Таланттар


САБАҚТАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРГЕ ТҮСІНІК



бет90/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151
Таланттар

САБАҚТАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРГЕ ТҮСІНІК

Баланың ұлттық болмысы ұлт мәдениетін терең біліп өсуіне байланысты қалыптасады. Мәдениет өнерге ғана қатысты емес. Оның аясы кең. Адамзат өркениетке мәдениетті дамыту арқылы жетті. Қазақ халқының да сан ғасырлық мәдениет тәжірбиесі оны ұлт ретінде қалыптастырады.


Біздің бағдарламамыз жалпы ортақ білім базасының мазмұнына қосымша сабақтарды енгізуді ұсынады. Сонымен бірге халық тәрбиесінде болған, бірақ қазіргі қалыптасқан жүйеде кездесе бермейтін «дәстүрлі емес» әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет деп есептейді. Ол әдіс-тәсілдер баланың өзіне деген сенімін арттыруға игі әсерін тигізеді. Баланың «Мен»-ін сыйлау, құрметпен қарау – басты назарда.
Тереңдетілген сабақтардың уақыт жағынан сыйымдылығын жан-жақты ойластырып шешуге болады. Мысалы: бастауыштағы сабақтардың 30 минуттан өткізу мүмкіндігін қарастыру. Толық жүктемеге жеткізу. Факультатив түрінде ұйымдастыру. «Дене мәдениеті» (дене шынықтыру) пәнін үйірме түрінде түстен кейінге шығару т.б.
Ең негізгісі – сабақта жанға жайлы орта жасау. Шаршатпау. Сабақ қызық әрі пайдалы болуы қажет. Осы екі шарттың бірі орындалмаса, сабақтың толық мәні болмағаны.


БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


Хат жазысу. Шәкірт пен ұстаз, шәкірт пен шәкірт арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Бұл – бұрынғы қазақ өмірінде адамның адамға деген сезімін, сағынышын, сыйластығын, парасатын жариялаудың бір формасы ретінде кеңінен орын алған дәстүр болғанымен, қазіргі жастар ортасында ұмытып бара жатқан өнер.
Практикалық-бейнелеу. Әсіресе әдебиет сабақтарында көркем мәтінді сахналандырып отыру. Бұл әдіс сандық түсініктен сапалы түсінікке әкеледі. Көркемөнерге, шығармашылыққа тәрбиелейді. Көркем бейнелер арқылы оқыту бала қиялын дамытады. Жан сезіміне әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән мұғалімі, драма жетекшісі, музыка, қол өнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері бірдей қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет