Таланттар



бет96/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Таланттар

Жиырма тоқтам

– Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.


Баға құнды емес, бала құнды.
– Ұстаз қызметінің мақсаты – өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: Ол – адамды жасаушы адам.
– Сабақ – ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы.
– Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
– Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
- Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға білсін.
– Әр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара. Сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағына қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.
– Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
– Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.
– Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.
– Баланы таңғалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады».
– Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Жеңісін ізде.
Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.
– Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа.
– Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.
– Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.
– Импровизация – сабақтың жаны.
– Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.
– Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін-ақ сыйлауға тұрады.

Бесінші – сегізінші қосымшалар




«ӘЛЕМ ЖӘНЕ МЕН»
(Бастауышқа арналған бағдарлама)


Тілашар. Бірінші сынып
«Ай көрдім, аман көрдім». Жаңа ай туғанда айтылатын тілек өлеңінің мағынасы. Жаңа ай, жарты ай, толған ай. Қырынан, шалқасынан, етпетінен туған айдың мәнісі.
Жаңа киім кигенде не айтамыз?
«Дастарқаның тоқ болсын!» Бата үйрету.
Бейсенбі-жұма – аруақтарды еске алатын күн. Құран оқудың мәнісі. «Ықылас» сүресін үйрену.
Кім қалай дауыстайды? Аңдар мен құстардың даусын ажырату.
Наурызға тілек. «Наурыз» жырын үйрену.
Жаңа сөздер үйрену: Киіз үй. Кереге. Шаңырақ. Уық. Білезік. Бөрік. Сырға. Шолпы. Алқа. Сақина.
Бес қару. Жақ-садақ. Айбалта. Найза. Шоқпар. Дойыр қамшы. Дулыға. Балпанақ қайда өмір сүреді? Балпанаққа байланысты сөздер.
Жұмбақтар үйрену.
Жаңылтпаштар үйрену.
Мақал-мәтелдер үйрену.
Ертегілер: («Мысық пен ит неге араз?»).
Не дәмді? («Не дәмді?» ертегісі бойынша).
Жалқау түлкі. («Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі бойынша). Менің қойым ақылды. («Қой мен қасқыр» ертегісі). Әтеш неге шақыра береді?
(«Әтеш пен тоты» ертегісі). «Айлакер қоян» ертегісі.
Арыстан мен маймылды қорқытқан түлкі. «Арыстан» ертегісі. Көкек неге ұя салмайды? Еріншек көкек. «Сауысқан мен көкек» ертегісі бойынша.
Ең үлкен алып кім? «Жеті алып» ертегісі бойынша.
Ойдан ертегі шығарамын. «Менің ертегім» (Шәкірт шығармашылығы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет