Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы Төлеу Ғибадат Нұрлы жол – болашағымыздың жарқын бағдары



Дата12.07.2016
өлшемі37.65 Kb.
#195540
ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы

Төлеу Ғибадат

Нұрлы жол – болашағымыздың жарқын бағдары
Қазақстанның өз егемендігін алып, қоғамның тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларына елеулі өзгерістер әкеліп, еліміздің тарихи дамуының күрделі сатысына көтерілуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көрегендігінің арқасы. Егемендік алған жиырма төрт жылдың ішінде еліміздің жарқын болашағы мен тұрақты экономикалық дамуы жолында көптеген ірі бағдарламалар қабылданып жүзеге асуда. Мысалы: («Ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарламасы», «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы», «100 қадам», «Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясы», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».т.б. ) Солардың бірі және бірегейі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы болып отыр.

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі тұрақтылығымыз бен экономикалық дамудың жаңа бағдарын көрсету мақсатында Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты еліміздің қарқынды даму жолындағы жеті бағытының негізгі тұстарын айқындай түсетін жаңа экономикалық саяси бағдарламасын жария етті. Аталған тарихи құжатта дағдарыстың алдын алудың бағдарларын ғана көрсетіп қоймай, елімізді дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға жағдай жасап, Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұзақмерзімдік даму жолы анықталып, болашағымыздың жарқын бағдарын айқындап берді.

Соңғы уақыттарда әлемнің алпауыт мемлекеттерінде болып жатқан экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптар көптеген ірі мемлекеттерді айналып өтпеді. Бүгінде көптеген ірі державаларда ішкі тұрақсыздық пен экономикалық әлсіреулер орын алып, қаржылық және өнеркәсіптік тоқырауларға ұшыратуда сонымен қатар, жұмыссыздық мәселелерінің белең алуына алып келіп отыр. Жоғарыда аталған әлемдік проблемалар біздің елді де айланып өтпесі анық. Бұл ретте, «Нұрлы жол» бағдарламасын елде болуы мүмкін деп табылған дағдарыстардың алдын алу құралы деп танып, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлері, және қарапайым тұрғындар да қолдап, зайырлы мемлекетіміздің жарқын даму бағдарына балап отыр.

Бүгінгі таңда қоғамға үлкен серпініс әкелген аталмыш Бағдарлама әлеуметтік, экономикалық жағынан ғана емес, еліміздегі маңызды мәселелердің бірі рухани және мәдени құндылықтарға ерекше көңіл бөледі. Елбасы әр жылғы халыққа жолдауында елдің экономикалық жағдайымен қоса дін мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Біз көп ұлтты зайырлы мемлекетпіз сондықтан, ішкі діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің маңызы ерекше екендігін баса айтады.



Ұлттық дүниетанымда, халықтық табиғи санада идеялар көзге түсуінен халықтың табиғи-генетикалық өз ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін толықтай тануға жедел бет-бұрыстар жасауына байланысты қазақ діни дүниетанымының мәні мәселесі де өзекті тақырыпқа айналды. Халқымыздың дүниетанымының, рухани кеңістігіндегі орны көмескіленген үрдістерінен ауыстырудың жолдары ұлттық құндылықтарды дамыту үшін қажетті құбылысты – зерделі зерттеу, парасатты ғылыми негізде сараптау болып отыр.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде ішкі экономикалық және жұмыссыздық мәселелерімен қатар дінаралық қақтығыстар да орын алуда экстремизм мен терроризмнің іс-әрекеттері жиырма бірінші ғасырдың індетіне айналуда. Осынау бүкіл әлемді алаңдатып отырған террорлық әрекеттердің зардабын бейбіт тұрғындар кешуде сонымен қатар, елдің әлеуметтік және экономикалық жағдайының әлсіреуіне әкеліп отыр. Дамыған мықты мемлекеттердің өзі экономикалық дағдарыстар мен экстремистік әрекеттердің алдында қауқарсыз болып отыр. Осы аталған жағдайлардың алдын алу мен оған қарсы тұрудың жолдары «Нұрлы жол » бағдарламасында толық қамтылған.



Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің зайырлы екендігі айқын көрсетіліп, сонымен қатар, құқықтық демократиялық құндылықтарға анық негізделген, және де діни сенім бостандығы мен оның құқықтарына жауап беретін мемлекет ретінде тұжырымдалған. Міне, осы себепті дін аралық қарым - қатынастар әлемнің көптеген елдерінің назарында болып отыр.

Қазақстан көп ұлтты зайырлы мемлекет барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық құндылықтарын құрметтейді. Жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың бірлікте өмір сүруі мемлекеттің дұрыс саясатының жемісі.

Аталған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасында жоспарланып отырған міндеттерді жүзеген асыру елдегі ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты. Бұл туралы Елбасы ерекше атап көрсеткен.

Мемлекетте халықтың идентификациясы дұрыс болған жағдайда қоғамдық келісім нығайып, саяси тұрақтылықты ұстап тұруға болады. Әр азамат Жолдауда аталған жеті бағыттың жүзеге асуына жұмыс жасап оны іштей сезінуі керек. Егемендік пен мемлекеттілік ішкі саяси тұрақтылық сонда ғана нығаяды, халықтың санасында өзара сенімділік пен отансүйгіштік сезімі арта түседі. Қазіргі қиын қыстау заманда жалпы ұлттық мүддені, халықтық ұстанымды, ұлттық идея мен мемлекеттік идеологияны дамытқан ел ғана өзінің егемендігі мен ішкі тұрақтылығын сақтап қалады. Халықтың ынтымағы жарасқан бірегей ел ғана экстремизм, діни терроризм, ғаламдану дағдарыс жаһандық сипаттағы қауіп-қатерлерге төтеп бере алады.



Бұл маңызды жобаның негізгі ұстанымы қоғамдағы тыныштық пен ішкі экономикалық, әлеуметтік жағдайды реттеу сонымен қатар, діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау болып отыр. Сондықтан ұлт болып, қоғам болып болашағымыздың жарқын бағдарын айқындап берген айтулы бағдарламаның жүзеге асуына бір кісідей ат салысу біздің борышымыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет