162
35. Мынаның кімнің ісі екенін тап:
Атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы
жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың
ішін күйдіріп, өзінен кейінгіге «әттең дүние-ай, осылардың атындай ат
мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» дейтұғын болмаққа
ойланбақ.
Сыпайының ісі
Əдептінің ісі
Кербездің ісі
Мақтаншақтың ісі
Тəртіптінің ісі
Үлгілінің ісі
36. Мына пікірдің Абайдың қара сөздерінің
қайсысында айтылғанын
көрсет:
Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де –
ақымақтық.
Оныншы сөзінде
Он екінші сөзінде
Он төртінші сөзінде
Он алтыншы сөзінде
Он сегізінші сөзінде
Жиырмасыншы сөзінде
37. Мына сөйлемнің жалғасын тап:
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам
есті болады
білімді болады
білікті болады
ақылды болады
көргенді болады
тағылымды болады
Достарыңызбен бөлісу: