«Конверт – сұрақ»
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай).
Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз.
Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын
жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай
бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді
жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан);
сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
«Константинополь»
Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру
қажет.
«Концептуалдық кесте»
Кейіпкерлер
Өмірге
қызығушылыгы
Адамгершілік
қасиеті
Кейіпкерге
берілетін
баға
«Көк диван»
Бастаушы диванның ортасында отырады да, «мен –
көк диванмын» дейді. Келесі оқушы оның жанына отыру үшін диван
ұғымына
қатысты
сөйлем
айту
керек:
«Ал
мен
диван
жастықшасымын», - дейді де оң жағына отырады. Келесі оқушы: «Мен
диван жапқышымын», - деп сол жағына отырады. Бастаушы қалаған
адамымен жұп болады. Қалған оқушымен жұп болғысы келген оқушы
тіркесті жалғастырады. Ол екеуінің ішінен қалған оқушы өз жұбын
таңдайды. Осылайша жұпқа, топқа бөлу жалғасады.
Мұны сабаққа байланысты жүргізуге де болады.
Мысалы, бастаушы: «Мен сөйлем мүшесімін» десе, 1-ойыншы –
Тұрлаулы, 2-ойыншы – Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады. Сөйлем
мүшесі Тұрлаулы мүшені таңдап, неге олай таңдау жасағанын
түсіндіреді. Ортада қалған Тұрлаусыз мүше жанына Анықтауыш пен
Пысықтауыш келіп отырады. Тұрлаусыз мүше Анықтауышты жұп
етіп, ол туралы айтады. Енді қалған Пысықтауыш жанына оның
түрлері келіп отырады. Осылайша жұпқа бөліну әрі өтілген
материалдарды қайталау жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |