Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың



Pdf көрінісі
бет16/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
7 Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың 
ғылыми-әдістемелік тетіктерін жасау 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерін жасау бойынша зерттеу жұмыстары үш 
саланы қамтыды: а) ғылыми-əдістемелік тетіктердің қызметін 
қамтамасыз ету амалдарын негіздеу; в) ғылыми-əдістемелік 
тетіктердің жұмыс үдерісі кезеңдерінің логикалық жүйесін 





37 
анықтау; с) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың 
ғылыми-əдістемелік тетіктерін жасау.
Қ-Қайрат
Модель 4 
Абай үшкілі 
Абай үшкілінің жалпы мəні Ақжан Машанов
зерттеулері негізінде сипатталды. Абайдың: 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», – деген
қағдасындағы бірлікті білдіреді. А-Қ, Қ-Ж,
А-Ж кесінділерінің ұзындығы бірдей, бұрыштар 
бірдей. Бұл пішін ақыл, қайрат жүрек үшеуіне 
бірдей ортақ. 
А-Ақыл Ж-Жүрек
Абай іліміндегі əр жақсы істің өлшемін осы үшкіл негізінде анықтауға болады.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерін жасау олардың қызметін қамтамасыз ету 
амалдарына сай жүзеге асырылуы тиіс еді. Соған байланысты 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерінің қызметін қамтамасыз ететін амалдарға 
назар аударылды. 
Аталған тетіктердің қызметін қамтамасыз ететін амалдардың 
моделі қандай болу керектігін анықтау бойынша ізденіс 
жұмыстары жүргізілді. Абай ілімінің а) құрамдас үш бөлімі,
б) құрамдас үш бөлімінің əрқайсысы, Абай ілімінің в) үш негізі 
(бастау көздері), с) үш негіздің əрқайсысы, Абай ілімінің асыл іс 
туралы бес категориясы, бес жаман іс туралы бес категориясы 
Абай үшкілі үлгісі бойынша пішінге түсірілді, мағыналық-
құрылымдық моделі біртұтас жүйе ретінде негізделіп, оның 
құрамдастарының əрқайсысы Абай үшкілі үлгісінде сараланды.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетігі қызметін
қамтамасыз ету амалдарын негіздеу 
үшін А – Ж сызығына Қ нүктесінен перпендикуляр сызық 
түсіреміз. Сонда Қ нүктесінен А жəне Ж сызығына 
перпендикуляр түскен сызық нүктесі А мен Ж сызығын теңдей 
екі бөлікке бөледі. А мен Ж нүктелерінің Қ нүктесіне қатысы 
бірдей болып шығады. Қ нүктесінің А жəне Ж нүктелеріне 


38 
қатысы да бірдей болады. Бұл бірдейлік, айналып келгенде, ақыл, 
қайрат, жүректі бірдей ұстаудың кескінін білдіреді. Көрсетілген 
Абай үшкілі өзінше бір тетік болғанда, оның қызметін 
қамтамасыз етудің амалы осы қалыпта кескінделеді.
Абай үшкілі ретінде сипатталған тетіктің үлгісі, оның 
құрамдастарының ерекшеліктері мынадай логикалық жүйеге сай 
келуі шарт: а) Абай ілімінің тиісті мəніне сəйкес келеді;
в) Абай ілімі құрамдастарына, оларға тəн ерекшеліктерге сəйкес 
келеді; с) Абай ілімі құрамдастарының арасындағы логикалық 
байланыстардың заңдылықтарына сəйкес келеді.
Модель 5 
Бес асыл іс
Бес асыл іс категориясының
моделі бес үшкіл жүйесінде 
ұсынылды. 
Абай үшкілі – Абай іліміндегі басты мағыналық-құры-
лымдық жүйені білдіреді жəне зерттеу барысында жиі қолда-
нылатын тетіктердің бірі. Оның жиі қолданылуы Абай ілімі 
жүйесіндегі қағидалар мен қисындардың мағыналық-құры-
лымдық ерекшеліктерін білу, түсіну жəне қолдану мақсатын-
дағы əрекеттерде басты жəне маңызды үлгі қызметін атқаруы-
мен байланысты. Бұл үлгі Абай ілімінің құрамдас үш бөлімін 
жəне олардың əрқайсысының ерекшеліктерін, өзара байланыс-
тарын ашып көрсетуде тиімді қызмет атқарады. 
Абай іліміндегі бес асыл іс категорияларын білу, түсіну жəне 
қолдану қажеттілігі құрамдас бес үшкілден тұратын бір-бүтін 
модельдің үлгісін таңдауды талап етті. Осы талапқа бес үшкілден 
тұратын модель сай келеді.
Абайдың бес асыл ісіндегі əр категория – бір үшкіл. Əр үшкіл 
жəне оның мəнісін білдіретін əр категория басқа үшкілдермен 
жəне олардың мəнісін білдіретін категориялармен өзара бірлікте, 
байланыста.
Мысалы: Бес асыл іс категорияларының біріншісі – талап. 
Талаптың асыл сипаты Абай үшкілінің басты заңдылығын (ақыл, 


39 
қайрат, жүректі бірдей ұстау) сақтау арқылы ашылады. Қалған 
категориялар туралы да осыны айтуға болады.
Бес жаман іс категорияларын саралау үшін де осы үлгі 
лайықты. Мұндағы ерекшелік үшкілдің үш бұрышындағы ақыл, 
қайрат, жүрек бірлігінің бұзылуында, ақыл, қайрат, жүрек үшеуін 
бірдей ұстай алмауда. Оны анықтау үшін де жоғарыда 
көрсетілген амал қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет