Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық


Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру



бет8/8
Дата26.06.2016
өлшемі383 Kb.
#159349
1   2   3   4   5   6   7   8

29. Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру





        1. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ-кітапшалары әр талапкерден жеке-жеке қабылданады. Талапкер оларды кезекшіге жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.

        2. Кезекші талапкердің жауап парағындағы барлық қажетті секторларын, сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырылуын тексереді.

        3. Кезекші емтихан материалдарын конвертке және қорапқа салады. Бірнеше талапкерлермен бірге мемлекеттік комиссия отырған орынға жеткізеді.

        4. Кезекші Министрлік өкіліне акт бойынша: жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) салынған конвертті, отырғызу парағын, емтихан материалдарын ашу актісін, сұрақ-кітапшалары (пайдаланылған) салынған қорапты, рұқсаттама түбіртегі мен аудиториялық тізім тігілген папканы тапсырады.



30. Тестілеу нәтижелерін өңдеу




        1. Талапкерлердің жауап парақтарын сканерден өткізу нұсқалар файлын алғаннан кейін мынадай тәртіппен жүргізіледі:


  1. Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерден өткізу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болады. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтарының барлығы да сканерден өтеді6. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі рет сканерден өткізіледі.

  2. Министрлік программисі сканерден өткізуді аяқтағаннан кейін, жауап парақтарын конвертке салады және осы нұсқаулықтың 36- қосымшасына сәйкес, жауап парағын сәйкестендіру хаттамасын береді.

  3. Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерден өткізеді.

        1. Егер жауап парағы:

1) осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;

2) ондағы ТЖК өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;



3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе автоматты сәйкестендірілген болып табылады;

        1. Басқа жағдайда, жауап парағы сәйкестендіру хаттамасына түседі.

        2. Егер жауап парағы:

  1. осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;

  2. ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

  3. комиссия нақты орынын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе көзбен шолып сәйкестендірілген болып табылады.

        1. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына түседі.

        2. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:

  1. отырғызу парағы;

  2. талапкерлердің жауап парақтары;

  3. талапкерлердің сұрақ-кітапшалары;

  4. жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қолданылады.



31. Жауап парақтарын сәйкестендіру





        1. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін талапкерлер туралы барлық қажетті мәліметтерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:

  1. жоғарғы кестеден әрбір талапкер үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;

  2. төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін талапкерге тиісті мәліметтерді қарап белгілейді.



  1. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ- кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларға сәйкес сұрақ-кітапшалары іріктеліп алынады.

  2. Әрбір жауап парағы тиісті сұрақ-кітапшасының ішіне салынады және сұрақ-кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірі жазылады.

  3. Салынған жауап парағы мен сұрақ-кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынады.

  4. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін талапкердің аты-жөні бойынша оған тиісті жауап парағын табылады. Содан соң «Жауап парағының №» деген бағанға оның нөмірі жазылады.

  5. Төменгі кестемен жұмыс. Талапкер жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген секторлар қою сызықпен қоршалған:

  1. аты-жөнін сәйкестендіру үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағын алып, ондағы талапкердің қолымен жазылған аты-жөні «Жауап парағындағы аты-жөні» бағанына түсіріледі.

  2. ТЖК коды мен орын нөмірін сәйкестендіру үшін отырғызу парағын алып, ондағы осы талапкердің аты-жөні мен оған тиісті ТЖК кодын тауып, «ТЖК дұрыс коды» бағанына және сұрақ-кітапшасынан оның орнының нөмірін анықталып «Дұрыс орнының №» бағанына жазылады.

  3. нұсқаны сәйкестендіру үшін осы талапкердің сұрақ-кітапшасын алып, ондағы нұсқаны «сұрақ-кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанына түсіріледі.

  4. таңдауы бойынша пәнді сәйкестендіру үшін талапкердің сұрақ-кітапшасын алынып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің аты «сұрақ-кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазылады.

  1. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына «Түзетілсін» деп жазылады.

  2. Егер аудиторияға талапкер қосымша отырғызылса, оның аты-жөні осы аудитория үшін бөлінген талапкерлердің тізімінен табылмайды. Сондықтан талапкердің аты-жөні жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріліп, бұл талапкер қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді де, «Шешім» деген бағанына «Қосымша отырғызылған» деп жазылады.

  3. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы анықталса, бұл талапкердің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосінде көрсетілмейді. «Шешім» деген бағанына «Бөтен жауап парағы» деп жазылады.

  4. Егер бір аудиторияға бөлінген нұсқалардың ішінен бірдей нұсқалардың саны көп болып кеткен жағдайда, осы нұсқаулықтың 38- қосымшасына сәйкес нұсқалар сәйкестендіріледі.

  5. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін Министрлік программисіне беріледі, содан кейін жауап парағын сәйкестендіру хаттамасының соңғы нұсқасы беріледі.

  6. «Министрлік программисі» АЖО-сында сәйкестендіру хаттамасын орындап болғаннан кейін, қалып қойған қателерді тапқан жағдайда, жауап парақтары осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес қайта сәйкестендіріледі. Қайта сәйкестендіру ҰТО-мен келісіп, пароль алғаннан кейін ғана іске асырылады.

  7. Қайта сәйкестендіру мынадай жағдайлар кездескенде ғана жүргізіледі:

  1. ТЖК қате түзетілген;

  2. нұсқа қате түзетілген;

  3. таңдау пәні қате түзетілген.

  1. Қайта сәйкестендіру - тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін талапкерлер туралы барлық қажетті мәліметтерді анықтау үшін жүргізіледі.

32. Дұрыс жауаптар кодын ашу және емтихан ведомостарын беру





  1. Министрлік өкілі лектің сканерлеу файлын жібергеннен кейін жауап парақтарын сәйкестендіру процесінің аяқталғандығын ҰТО-ға хабарлайды.

  2. ҰТО Министрлік өкіліне парольді айтып, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.

  3. Дұрыс жауаптар коды файлын ашу жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД) өкілімен бірлесіп үш парольді: мемлекеттік комиссия төрағасының паролін, ҰҚКД өкілінің паролін, Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынған) ашу арқылы іске асырылады.

  4. Дұрыс жауаптар коды екі данада басылады: біреуі -көпшіліктің назары үшін ілінеді, ал екіншісі - апелляциялық комиссияға беріледі.

  5. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және базалық ЖОО-ның мөрімен расталған апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосы 4 данада басылып шығарылады:

  1. 1) бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;

  2. 2) екіншісі – Министрлік өкілі үшін;

  3. 3) үшіншісі – апелляцияциялық комиссия төрағасы үшін;

  4. 4) төртіншісі – базалық ЖОО-да қалады.



33. Апелляция өткізу





  1. Апелляциялық комиссияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша берілген өтініштерді қабылдау;

  2. тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

  3. апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;

  4. апелляциялық комиссияның отырысы;

  5. апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;

  6. апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;

  7. апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.

  1. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:

1) талапкердің апелляция өтінішін тіркеу парағы;

2) апелляцияға берілген өтініштер тізілімі;

3) осы нұсқаулықтың 40-қосымшасына сәйкес талапкердің жауаптарын талдау картасы, жауап парағы және сұрақ-кітапшасы;


  1. апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосы;

  2. дұрыс жауаптар коды.

34. Апелляцияға өтініш қабылдау







  1. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға өтініштер қабылдауды ұйымдастырады.

  2. Талапкердің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі.

  3. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтінішті пән оқытушылары, ал техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық хатшылар қабылдайды.

  4. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді Министрлік программисі ДБ-ға енгізеді.



35. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық



  1. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға осы нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес талапкерлердің жауаптарын талдау картасы мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін береді.

  2. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның түпнұсқасындағы ақпараттың сәйкестігін бақылау үшін талапкерлердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.

  3. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес акт бойынша:

1) апелляцияға өтініш берген талапкерлердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);

2) дұрыс жауаптар кодын;

3) апелляцияға өтініш берген талапкерлердің сұрақ-кітапшаларын;

4) талапкерлердің талдау карталарын;

5) талапкерлердің апелляцияға берген өтініштерін;

6) талапкерлерден апелляцияға берген өтініштердің тізілімін;

7) апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосін береді.

36. Апелляциялық комиссияның отырысы



  1. Апелляциялық комиссия әр талапкермен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Талапкер апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

  2. Жауаптарды талдау картасы талапкердің 4 пән бойынша нәтижелері көрсетілген 4 кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:

1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Талапкер апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;

2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;

3) үшінші жол талапкердің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;

4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.



37. Апелляция бойынша шешім қабылдау



  1. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляция комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.




  1. Тест тапсырмасының мазмұны бойынша шешім қабылдау






  1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

          1. тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

          2. дұрыс жауабы болмаса;

          3. бірнеше дұрыс жауабы болса.

  1. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға осы нұсқаулықтың42-қосымшасына сәйкес кестені апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссияға жібереді. Содан кейін апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияға жібереді. Республикалық комиссияның шешімі соңғы шешім болып саналады.

  2. Егер талапкер өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.




  1. Техникалық себептер бойынша шешім қабылдау




  1. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

          1. дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

          2. дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

  1. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Апелляция бойынша балл қосу туралы оң шешім қабылданған жағдайда ҰТО-мен келісіледі. Апелляция комиссиясының төрағасы ҰТО-ға балл қосылған талапкердің жауап парағы мен сұрақ-кітапшасын алып келеді.



40. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу





  1. Апелляциялық комиссия өз шешімін сол апелляция берген өтініш парағында.

  2. Шешімді ДБ-ға міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен Министрлік программисі енгізеді.

  3. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.

  4. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:

1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмеді);

2) жойылды (өтініш жойылды);

3) шешім қабылданды (апелляция қаралды және шешім қабылданды) мағыналарының бірі жазылса ғана жабылады.


41. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару



  1. Программист апелляция жабылғаннан кейін:

1) осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;

2) осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;

3) ТКТ қорытындысының емтихан ведомосін (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады да, оларды базалық ЖОО-ның мөрімен растайды.


  1. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі базалық ЖОО-ның іс қағаздарына тіркеледі.

  2. Хаттамаға аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.

  3. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бергеннен кейін Министрлік программисі ағымдағы лекті жабады.



42. Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы



  1. Жұмыс аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес акт бойынша: жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ-кітапшаларын береді.

  2. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады.

  3. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:

  1. апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын;

  2. апелляцияға өтініштерді;

  3. апелляция бойынша балл қосылған талапкерлердің сұрақ- кітапшаларын;

  4. апелляцияға қатысқан талапкерлердің жауап парақтарының көшірмесін;

  5. апелляцияға қатысқан талапкерлердің жауаптарын талдау карталарын;

  6. апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);

  7. әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын;

  8. апелляцияны есепке алғандағы ТКТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркейді.

  1. Апелляциялық комиссияның есебі осы нұсқаулықтың 45- қосымшасына сәйкес комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады.


43. Сертификаттарды дайындау және беру





  1. Апелляция аяқталғаннан кейін Министрлік программисі сертификаттар файлын құрады.

  2. Сертификаттарды басып шығару үшін, екінші басқа компьютерге «Сертификат» АЖО-сы орнатылады. «Сертификат» АЖО-сында сертификаттардың баспаханалық нөмірін автоматты түрде енгізетін арнаулы интерфейс қарастырылған.

  3. Министрлік программисі:

1) сертификаттардың баспаханалық нөмірлерін ДБ-ға енгізеді және басып шығарады;

2) сертификаттарды тарату тізілімін басып шығарады.



  1. Министрлік программисі нөмірлері қойылған сертификаттар файлын құрып, оны телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

  2. Дайын болған сертификаттарға мемлекеттік комиссияның төрағасы мен Министрлік өкілі қолын қойып, базалық ЖОО-ның мөрін басады.

  3. Сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізіліміндегі мәліметтерді емтихан ведомосымен салыстырғаннан кейін, Министрлік өкілі тізілімнің әрбір парағына қол қояды.

  4. Дайын болған сертификаттар мен сертификаттарды беру тізілімін Министрлік өкілі базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.

  5. Тестілеу аяқталғаннан кейін желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы базалық ЖОО-ның жауапты хатшысынан сертификаттарды және сертификаттарды беру тізілімін алады.

  6. Сертификаттар техникалық хатшыға тестілеу аяқталғаннан соң үш күннен кейін беріледі: яғни 1-күні – ТКТ, 2-күні – апелляция, 3-күні - сертификаттарды даярлау және мөр қою, 4-күні – сертификаттарды беру.

  7. Талапкерлерге сертификаттар желілік ЖОО-да беріледі және сертификаттарды тарату тізіліміне талапкерлер қолдарын қояды.

  8. Сертификаттарды беру аяқталғаннан соң, сертификаттарды тарату тізілімі базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына жеткізіледі және тапсырылады.


44. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп


  1. Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Министрлік өкілі, апелляциялық комиссияның төрағасы мен Министрлік программисі ҰТО-ға атқарған жұмыстары туралы берілген үлгіде осы нұсқаулықтың 7, 8 - қосымшаларына сәйкес жазбаша есеп береді.

  2. ТКТ-ның барлық кезеңі аяқталғаннан кейін, қорытынды статистикалық мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

2 Тестілеу кезінде Министрлік программисі Министрлік өкіліне тестілеу үрдісін бақылауға көмектеседі

3 Тестілеу кезінде апелляциялық комиссия төрағасы Министрлік өкіліне тестілеу процесін бақылауға көмектеседі

4 Егер талапкердің тегінде, атында, әкесінің атында «ё» әрпі кездессе, онда «е» әрпі боялады, ал «ъ» кездессе - онда «ь» боялады. Оны жөндеу мақсатында талапкердің тегі, аты, әкесінің аты талапкер туралы мәліметтерді өзгерту журналына енгізіледі.

5 Қосымша отырғызу базалық ЖОО-да тестілеу өтетін қосымша күн немесе тестілеу тапсыру тіліне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана іске асырылады.

6 Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзғандығына байланысты шығарылған талапкерлердің жауап парақтары мен бүлінген жауап парақтары (кейбір ерекше жағдайларда осы нұсқаулықтың 37-қосымшасына сәйкес акт жасалынып жаңа жауап парақтарына ауыстырылған) сканерден өткізілмейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет