Талаптары туралы



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата09.06.2023
өлшемі475.62 Kb.
#474850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Правила-об-общих-условиях-каз-от-05 01 2017

ЕР 
1-6бет 16 
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ 
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
қарастыру мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде жазбаша 
хабарландырылады. Егер шағымда баяндалған мәселелер ұзақ мерзімде қарастыруды талап ететін 
болса, онда шағым ақырғы орындағанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтініш 
берушіге 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде жазбаша хабарландырылады. 
31. Клиенттің шағымына Банктің жазбаша жауапты баяндау бойынша талаптары Іс жүргізу 
ережесінде бекітілген. 
 
2-бөлім ЕРЕКШЕ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-тарау Банктік шоттарды ашу және жүргізу бойынша талаптар, салымдарды қабылдау 
 
32. Клиенттерден салымдар қабылдау Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген 
лицензияның негізінде жүргізіледі. 
33. Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі 
банктерінде орналастырылған міндетті кепілдендірілген депозиттер туралы» Заңының талаптарына 
сәйкес жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің 
қатысушысы болып табылады. 
34. Банк клиенттерден ақшаны ұлттық және шетел валютасында, қолма-қол ақша нысанында 
да, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда да, «талап етілгенге дейін» салымдарына, мерзімді және 
шартты салымдарға орналастыруға қабылдайды. 
35. Банк келесі банктік шоттарды ашады және жүргізеді: 
– жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары;
– жеке және заңды тұлғалардың жинақ шоттары;
– төлем картасын пайдаланумен жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары;
банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың 
корреспонденттік шоттары. 
36. Клиенттерге банктік шоттар ашу, жүргізу және жабу тәртібі Банктің ІНҚ-ға сәйкес жүзеге 
асырылады. 
37. Банк банктік шоттарды ашқаны және жүргізгені үшін, банктік шоттар бойынша 
операциялар жүргізгені үшін клиенттерден комиссия алады. 
38. Клиенттердің ашатын банктік шоттарының саны шектелмейді. 
39. Клиенттердің салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрлері мен 
валюталарына, сыйақы төлеу кезеңділігіне, салымды орналастыру мерзіміне және басқа параметрлерге 
байланысты белгіленеді. 
Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері «Еуразиялық банк» АҚ активтер мен 
міндеттемелерді басқару саясатына, «Еуразиялық банк» АҚ Трансферттік баға белгілеу 
мөлшерлемелерін бекіту әдістемесіне, «Еуразиялық банк» АҚ-та ресурстарды ішкі қайта бөлу 
ережесіне және басқа Банктің ІНҚ сәйкес бекітіледі. 
40. Салымдарды ашу бойынша негізгі талаптар: 
– Банк қабылдайтын салымдардың ең төменгі мөлшеріне шектеу қойылмаған; 
– шартты салымдарды орналастырудың ең төменгі мерзімі – бір күннен басталады; 
– талап етілгенге дейінгі салымдардың ең төменгі мөлшері мен мерзімі бекітілмейді; 
– қабылданатын салымдардың ең жоғары мөлшері шектелмеген; 
- салымдарды орналастырудың ең жоғары мерзімі – 50 жыл; 
сыйақы мөлшерлемесінің шекті (ең төменгі) мөлшері жылдық 0%-ды құрайды, бұл жерде 
сыйақы мөлшерлемесінің шекті (ең төменгі) мөлшері шынайы, жылдық, тиімді, салыстырып 
есептегенде жылдық 0%-ды құрайды; 
- жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері 
ұлттық валютада жылдық 14%-ды және шетел валютасында жылдық 4%-ды құрайды. 
Мөлшерлемелердің деңгейі өзгерген жағдайда, мөлшерлемелер «Депозиттерді кепілдендірудің 
Қазақстандық қоры» АҚ ұсынатын жаңа мөлшерлемелерге сәйкес өзгертілуі тиіс. 
- заңды тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті (ең жоғарғы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет