кон-
цептуалдық тұрғыда жəне өзара сабақтас бірбүтін жүйе болып
тұтасқан. Абайдың білім концепциясы, оның концептуалдық
моделі эпистемологиялық тұрғыдан қоғамдық-гуманитарлық
53
ғылым саласында бірбүтін жүйе ретінде бұған дейін арнайы
зерттелген емес.
Абайдың білім концепциясының жалпы сипаттамасы оның
білім, ғылым туралы жалпы қағидаларының негізінде пайым-
далды. Білім, ғылым – Абайдың ілімінде маңызы зор, мəні терең
рухани құндылық.
Ақынның: «Ғылым таппай мақтанба» [1, 65], «Дүние де өзі,
мал да өзі – Ғылымға көңіл бөлсеңіз» [1, 66], − сияқты өлең
сөздері мен қара сөздерінде, жастарға айтқан ғибратында білім,
ғылымды адам өміріндегі маңызы зор, мəні терең рухани құн-
дылық ретінде бағалаған дүниетанымның негізі бар. Ата-анаға
арнап айтқан сөзінде де Абай өмірлік мəні зор кеңес береді:
«Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең –
оқыт» [2, 163].
Білім алуға талаптану үшін «əуелі һауас сəлим (жақсы сипат)
һəм тəн саулық» болуы шарт. Білім алуға талаптану үшін ақыл-
естің, жан мен тəннің саулығы қажет. «Бұлар туысынан болады,
қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады» [2, 185]. Абайдың білім концепциясында білім алуға
талап қылушының білім алуға дейінгі ішкі-сыртқы қалып-
қабілетінен бастап, білім алу үдерісінің сатылары мен кезеңдері
толық сипатталады.
Абайдың білім концепциясы жүйесінде өзара сабақтас
мынадай бірнеше маңызды мəселелер бар: а) Абайдың білім
коцепциясына жалпы сипаттама беру; ə) білім алушының ішкі-
сыртқы қалпына қатысты қағидалардың мəнін ашу; б) білу
үдерістердің иерархиялық жүйесінің моделін пішіндеу; в) білу
үдерістерінің амалдары мен тетіктерін жүйелеу; г) білім
алушының білу нəтижесінде қол жеткізетін құзыреттілігінің
сипаттамасын анықтау.
Ақынның білім концепциясында білім мəселесінің
танымдық, эпистемологиялық, акмеологиялық мəселелері
бойынша құнды ғылыми қағидалар негізделген. Сонымен қатар
онда білім алу үдерісі адамның бүкіл өмірі бойында
тоқтамайтыны, тоқтауға тиіс емес екендігі туралы ойлардың
маңызы да үлкен.
Абайдың білім концепциясы – бірбүтін жүйе жəне оның
мазмұны мен мəні пəнаралық сипатымен ерекшеленеді. Соған
54
орай зерттеудің əдістемелік негізіне пəнаралық зерттеу мен
жүйелі зерттеу принциптері алынды. Зерттеу нысанының жүйесін
анықтаудың өзіндік бір амалы ретінде логикалық модельдеу əдісі
қолданылды.
2
Білім беру процесіндегі əуелгі саты – оқу мен оқытудағы
мақсаттарды анықтау. Оқу мен оқытудағы мақсаттар білім
алушының, білім берушінің, ата-ананың, қоғамның, мемлекеттің
əлеуметтік сұраныстары мен талаптарына сай ғылыми негізде
анықталады жəне тараптар үшін өмірлік маңызының
анықтығымен, нақтылығымен, қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қазақстанның білім беру стандарттарында білім беру
мақсаттары білім беру аяқталғанда күтілетін нəтижелер түрінде
анықталған. Ол нəтижелер нақты құзыреттіліктер түрінде
көрсетілген: 1) біледі; 2) түсінеді; 3) қолданады; 4) талдайды; 5)
жинақтайды; 6) бағалайды.
Стандарттарда [3; 4], олардың негізінде жасалған үлгілік оқу
бағдарламаларында [5; 6; 7] білім беру ісі аяқталғанда күтілетін
нəтижелерді анықтау үшін, оны дамытуды ақпараттандыру үшін
қолданылатын негізгі бағыт − Блумның таксономиясы (1956).
Қазақстанның мемлекеттік стандарттарында, үлгілік оқу
бағдарламаларында оқу мақсаттары мен оқудан күтілетін
нəтижелер Блум таксономиясының 1956 жылғы иерархиялық
жүйесіне сай бекітілген. Ол жүйе мынадай: 1) білу; 2) түсіну; 3)
қолдану; 4) талдау; 5) жинақтау; 6) бағалау.
Таным процестерінің психологиясы Блумға дейін де зерт-
теушілердің талай буынының зерттеу нысаны болған жəне бұл
салада теориялық ойлар мен қағидалардың мол қоры жасалған.
Блумның жүйесі таным процестерінің психологиясы аясында
білім беру-білу процестерінің иерархиялық кезеңдерін қамтиды
деп қабылданды.
Абай ілімін білу, түсіну, қолдану бағытында жүргізілген
ғылыми-зерттеу нəтижелері білім беру-білу процестерінің
иерархиялық кезеңдерін зерделеудің байырғы үлгілері ХІХ
ғасырда Абайдың білім концепциясында көрініс тапқанына көз
жеткізді.
55
Абайдың білім концепциясы жүйесінде өзара тығыз қаты-
настағы мынадай салалар сараланады: 1) білім мəнісі; 2) білім
алушы тұлға, оның қабілеттері; 3) білім алушы тұлғаның қа-
былдау, білу, тану нысаны болатын болмыс; 4) білім алушының
білу үдерісі; 5) білу үдерісін қамтамасыз етуге қажетті жағдай,
амалдар мен құралдар; 6) білім алушы тұлғаның білім алу үдерісі
аяқталғаннан кейінгі қалпы.
Көрсетілген салалар Абайдың білім концепциясында өз
алдына өзекті таным нысандары ретінде белгілі бір ғана шығарма
көлемінде қарастырылмайды, бұл мəселелер ақынның тұтас
шығармашылық мұрасының жүйесінде түрлі əлеуметтік
мəселелермен байланысты түрлі деңгейде, түрліше өлшем мен
мөлшерде пайымдалады. Оларды эпистемологиялық, акмео-
логиялық ойлар арнасында анықтау, пайымдау, бір жүйеге түсіру
арнайы зерттеу аясында ғана мүмкін.
Абай білімге, білімділікке толық сипаттама бере отырып,
білімнің жоқтығына, білімсіздікке де нақты анықтама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |