Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


Абай ілімінің өлшеу құралын сараптау, оның



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Абайдың-таксономиясы

5 Абай ілімінің өлшеу құралын сараптау, оның 
құрылымын анықтау, ғылыми сипаттамасын жасау 
Абай ілімінің өлшеу құралын сараптау, оның құрылымын 
анықтау, ғылыми сипаттамасын жасау – бүгінгі күннің өзекті, 
көкейкесті міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары 
мынадай құрамдас екі мəселе бойынша жүргізілді:
а) Абай ілімінің өлшеу құралының құрылысын сипаттау;
в) Абай ілімінің өлшеу құралының жұмыс ретінің ғылыми 
жүйесін анықтау. Жүргізілген зерттеу нəтижесінде Абай ілімінің 
өлшеу құралы сарапталды, оның құрылымы анықталды, ғылыми 
сипаттамасы жасалды, жұмыс ретінің жүйесі анықталды. 
Абайдың: «Əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен 
асса, жарамайды. Өлшеуін білмек − бір үлкен керек іс» [7, 222], − 
деген тұжырымды ойында үлкен мəн бар.
Абай əрбір жақсы іс пен оның қарама-қарсы шектеріндегі 
істер жүйесінде көрінетін адамшылық қасиеттердің өлшеуінің 
логикалық негізін тиянақтады, логикалық-мағыналық үлгі-
моделін жасады. Абайдың өлшеу құралының моделі іс-əрекеттің 
үш түрлі халіне сай үш деңгейді көрсетеді: а) басы (ортадан кем 
шамасы); ə) ортасы (орта шамасы); б) аяғы (ортадан асық 
шамасы). Абай: «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, 
құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ
алданбастық – бұл нəрселердің бəрінің де өлшеуі бар» [7, 222], − 
дейді. Бұл істердің əрқайсысының өлшеуі Абайдың өлшеу 
құралы арқылы анықталады. Ішпек-жемек жақсы екен деп, ішіп-
жеудің шегінен шығу, артық ішу, артық жеу – құстырады. Сол 
секілді күлмек, көңіл көтермек жақсы екен деп, тоқтаусыз, 
тынымсыз күлу, тоқтаусыз, тынымсыз көңіл көтеру кісіні 
адамшылықтан кетіреді. 


26 
Бірінші жəне үшінші деңгейлер іс-əрекеттің қарама-қарсы 
мəндегі шеткергі екі шегін білдіреді, ал қарама-қарсы мəндегі 
шеткергі екі шектің орта шамасы іс-əрекеттің жақсы деуге 
лайықты деңгейін көрсетеді. Осы үштағанды Абай өз іліміндегі 
əр жақсы нəрсені өлшеудің құралына негіз етіп алды. Абайдың 
əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі туралы қағидасының нақты дəлел-
дəйегі оның өзі өмір сүрген заманның шындық құбылыстарына 
негізделген. 
Істің, əрекеттің шеткі екі шегін білудің өмірлік маңызы зор. 
Істің, əрекеттің шеткі екі шегін білу бұл екі қиыр шектің орта 
шамасын білуге мүмкіншілік береді. Ал іс-əрекеттің шеткі екі 
шегін, бұл екі шектің орта шамасын білу оның қиыр екі шегінің 
де, орта шамасының да мəнін танып-білуге негіз болады. Іс-
əрекет екі қиыр шегінің бірінен екіншісіне қарай жылжығанда, 
оның жай-күйі де өзгеріп отырады. Оның қозғалысының əр 
нүктесіндегі жай-күйін, өзгеру деңгейлерін анықтап, бағалау 
арқылы оның қай шамада игілікті, пайдалы болатынына көз 
жеткізуге болады.
Іс-əрекеттің тең орта дерлік шамасын анықтауда мына 
жайларды білу шарт: 
• əрекеттің мəнісі; 
• əрекеттің болған кезі; 
• əрекеттің болған жері; 
• əрекеттің иесі; 
• əрекеттің кімге, неге бағытталғаны; 
• əрекеттің мақсаты; 
• əрекеттің құралы; 
• əрекеттің амалы; 
• əрекеттің себебі; 
• əрекеттің салдары. 
Іс-əрекеттің, жақсы деген нəрсенің екі қиыр шегінің 
арасындағы белгілі бір нүктедегі жайын осы шарттарды толық 
анықту арқылы пайымдауға болады. 
Абайдың өлшеу құралына салғанда, əр жақсы нəрсе орта 
шамада жақсы болады да, орта шамаға жетпеген немесе одан 
асып кеткен жағдайда, жақсыға қарама-қарсы мəндегі құбы-
лысқа айналады. Абай насихат еткен бес жақсы істің əрқай-
сысын (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) осы өлшеу 
үлгісіне салып, таразылауға болады. Мысалы, «ойланбақ жақсы,


27 
іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып 
кеткені» [7, 222] жақсы емес. Ал еңбек еткен жақсы екен деп
күні-түні тыным таппай еңбек ете беру кісінің күш-қуатын 
кемітеді, біраз уақыт осылай еңбектенген соң, кісі еңбек етуге 
күш-қуат таппай қалады. Бұл жақсы емес. «Əрбір жақсы нəрсенің 
өлшеуін» білмеудің аяғы осындай болады. 
«Игілікті болып табылатын əрекеттер – екі қарама-қарсы 
шектің арасындағы ұнамды істер, ал ол екі шектің екеуі де – 
жаман əрекеттер» [8, 202], − дейді əл-Фараби. Əл-Фарабидің 
алдындағы Аристотель де тура осындай пікір айтады [10, 168]. 
Əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі туралы концептуалдық ойларында 
Абай əл-Фарабимен, одан əрідегі Аристотельмен шектеседі.
Лұқман хəкім баласына арнап айтқан сөздерінің бірінде: 
«Жүрісіңде орташа бол. Даусыңды бəсеңдет» [Құран 31:19], − 
деген. Жүруге қарама-қарсы шек – жүрмеу, жүрмей бір орында 
тұру. Ал жүру қарқынының екі шегінің бірі – баяу жүру, екіншісі 
– жылдам жүру. Бұл екі шектің орта шамасы – баяу да емес, 
жылдам да емес, орташа. Лұқманның сөйлегендегі дауыс күшіне 
қатысты ескертуінде де осындай мəн бар. Оның мəнісі сыбырлап 
сөйлеу мен айқайлап немесе дабырлап сөйлеудің орта шамасын 
ұстау туралы кеңесте. «Өлшеуде шектен шықпаңдар» [Құран 
55:8], − деген қағиданың мəні де зор. «Тартуды əділетпен 
орындаңдар, таразыда кемітпеңдер» [Құран 55:9], − деген талап 
та өлшеуде артық кетпей, кем түспей, шамадан ауытқымай, 
таразының екі басын тең ұстаумен, тепе-теңдікті сақтаумен 
байланысты.
Низам əл-Мүлк «Сиасет-наме» кітабында былай дейді: Кісі 
барлық істе өлшемді болуы керек. Пайғамбар (с.а.с): «Іс біткеннің 
жақсысы – олардың орта шамасы» [11, 236], − деген. 
Өлшеу дегенді білмей, əр нəрсенің орта шамасын таппай, 
артық, кемді ажыратпай кетуден асқан жамандық, терістік бол-
майды.
«Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған 
кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір 
тексермей кеткен кісі, тəуір түгіл, əуелі адам ба өзі?» [7, 149], − 
дегенде, Абай осындай күйге тап болудан сақтандырады.
Абайдың өлшеу құралы адамның іс-əрекеттеріндегі жақсы 
немесе жаман сипаттарды анықтаумен қатар адамның мінез-
құлқындағы əрбір жақсы қасиеттердің де өлшеуі бола алады. 


28 
Мысалы, əл-Фарабидің айтуынша, ер жүректілік – жақсы адам-
шылық қасиет, «бұған қатерлі істердің тұсында біршама 
батылдық жасау арқылы... жетуге болады» [8, 18]. Батылдықтың 
да екі қиыр шегі бар. Бірі – батылдықтың жоқтығы немесе 
жетіспеуі. Екінші қиыр шегі – шектен тыс батылдық. Бұлардың 
біріншісі қорқақтыққа соқтырады, екіншісі көзсіз батырлыққа 
ұрындырады. Бұл екеуі де – жаман адамгершілік сапа. Ер 
жүректілік осы екі жаман сапаның ортасындағы шамаға сəйкес 
келеді. Жомарттық – жақсы адамшылық сапа. Оның да өлшеуі 
бар. Өлшеуінен асса немесе өлшеуінен кем болса, жаман сапаға 
айналады. «Ақшаны үнемдеуге жəне жұмсауда көрсететін шамаға 
қарай жомарттық туады. Шектен тыс үнемшілдік, ақшаны кем 
жұмсау сараңдыққа соқтырады, шектен тыс артық жұмсау 
ысырапшылыққа соқтырады» [8, 18]. Адамның мінез-құлқын-
дағы осындай сапалық қасиеттер тиісті əрекеттердің жасалуына 
алып келеді.
Əрбір нəрсенің, əрекеттің өлшеуі туралы даналық ойдың 
негізі тереңде. Оның желісі Конфуций, Платон мен Аристо-
тельден əл-Фарабиге, одан Абайға жалғасты.
Абай ілімі жүйесінде əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі туралы 
қағидалардың алатын орны үлкен. Бұл саладағы қағидалардың 
жүйесі Абай ілімінің концептуалдық негіздерінің маңызды 
саласын түзеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет