29
тығыз бірлікте қолданылады. Бұл модельдер өздігінше жеке-дара
тұрып Абайдың шығармашылығының, Абайдың ілімінің маңызы
мен мəнін таныта алмайды, тануға, танытуға септігін тигізетін
көрнекі үлгі қызметін атқарады.
Абай ілімі ұғымының өзіне келетін болсақ, Абайдың
шығармашылық мұрасының өн бойында түрлі
жағдайларға
байланысты айтылған қағидалардың бүкіл қорын бірбүтін
тұтастық ретінде анықтауға, оның құрамдастарын, олардың
арасындағы байланыстардың жүйесін саралап білуге тура келеді.
Бұл жүйеде Абай ілімі үшін маңызды деген қағидалардың бəрін
анықтап, олардың əрқайсысына тəн мағыналық ерекшеліктерді
табу, сөйтіп неғұрлым іргелі ұғымдарды даралау, белгілі бір
ұстаным бойынша белгілі бір қасиеттеріне
қарай топтастыру
үлкен ізденісті қажет етеді. Өйткені бұл мəселе ақынның
шығармашылық жəне логикалық ойлау машығын танумен,
таным кеңістігін білумен тікелей байланысты шешіледі. Ал
ақынның шығармашылық ойлау машығын терең тану, таным
кеңістігін толық білу таным теориясы, ойлау психологиясы,
логика сияқты ғылым салаларымен сабақтасады.
Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық
модельдері, олар-
дың жүйесі, теориялық сипаттамасы Абай ілімін білу, түсіну
жəне қолдану үшін аса маңызды. Біздің зерттеуімізге дейін Абай
ілімі жайында бірқатар ойлар, пікірлер айтылды. Алайда Абай
ілімінің мағыналық-құрылымдық модельдері, олардың жүйесі
қарастырылмады.
Зерттеу тобы жүргізген жұмыстардың нəтижесінде осындай
дерексіз, нақты пішіні, образы анықталмаған шығармашылық
ойлау үдерістерін, ол үдерістердің
құрамдастарын логикалық
үлгіде пішіндеуге, ол пішіннің теориялық сипаттамасын жасауға
қол жетті. Əрбір мағыналық-құрылымдық модель Абайдың
шығармашылығында көрініс тапқан қағидалардың логикалық,
мағыналық-құрылымдық бірліктері мен тұтастығына негізделеді.
Абай ілімінің құрамдастары өзара жəне ішкі мағыналық-
құрылымдық бірліктер жүйесімен тікелей байланысты. Зерттеу
нысанының мағыналық-құрылымдық бірліктерінің жүйесін
анықтамайынша оны модельдеу, пішінге түсіру мүмкін емес.
Сөйте тұра зерттеу нысанының мағыналық-құрылымдық моделін
жасамайынша оның құрамдастарының жүйесін толық тану, жете
білу қиын.
30
Абайдың шығармашылық мұрасы құрамындағы əрбір
шығарманың мағыналық-құрылымдық жүйесі, əрбір шығар-
маның мағыналық-құрылымдық бірлігінің өзіне тəн мағыналық-
құрылымдық пішіні бар. Олардың
мағыналық-құрылымдық
моделін жасау оларды білудің, түсінудің жəне түсіндірудің басты
құралы болып табылады.
Абай ілімінің, Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолда-
нудың мағыналық-құрылымдық модельдерінің теориялық
сипаттамасын жасау барысында өзара байланысты ұғымдарды
жүйелеудің методологиялық ұстанымдарын анықтауға ерекше
назар аударылды. Мысалы,
Абай ілімі, Абай ілімінің құрамдас
бөлімдері, Абай ілімінің концепциялары, Абай ілімінің
категориялары сияқты ұғымдардың бірбүтін жүйедегі орнын
анықтау мақсатында іргелі ғылыми ізденіс жұмыстары
жүргізілді. Басшылыққа алынатын методологиялық ұстанымдар
негізделді. Əуелі Абай ілімінің жүйесіндегі қағидалар басты
мағыналық сипаттарына қарай
тиісті категориялар бойынша
сараланды: 1) құндылықтар концепциясы; 2) білім концепциясы;
3) тыңдаушы тұлғасы концепциясы; 4) имани гүл концепциясы;
5) орта шама концепциясы. Бұл қатарды толықтыруға болады: 1)
қызыл тіл концепциясы; 2) өзін-өзі тану концепциясы; 3) «толық»
адам концепциясы, т.б.
Көрсетілген концепцияларды арнайы қарастыру Абай ілі-
мін, Абай ілімінің құрамдастарын, негіздерін, категорияларын
анықтауға жəне оларды жүйелеуге, ол жүйені үлгіге салуға
қажетті жағдай қалыптастыруға алып келді.
Зерттеу жұмыстары барысында алдыңғы бес концепция
жеткілікті
деңгейде қарастырылды, бұл ретте қол жеткен нəти-
желер Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделін жасауға негіз
болды.
Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделінің логика-
лық жүйесі мынадай болып анықталды: