«Психологиялық бой»
Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.
«Пікірлер базары»
Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.
«Радиоға қоңырау шалу»
Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.
«Рөлдік ойындар»
Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады.Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады.Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі.Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.
«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
Достарыңызбен бөлісу: |