Таланттар



бет40/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151
Таланттар

Сатиқа апа

Жәкеңнің Сатыш деген баласының бәйбішесі. Немересі Әлімқұл ағаның айтуынша, Сатыш атаның Абай деген туған ағасына Сатиқаның қалың малын беріп, айттырып, алайын деп отырғанда, Абай қайтыс болып кетеді. Онда Сатиқа апамыз 15-те екен. Күйеуі өлсе де, қалыңдығын жібермей, алып келіп, сол үйде жүре береді. Кейін Сатыш атаға қосқан. Сатиқа апамыз келгенде, Сатыш ата сегізде дейді. Көрпенің бер жағынан кіріп, ар жағынан шығып ойнап жүрген бала. Тойға баратын болса, ойнап кетпесін деп үйге қамап кетеді екен. Апамыздан бір қыз туған, 2-3 айлығында шетінеп кеткен. Сол қалпында Сатыш ата екеуі сыйласып өткен. Қайнағасының баласы Әлімқұл ағаны бауырына салып, емізіп өсірген. Жәкеңді Әтиім дейді екен.


Жетпісінші жылдары Сатиқа апа 90-ды маңайлаған кезі. Бет-аузын әжім басқанымен, дөңгелек жүзі қызыл шырайлы, шаралы қара көздерінен жоғары әдемі қастары кең маңдайына серпіле қалған. Бір кезгі сұлулықтың ізі жоғалмаған, сымбатты, сұңғақ кісі екен. Есігінің алдындағы қоршауға сүйеніп тұрып, қолымен көзін көлегейлеп, өтіп бара жатқан кісіге: «Бұл қайсың? Үйге кіріп, шай ішіп кет», – деп қол бұлғап тұратын. Бұрынғы адамдар неге мұндай болды екен...
Сатиқа апа Жәкеңнің ең үлкен келіні болғандығынан ба, әлде көңілінде қылау жоқ адалдығынан ба, ақшасы сол кісінің белінде байлаулы жүріпті. Тезекбай ата ол кездерді еске алып, күліп отыратын: «Жәкеңнің қаламақысы келеді. Екі-үшеуімізді шақырып алып санатады. Санаған боп отырып, желкемізді қаси беріп, артқа қарай біреуін тастап жібереміз, ол жақтан біреу қағып алады.
Сосын қалғанын Сатиқаның белбеуіне орап береміз де, дем алуға қисайған кезін аңдимыз. Ұйықтап жатқанда білдірмей, суырып талай алушы едік. Жәкең басқамыздан гөрі Сатиқаға сенетін».
Сатиқа апаның да өмірін арнаған бір-ақ жүмысы болды: он бесінде келіп түскен, жетпіс жыл сыйласқан, Сатышына Қантайды әперіп, балалы-шағалы қылды, өзі, сол үйдің ұялы бәйбішесі болып, шалының он баласын мойнына мінгізіп, апалатты, аталарының аруағын сыйлады. Тоқсанынан асып барып, үш-төрт күн дем алған адамдай көзін жұмып, тым-тырыс қалғып жатып, жүрегі тоқтады. Өткен өмірінің бары-жоғын ырзалықпен қабылдап, «шүкір», – деген қалпында Жәкең барған бір тайпа елге қарай жөнеп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет