«Талап қою құқығын іске асыру шарттарының сақталмау салдарының теориялық мәселесі»



Дата14.06.2016
өлшемі147.53 Kb.
#136081
Шукенова Жадыра Сламханқызы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң және экономика факультетінің магистранты

«Талап қою құқығын іске асыру шарттарының сақталмау салдарының теориялық мәселесі»

Резюме

В данной статье рассматриваются различные взгляды, касающиеся последствий несоблюдения условий осуществления права граждан на иск в гражданском процессе и определяются признаки гражданского процесса.


Resume

In given clause various sights concerning consequences of non-observance of conditions of realization of the right of citizens on the claim in civil process are considered and attributes of civil process are defined.


Түйін

Мақалада азаматтық іс жүргізудегі талап қою құқығын іске асыру шарттарының сақталмау салдарының теориялық мәселесіне қатысты әртүрлі көзқарастар айтылады және азаматтық іс жүргізудегі белгілері қарастырылады.


Азаматтық ic жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық ic қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық ic жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы ic жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау.

Талап қоюдың заңда белгіленген тиісті тәртібін сақтамау құқық бұзушылықтың нақты түріне және оның анықталу сәтіне байланысты төрт түрлі салдарға әкеледі: талап арызды қозғалыссыз қалдыру; талап арызды қайтару; істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру; талап арызды қараусыз қалдыру. Алғашқы екеуі азаматтық іс сотта қозғалғанға дейін, ал қалғаны іс сотта қозалғаннан кейін қолданылады.

Талап арызды қайтару мен қозғалыссыз қалдыру туралы мәселені судья азаматтық істі қозғау барысындағы басқа мәселелер тәрізді жеке дара шешеді. Талап арызды қайтару және талап арызды қозғалыссыз қалдыру институттары бір-бірінен нақты негіздеріне, рәсімделу тәртібіне және құқықтық салдарына қарай ажыратылады. Алдымен талап арызды қайтару мәселесіне тоқталайық.

Талап арызды қайтару азаматтық істің сотта қозғалуына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты талап арыздың осы сәтте қабылданбауын білдіреді. Талап арыздың қайтарылуына әкелетін кедергілер оңай жойыла алады, сондықтан талап қоюшыға жол берілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша қайтадан сотқа талап қойып жүгінуге мүмкіндік береді.

Талап арызды қайтарудың негіздері ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 154-бабының 1-бөлігімен реттеледі. Бұл негіздердің ішінде талап қою құқығын іске асыру шарттарының сақталмағанын көрсететін мән-жайлар мыналар:


  1. талап қоюшының істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын-ала
    шешудің заңдармен белгіленген тәртібін сақтамауы және осы тәртіпті қолдану
    мүмкіндігінің жойылмауы;

  1. істің осы соттың соттауына жатпауы;

  2. арызды әрекетке қабілетсіз адамның беруі;

  3. арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адамның қол қоюы;

  1. осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы, сол
    нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде істің бар болуы.

Осы негіздер бойынша сотқа берілген талап арыз ғана емес, ерекше талап қоюмен жүргізілетін және ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздар, шағымдар, наразылықтар да қайтарылуы мүмкін.

ҚР АІЖК-нің 154-бабының 1-бөлігінің 7-тармақшасында талап арыздың талап қоюшының өтініші бойынша қайтарылатыны көрсетіледі. Бұл мән-жай талап қоюшының еркін білдіріп тұрғандықтан талап қою құқығын іске асыру шарты ретінде бола алмайды.

Талап арызды қайтарудың келесі негізі ҚР АІЖК-нің 155-бабының 2-бөлігінде аталады. Бұл нормаға сәйкес талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымда аталған нұсқауларды орындамаса, арыз оған қоса тіркелген барлық кұжаттарымен бірге талап қоюшыға қайтарылады.

Сонымен бірге талап арызды қайтару негіздері ретінде мына мән-жайлар да бола алады: заңнамалық актілерде өзгеше көзделмеген жағдайда, тараптар арасында осы дауды аралық сотқа беру туралы келісімнің жасалуы; әйелінің жүктілігі кезеңінде және бала бір жасқа толғанға дейінгі уақытта күйеудің некені бұзуына әйелдің келісімінің болмауы; қарсы талапты қабылдау шарттарының болмауы. Осыларға байланысты тиісті толықтырулар ҚР АІЖК-нің 154-бабының 1-бөлігіне және 157-бабына енгізілуі керек.

Судья жоғарыда аталған талап арызды қайтару негіздерінің кез-келгеніне байланысты талап арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығаруы керек. Онда арыз берушіге істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетеді. Судьяның талап арызды қайтару туралы ұйғарымына жеке шағымды немесе жеке наразылықты апелляциялық сатыдағы сотқа бұл ұйғарым шығарылған күннен бастап он бес күн ішінде беруге болады (ҚР АІЖК-нің 154-бабының 4-бөлігі, 344-бабының 4-бөлігі).

ҚР АІЖК-нің 155-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап арызды қозғалыссыз қалдырудың негіздері мынадай:

1) берілген талап арыздың нысаны мен мазмұнының ҚР АІЖК-нің 150-
бабына сәйкес келмеуі;

2) талап арызға ҚР АІЖК-нің 151-бабының 1-тармақшасына сәйкес


жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерінің тіркелмеуі;

  1. талап арызға мемлекеттік баждын төленбеуі;

  1. талап арызға ҚР АІЖК-нің 151-бабының 3-тармақшасына сәйкес өкілдің
    өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың немесе өзге құжаттың тіркелмеуі.

Әдебиетте талап арызды қозғалыссыз қалдырудың негіздері сотқа жүгінетін тұлға ғана түзете алатын талап арыздың процессуалдық кемшіліктері ретінде аталады [1]. Мұндай негіздердің тізімі толық сипатқа ие және кеңейтілген талқылауға жатпайды.

Талап арызды қозғалыссыз қалдыру келесі тәртіппен жүргізіледі. Судья жоғарыда аталған негіздерді анықтағаннан кейін талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Талап арыздағы кемшіліктерді түзетуге арналған мерзім заңмен нақты белгіленбеген. Бұл мерзімдер туралы мәселені судья нақты мән-жайларды ескеріп өз қарауынша шешеді. Сот тәжірибесінде талап арыздың кемшіліктерін түзетуге шексіз мерзім белгілейтін немесе бір айлық мерзім беретін жағдайлар кездеседі. У. Сулейменова бұл жерде "ақылға қонымды мерзімді" қолдану қажеттігін ұсынады [2]. Ал З.Х. Баймолдинаның пікірінше, бұл мерзім бес күн мерзімнің шегінде белгіленуі керек, өйткені АІЖК-нің 152-бабының 1-бөлігіне сәйкес судья талап арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені ол түскен күннен бастап бес күн мерзімде шешуге міндетті [3]. ҚР Жоғарғы Сотының "Аудандық және оларға теңестірілген соттарда талап арыздарды қабылдау жөніндегі" нұсқауларының мазмұнынан сот тәжірибесінде бес күндік мерзімнің қолданылатынын көруге болады [4].

Сот тәжірибесінде судьялардың талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымда аталған кемшіліктердің мерзімінде түзетілмеуіне байланысты талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығаруды ұмыт қалдыратыны, сондай-ақ кемшіліктерді түзетуге 5 күндік емес, одан үзағырақ мерзім белгілейтіні орын алады. Мысалы, Ушурованың Ауезов ауданының сауда бөліміне қойған мүлікті талап ету және моральдық зиянды өндіру туралы, Мошниеваның Марусичке қарызды өндіру туралы талаптары бойынша талап арызды қайтару туралы ұйғарымдар шығарылмаған. Бірінші іс бойынша 21.01.2003 ж. ұйғарыммен талап арыз 31.01.2003 жылға дейін, ал екінші іс бойынша талап арыз 07.01.2003 ж. ұйғарыммен 17.01.2003 жылға дейін қозғалыссыз қалдырылған, ал осы мерзім өткенде іс аяқталған [5].

ҚР АІЖК-нде талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымға шағымдану немесе наразылық келтіру мүмкіндігі тікелей көрсетілмеген. Н.И. Масленникова, З.Х. Баймолдина сияқты процессуалистер аталған ұйғарымға шағымдануға немесе наразылық келтіруге болатындығы туралы пікірлер айтады [6]. З.Х. Баймолдинаның айтуынша, бұл ұйғарымға келесі негіздерге байланысты жеке шағым беруге немесе жеке наразылық келтіруғе болады, біріншіден, ҚР АІЖК-нің 336-бабының 2-бөлігінде көрсетілген ұқсас сипаттағы норманы ескеру керек. Оған сәйкес соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдарына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Екіншіден, талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым азаматтық істің қозғалу мүмкіндігіне кедергі болатындықтан шағымдануға және наразылық келтіруге жатады. Сонымен осы пікірді қолдай отырып және ҚР АІЖК-нің 344-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым істің әрі қарай ілгерілеуіне бөгет болатын жағдайларда оған жеке шағым немесе жеке наразылық берілуі мүмкін деуге болады.

Заң шығарушының аталған жағдайларда ұқсас сөздерді қолдануы олардың мәні бірдей дегенді білдірмейді. З.Х. Баймолдинаның пікірінше, талап арыз қозғалыссыз қалдырылатын бірінші жағдай сот өкіліне сенім білдіруші берген істі жүргізуге өкілеттіктің тиісті түрде ресімделмеуіне немесе мүлде ресімделмеуіне не сәйкес құжаттардың арызға тіркелмеуіне қатысты болады, ал арыз қайтарылатын екінші жағдай сотқа арыз берген тұлғада өкілдің өкілеттігі жоқ, яғни мүдделі тұлға оған істі жүргізуге өкілеттік бермеген дегенді білдіреді. Сондықтан автор ҚР АІЖК-нің 154-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасын келесі редакцияда көрсетуді ұсынады: "егер арызды мүдделі тұлғаның атынан істі жүргізуге өкілеттігі жоқ тұлға берсе"[7].

Бұл пікірмен келісуге болады. ҚР АІЖК-нің 155-бабының 1-бөлігінде және 154-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасының мазмұны жоғарыда келтірілген мағынаны білдіретіндігі қарастырып өткен екі институттың мәніне сай келеді. Талап арызды қозғалыссыз қалдыруға талап қоюшының өзі қол қойған талап арызды әкіл берген жағдайда оған өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттың тіркелмегенін көрсететін мән-жайлар әкеледі. Талап арызды қозғалыссыз қалдыруға негіз болатын келесі бір жағдай - ҚР АІЖК-нің 150-бабының 5-бөлігіндегі ереженің сақталмауы талап арызға талапкердің не оның сәйкес өкілеттігі бар өкілінің қолдарының қойылмауын білдіреді. Ал талап арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адамның қол қоюына байланысты екінші жағдай басқа тұлғаның мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінген тұлғада талап қоюға және талап арызға қол қоюға өкілеттіктің мүлде жоқтығын білдіреді. Бұл мән-жай талап арызды қайтаруға әкеледі.

Соттың азаматтық сот ісін жүргізу барысындағы басты міндеті - өзінің іс жүргізуінде жатқан әрбір азаматтық істі қарап, ол бойынша шешім шығару. Сот шешімінде мүдделі түлғалардың мәлімдеген талаптарына нақты толық жауап болуы керек. Бірақ азаматтық істерді қарау тәжірибесінде процесті әрі қарай жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар кездесуі мүмкін. Осы мән-жайларға байланысты соттағы азаматтық іс шешім шығарылмай аяқталады. Сотта істің шешім шығарылмай аяқталуы оның мәні бойынша қаралмағанын және шешілмегенін білдіреді.

Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заннамасында істерді сот шешімін шығармай аяқтаудың мынадай нысандары көзделген: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру. Бұлардың ішінде талап қою құқығын іске асыру шарттарын сақтамау салдарына талапты қараусыз қалдыру жатады, ал талап қою құқығының болмауы іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға әкеледі.

З.К. Абдуллина, С.И. Веливис, М.А. Гурвич, И.Д. Фондаминский және т.б. ғалымдардың XX ғасырдың ортасында жазған ғалыми жұмыстарынан таланты қараусыз қалдыру институтының өзекті мәнге не болғанын аңғаруға болады [8,9,10,11]. Аталған ғалымдар ұқсас талан қоя алу мүмкіндігі іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың мәніне сәйкес келмейтінін, сол себепті таланты қараусыз қалдыру институтын заңнамаға енгізу қажеттігін ғылыми түрғыдан дәлелдеп берді.

М.А. Гурвичтің атап көрсетуінше, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту және таланты қараусыз қалдыру азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері мен салдары әртүрлі болып келетін екі дербес институтын құрайды, бүл институттарды бір атаумен біріктіру істі аяқтаудың маңызды, бірақ мәні әртүрлі процессуалдық екі нысанының араласып кетуіне әкелді [12]. С.И. Веливистің айтуынша, ұқсас талаппен жүгіну мүмкіндігі іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың мәніне сәйкес келмейді. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту - бүл соттың іс бойынша қызметін, талан қоюшыны сотқа осы іспен екінші рет жүгіну қүқығынан айыра отырып, аяқтау. Талап қоюшы сотқа талаппен жүгіне отырып, өз құқығын немесе мүддесін мәні бойынша қорғауды сот шешімі түрінде алуға үміттенеді. Бірақ сот белгілі бір мән-жайларға байланысты істің мәні бойынша жауап бермейді және болашақта да жауап бере алмайды, өйткені процестің заңсыз қозғалуының не оны жалғастырудың мүмкін еместігінің салдарынан іс бойынша шешім шығаруға болмайтыны заңда белгіленген. Бірақ азаматтық істерді шешу кезінде кейде соттың тек осы процесте ғана істі мәні бойынша қарап, шешім шығара алмауына байланысты мән-жайлар кезігеді. Бұл сотқа жүгінуге құқықтың шартты уақытша жоқ болуымен және оның кейіннен жойыла алатындығымен түсіндіріледі. Мұндай жагдайда қайтадан талап қою мүмкіндігінің болмауы мүдделі тұлғаны сот арқылы қорғану қүқығынан негізсіз айырар еді [13].

Сонымен теориялық тұрғыдан негізделген талапты қараусыз қалдыру институтының заң жүзінде бекітілуі дұрыс қадам болды. Іс жүргізуді қысқарту және таланты қараусыз қалдыру институттарының дербестігін олардың мәні көрсетеді: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту талап қоюшыда талап қоюға қажетті алғы шарттар болмауына байланысты істі қарау бойынша процесті жалгастырудың мүмкін еместігін не орынсыздығын білдірсе, таланты қараусыз қалдыру талап қоюшыда талап қоюға және сот арқылы қорғануға құқықтың бар екендігін, бірақ оның заңда белгіленген талап қою тәртібін сақтамағандығын білдіреді.

Азаматтық процесте талапты қараусыз қалдырудың негіздері ҚР АІЖК-нің 249-бабында аталады:

- талап қоюшының осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды
алдын-ала сотқа дейін шешудің міндетгі тәртібін сақтамауы және осы тәртіпті
қолдану мүмкіндігінің жойылмауы;

арызды әрекетке қабілетсіз адамның беруі;

арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігінің болмауы;


  • осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
    мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған істің
    болуы;

  • егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында бұл
    дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісімнің жасалуы
    және жауапкердің істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта
    шешуге карсылық білдіруі;

  • өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптардың екінші шақыру
    бойынша сотқа келмеуі;




  • өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшының екінші
    шақыру бойынша сотқа келмеуі, ал жауапкердің істі мәні бойынша қарауды
    талап етпеуі;

  • өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адамның мәлімделген таланты
    қолдамауы;

- талап арызды қайтарып алу туралы өтініштің берілуі, ал жауапкердің істі
мәні бойынша қарауды талап етпеуі.

Аталған негіздер талап қою арқылы жүргізілетін істерден басқа ерекше талап қоюмен және ерекше тәртіппен жүргізілетін істерге де қолданылады.

Таланты (арызды) қараусыз қалдырудың негіздерін жіктеуге байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, Е.Г. Пушкар таланты (арызды) қараусыз қалдырудың негіздерін екі топқа бөледі:

а) таланты қараусыз қалдырудың міндетті негіздері;

б) таланты қараусыз қалдырудың факультативті (міндетті емес) негіздері.
Талапты міндетті түрде қараусыз қалдыру соттың талапты мүдделі

тұлғалардың еркіне қарамастан қараусыз қалдыруы тиіс жағдайларды білдіреді. Талапты міндетті түрде қараусыз қалдыру негіздерінің жалпы белгісіне соттың іс жүргізуінде істің заңсыз пайда болуы жатады. Міндетті негіздер болып келесілер табылады: талап қоюшының осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын-ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамауы; арызды әрекетке қабілетсіз адамның беруі; арызды беруге өкілеттігі жоқ адамның беруі; соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бүрын қозгалған істің болуы. Талапты факультативті қараусыз қалдыру соттың істің нақты мән-жайларына байланысты таланты қараусыз қалдыруы мүмкін (тиіс емес) жагдайларды білдіреді. Талапты қараусыз қалдырудың факультативті негіздеріне келесілер жатады: өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптардың және өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшының екінші шақыру бойынша сотқа келмеуі.

З.Х. Баймолдина арызды қараусыз қалдырудың негіздерін үш топқа бөлуді ұсынады:

1) талапкердің талап қою (арыз беру) құқығын жүзеге асырудың заңмен белгіленген тәртібін бұзуын көрсететін мән-жайлар. Бұл мән-жайлар -азаматтық іс қозғалғанға дейін болған мән-жайлар;



  1. істің ілгері жылжуын және дауды мәні бойынша шешуді тараптардың
    кінәсінен не талап қоюшының (тараптардың) ерік білдіруіне байланысты
    мүмкін етпейтін мән-жайлар. Бұл мән-жайлар іс қозғалғаннан кейін пайда
    болады;

  2. арызды осы процесте заңда тікелей көрсетілген жағдайға байланысты
    қарау мүмкін еместігін көрсететін мән-жайлар.

Бірінші топтағы негіздерге ҚР АІЖК-нің 249-бабының 1-4-тармақшаларындағы мән-жайлар жатады, екінші топтағы негіздерге ҚР АІЖК-нің 249-бабының 5-9-тармақшаларындагы мән-жайлар, ал үшінші топтағы негіздерге ҚР АІЖК-нің 249-бабының 10-тармақшасында және 290-бабында көзделген мән-жайлар жатады.

Осыған ұқсас жіктеуді В.М. Шерстюк, И.В. Решетникова және т.б. келтіреді, бірақ олар екінші топтағы негіздерге тараптардың сотқа келмеуін ғана жатқызады [14, 15].

Тағы бір топ ғалымдар арызды қараусыз қалдырудың негіздерін екі топқа бөлуді ұсынады: 1) мүдделі тұлғаның сотқа қорғалу үшін жүгіну құқығын тиісті түрде жүзеге асыру шарттарын сақтамауын көрсететін негіздер; 2) процестің заңсыз пайда болуымен байланысты емес, тараптың бірінің немесе екеуінің де сот отырысына келмеуіне байланысты процестің аяқталуын мүмкін етпейтін негіздер [16]. Бірақ бұл ойдың кемшіліктері бар. Біріншіден, арызды қараусыз қалдырғанда процесс аяқталады, сондықтан "процестің аяқталуын мүмкін етпейтін негіздер" деу дүрыс емес, екіншіден, "тараптың бірінің" дегенде талап қоюшы немесе жауапкер болжалынады, бірақ заңнамага сәйкес тек талап қоюшы немесе екі тарап та келмеген жағдайда арызды қараусыз қалдыруға болады.

Қарастырып өткен арызды қараусыз қалдыру негіздерін жіктеулердің ішінде З.Х. Баймолдинаның жіктеуі дұрыс, әрі қолданыстагы заңнамаға сай келеді және арызды қараусыз қалдыру негіздерінің мәнін түсінуді жеңілдетеді.



Қорыта айтқанда, талап қою құқығын іске асыру мәселесін кешенді зерттеу оның теориялық-құқықтық реттелуінде проблемалардың бар екенін көрсетті. Талап қою құқығын іске асыру шарттарының сақталмау салдары мәселесінде де құқықтық реттеуді жетілдіруді қажет ететін жайлар бар екені анықталды.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Розова М.Ю. Основания к оставлению без движения заявления,
    поданного в суд // Вопросы совершенствования социального и правового
    регулирования. Межвузовский сборник научных трудов. - Свердловск: УрГУ,
    1981.

  2. Сулейменова У. Доступность и публичность правосудия // Усиление
    роли местных судов: независимость судей, обеспечение доступности
    правосудия. Материалы международной научно-практической конференций (г.
    Астана, 25-26 марта 2004 г.) - Астана, 2004.

  3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики
    Казахстан: В двух томах. Т. 2. Особенная часть (Темы 16-30). Учебник. -
    Алматы: КазГЮА, 2001.

  4. Рекомендации по приему исковых заявлений в районных и
    приравненных к ним судах // Бюллетень Верховного суда РК. - 2003.- № 2.

  5. Вергун Л. Обобщение судебной практики по исковым заявлениям,
    оставленным без рассмотрения и возвращенным заявителю // В кн.:
    Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. / Под ред.
    А.Г. Диденко. - Вып. 19. - Алматы: Юрист, 2004.

  6. Рекомендации по приему исковых заявлений в районных и
    приравненных к ним судах // Бюллетень Верховного суда РК. - 2003.- № 2.

  7. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное законодательство
    Республики Казахстан: противоречия и пробелы // Актуальные вопросы
    гражданского процессуального законодательства и трудового права Республики
    Казахстан: Материалы научно-практической конференции (г. Алматы, 19-20
    декабря 2001 года). - Алматы: КазПОУ, 2002. - С. 5-33.

  8. Абдуллина З.К. Прекращение дела и оставление иска без рассмотрения.
    // Вопросы государства и права. Сборник трудов юрид. фак. КазГУ им С.М. Ки­
    рова. - Алма-Ата: Изд. Каз. ун-та, 1963.

  9. Веливис С.И. Некоторые вопросы оставления иска без рассмотрения //
    Правоведение. -1966. - № 4.

  10. Гурвич М.А. Оставление иска без рассмотрения // Советская юстиция. -
    1964.-№22.

  11. Фондаминский И.Д. Полномочия кассационной и надзорной инстанций
    // Вопросы государства и права. Сборник трудов юрид. фак. КазГУ им С.М. Ки­
    рова. - Алма-Ата: Изд. Каз. ун-та, 1963.

  12. Гурвич М.А. Право на иск. - М.-Л.: АН СССР, 1949.

  13. Пушкар Е.Г. Исковое производство в советском гражданском процессе (Процессуальные последствия возбуждения дел). - Львов: Вища школа, 1978.

  14. Гражданский процесс: Учебник. 3-е изд., испр. и доп. / Под ред. М.К.
    Треушникова. - М.: ООО Тородец-издат", 2001.

  15. Решетникова И.В., Ярков В.В. Гражданский процесс. - М.: Изд.
    НОРМА (Издательская группа НОРМА-ИНФРА(М), 2000. - 334 с.

  16. Курс советского гражданского процессуального права: Т.2. Судопроизводство по гражданским делам / Отв.ред, А.А. Мельников.- М.: Наука, 1981.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет