Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


ТАЛАП → ҚАБЫЛДАУ → БІЛУ → ТҮСІНУ



Pdf көрінісі
бет34/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
Абайдың-таксономиясы

ТАЛАП → ҚАБЫЛДАУ → БІЛУ → ТҮСІНУ 
→ ЕСТЕ САҚТАУ → ҚОЛДАНУ. 
Абайдың таксономиясы құрамдастарының иерархиясын 
ықшамдау қажеттігі туралы ой тууы мүмкін. Мысалы, Блум 
таксономиясы бойынша жұмыс жасап дағдыланып қалған 
мамандарға Абай таксономиясы иерархиясынан үш үдеріс 
жеткілікті болып көрінуі ғажап емес: білу→түсіну→қолдану. 
Олай болғанда, қалған үдерістер ойда тұрады дегенмен, мұндай 
ықшамдау Абай таксономиясының иерархиялық жүйесінің қалған 
құрамдастарының бірте-бірте ойдан да шығып қалуына, сөйтіп, 
Абай таксономиясының толық жүйесінің бірте-бірте ұмыт 
болуына алып келетін болады. Бұған жол беруге болмайды. 


70 
Өйткені Абай таксономиясы – білім беру ісіндегі, білім беруді 
мемлекеттік басқарудағы, ұлттық білім беру тарихы мен 
теориясындағы баға жетпес құндылық.
Абай негіздеген танымдық үдерістердің иерархиялық жүйесі – 
толымды, кемел жүйе. Бүгінгі күн үшін оның тарихи мəні терең, 
теориялық негізі берік, əлеуметтік маңызы зор. Бұл жүйенің 
құрамдастарының орнын ауыстыруға, бірін алып тастауға, басқа 
бірдеңені қосуға болмайды. 
Абайдың таксономиясы 
 
۞
۞
 ۞ ۞ ۞۞ 
 ТАЛАП ҚАБЫЛДАУ БІЛУ ТҮСІНУ ЕСТЕ САҚТАУ  ҚОЛДАНУ 
 
Қазіргі ғылыми танымда оқу мақсаттарының иерархиялық 
жүйесін Блумның таксономиясы бойынша мына үлгіде өрнектеу 
бар дедік: білу → түсіну → қолдану → талдау → жинақтау → 
бағалау. Қазақстанның білім беру ісінде осы таксономия ресми 
түрде кеңінен қолданысқа енгізілді. Мұның Абайдың 
таксономиясынан артықшылығы жоқ, кемістігі бар.
Абайдың жүйесі өзіне тəн ерекшеліктермен, құрам-
дастарының сатылы деңгейде сабақтасқан иерархиялық сипа-
тымен ерекшеленетін болса, Блум таксономиясының құрам-
дастары құрылымынан ондай қатынас табылмайды. Верти-
калдық, сатылы, иерархиялық қатынастағы құбылыстарды 
жүйелеудің теориясы мен методологиясы Блум таксономия-
сының қалыптасқан талаптарға қайшылығын көрсетеді. Олай 
болатын себебі мынада: білу→түсіну→қолдану жəне тал-
дау→жинақтау→бағалау өзара сатылы деңгейде сабақтасқан 
иерархиялық жүйе құрамдастары емес. Талдау→жинақтау→ 
бағалау Абай негіздеген иерархиялық жүйенің əр құрамдасында 
жəне тұтас жүйеде азды-көпті бірдей жүзеге асатын ойлау 
əрекеттері. Мысалы, талдау Абайдың иерархиялық жүйесіндегі 
танымдық əрекеттердің əрқайсысында жəне бəрінде жүзеге 
асады. Талдаусыз, талдау элементтерінсіз талап та, қабылдау да, 
білу де, түсіну де, есте сақтау, қолдану да болмайды. Жинақтау, 
бағалау жайы да осындай.
С.Л. Рубинштейн талдау мен жинақтауды ойлау əрекет-
терінің деңгейлеріне емес, ойлау операцияларының түрлері 


71 
қатарына жатқызады [12, 377-378]. Талдау мен жинақтау, бағалау 
танымдық ойлау операцияларының түрлері қатарына жататыны 
туралы пікірдің теориялық, методологиялық негізі берік. Білу, 
түсіну, есте сақтау – иерархиялық жүйедегі үдерістер. Бұл 
үдерістер талдау, жинақтау, бағалау сияқты ойлау операциялары, 
ойлау құралдары арқылы жүзеге асады. Талдау, жинақтау, бағалау 
сияқты ойлау операциялары болмаған жағдайда білу, түсіну, есте 
сақтау сияқты иерархиялық жүйе құрамдастарының ешқайсы-
сына қол жетпейді. Осы тұрғыдан мынадай тұжырым жасауға 
болады: талдау, жинақтау, бағалау – танымдық ойлау үдерістері 
иерархиясының құрамдастары бола алмайды. Талдау, жинақтау, 
бағалау – танымдық ойлау əрекеттерінің түрлері. Олар – Абайдың 
иерархиялық жүйесіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің 
үдерісін жүзеге асырудың амалдары мен құралдары, тетіктері 
қызметін атқаратын ойлау əрекеттері.
Абай өз жүйесінде сипатталған кейбір қосалқы ұғымдардың 
өзін саралап көрсетеді. Мысалы, кісінің білімі мен ғылымын 
көбейтуінің екі құралының бірі білгенді ұмытпастық десе, осы 
құралдың қуатын зорайтудың мынадай шарттарын қоса көрсетеді: 
а) көкірегі байлаулы берік болмақ; ə) белгілі бір нəрсені естігенде 
немесе көргенде ғибратлану, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу; 
б) ұққанын іштей бірнеше қайтара ішінен ойланып, көңілге 
бекіту; в) ой кеселді нəрселерден қашық болу [2, 173-174]. 
Сипатталған осы əрекеттер білім алушының білу үдерісіндегі 
ішкі күйіне, психологиялық қалпына қойылатын талаптарды 
білдіреді. 
Ынта ұғымы талап ұғымымен тектес. Талап, ынта тіршілікте 
өзара шектес, мəндес айтыла береді. Абайдың білім кон-
цепциясында олай емес. Абайдың білім концепциясында білім 
алуға талап қылу, талаптану өз алдына бөлек ұғымды білдіреді. 
Ал белгілі бір нəрсені естігенде немесе көргенде ғибратлану, 
көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу дегендегі ынта – белгілі бір 
процестің нəтижелі орындалуына қажетті амал. Ұғу білгенді 
ұмытпастықтың, есте сақтаудың алғышарты болғанда, ынта 
соның сипатын білдіреді. Ынтасыз ұғу, ынтасыз білім, ғылым, 
өнер үйрену жоқ [1, 203].
«Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап» [1, 91], – дейді ақын. 
Құлақпен естіген, көзбен көрген жайдың мəнісін ынтамен ұғудың 


72 
маңызы үлкен. Ынтасыз, ықылассыз тыңдаған ақыл сөзі бір 
құлақтан кіріп, екінші құлақтан шыққанмен бірдей.
Алла деген сөз жеңіл, 
Аллаға ауыз жол емес. 
Ынталы жүрек, шын көңіл, 
Өзгесі хаққа қол емес [1, 268], – 
дегенде Абай ынта ұғымына қатысты өз ұстанымын жаңа бір 
қырынан аңғартады.
Ақылмен ойлап білген сөз, 
Бойыңа жұқпас, сырғанар. 
Ынталы жүрек сезген сөз, 
Бар тамырды қуалар [1, 278], – 
дегенде де ынта ұғымының аясы нақтылана түседі. Бұл жерде де 
ынта танымдық үдерістерді қамтамасыз етуші тетік (амал, 
құрал) ретінде қолданылған.
Абайдың білім концепциясында танымдық ойлау əрекеттері 
– өз алдына бірбүтін күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың 
құрамдастарын анықтау, ол құрамдастардың арасындағы 
қатынастар, байланыстар заңдылығын саралау, танымдық ойлау 
əрекеттерінің иерархиялық жүйесін түзу, оның логикалық 
моделін жасау – аса маңызды міндет. Зерттеу барысында бұл 
міндеттер ойдағыдай орындалды.
Абайдың білім концепциясы жүйесіндегі білім алушының 
танымдық ойлау əрекеттерінің иерархиялық жүйесі, оның та-
рихи, ғылыми мəні айрықша маңызды. ХІХ ғасырда негізделген 
осы иерархиялық жүйеге ХХІ ғасырға дейін мəн бермей, мəнісіне 
үңілмей өткеніміз өкінішті.
Абайдың білім концепциясында əр қырынан негізделген
 
танымдық əрекеттердің иерархиялық жүйесін бұзбай, өзгертпей 
қабылдап, білім беру, оқу үдерісіне енгізудің үлкен əлеуметтік 
маңызы бар. Абай іліміндегі танымдық ойлау деңгейлерінің 
иерархиялық жүйесін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет