Талдықорған қаласының «Жетісу Су құбыры» Қмкк 2013 жылға арналған жұмыс қорытындысы жөніндегі түсіндірме жазба



жүктеу 78.44 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі78.44 Kb.
Талдықорған қаласының «Жетісу Су құбыры» ҚМКК

2013 жылға арналған жұмыс қорытындысы жөніндегі

түсіндірме жазба


  1. Жалпы ақпарат

Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны МЕМСТ және стандарт талаптарына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз етеді, кәріз ағындарын қабылдайды және тазартады.

Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК Алматы облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің 23.12.2008 жылғы № 02-101/1707 жергілікті бөліміне енгізілді.

Бес бас тоған құрылыстарының жалпы белгіленген қуаты тәулігіне 104,0 мың текше метрді, кәрізді тазарту құрылыстарының қуаты тәулігіне 36,0 мың текше метрді құрайды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша су құбыры желісінің ұзындығы 424,2 км, оның ішінде 2013 жылы қабылданған 6,7 км, кәріз желісінің ұзындығы 258,4 км, оның ішінде 2013 жылы қабылданған 1,8 км құрайды.

Кәсіпорын теңгеріміне барлығы 10 бірлік су айдауыш сорғы станциясы және 8 бірлік кәрізді сорғы станциясы, 159 бірлік су бөлу колонкасы кіреді.

Жарғылық капитал 01.01.2013 жылға 3517,5 теңгені, 01.01.2014 жылға 3593,6 млн. теңгені құрайды. Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулыларымен есептік жылы 76,1 млн. теңге сомаға негізгі құралдар қабылданды.

Жалпы абоненттер саны 38527 құрайды, оның ішінде 95,4 % немесе 36753 абонент тұрғындар болып табылады. Тұрғындар жалпы қызмет көрсету көлемінің 68 %, бюджеттік ұйымдар 16 % және шаруашылық субъектілері 16 % тұтынады.

Кәсіпорында сандық норматив 486 адам болған кезде, барлығы 390 адам (154 әйел адам) жұмыс істейді. Статикалық есептілікке сәйкес 1 жұмысшының орташа айлық жалақысы 69378 теңгені құрайды.
2. «Экономикалық көрсеткіштер» тарауы

Сумен жабдықтау

Суды көтеру - 6820,2 мың м3, суды өткізу – 5387,9 мың м3 құрады, кәсіпорынның өз қажетіне, яғни желілер мен құрылыстарды шаюға және зарарсыздандыруға 1432,3 мың м3 су жұмсалды. 2012 жылмен салыстырғанда суды көтеру 515,3 мың м3 азайды, оның ішінде 30,0 мың м3 судың нормативтік-техникалық ысыраптарының 21,4 %-дан 21,0 %-ға азаюы және суды өткізу көлемінің 485,3 мың м3 азаюы есебінен болды. Жалпы азаю өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,0 %, жоспарға қайшы 4,6% немесе 262,0 мың м3. Факторлар – барлық топтың тұтынушылары ауыз суды тиімді пайдалану, есепке алу аспабын орнату, су бөлу колонкасын ажырату (өткізу жөніндегі есеп, 2-ТП-сушар, 3-ЛКУ есебі).

2013 жылғы 1 ақпанға дейін қызмет көрсету 2012 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген, монополияға қарсы орган бекіткен сараланған тарифтер бойынша ұсынылды, 1м3 үшін теңгемен алғанда, ҚҚС есебінсіз:

1-топ-тұрғындар 2 топ – бюджет 3 – топ- шар.субъектілері

32,18 74,81 77,07

2013 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2013-2015 жылдарға шекті сараланған тариф қолданысқа енгізілді, 1м3 үшін теңгемен алғанда, ҚҚС есебінсіз:

1-топ-тұрғындар 2 топ – бюджет 3 – топ- шар.субъектілері

46,20 111,88 125,32

Суды өткізуден түскен тарифтік кіріс 381959,2 мың теңгені құрады.

Қызметтер көрсетудің нақты шығындары, жоспар бойынша 354506,9 мың теңге болған кезде,346362,1 мың теңгені құрады, 8144,8 мың теңге немесе 2,3% үнемделді. Оның ішінде өндіріске жұмсалған шығындар, жоспар бойынша 283989,7 мың теңге болған кезде, 281373,3мың теңгені құрады, шығын 2616,4 мың теңгеге немесе 0,9 %-ға азайды, әкімшілік шығындар, жоспар бойынша 39291,1 теңге болған кезде, 35961,8 мың теңгені құрады, шығын 3329,3 мың теңгеге немесе 8,5 %-ға азайды, қызмет көрсету шығындары, жоспар бойынша 31226,1 мың теңге болған кезде, 29027,0 мың теңгені құрады, 2199,1 мың теңгеге немесе 7,0%-ға азайды.

1 м3 орташа тариф жоспар бойынша 66,92 теңге болған кезде, 70,89 теңгені құрады, өткізу көлемінің азаюы есебінен өсім 6,0% құрады.

Инвестициялық міндеттемелер. «Амортизация» және «Пайда» баптары арқылы 2013 жылға арналған бағдарлама 48026,1 мың теңге сомаға орындалды, жоспар бойынша 45408,4 мың теңге болған кезде, «Электр энергиясы» бабына қолданылмай қалған шығындар есебінен артығымен орындау 2617,7 мың теңгені немесе 5,8 % құрады. Жобаға: сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын күрделі жөндеу, тозған жабдықтарды ауыстыру мен жабдықтар, оның ішінде зертханалық жабдықтар сатып алу, арнайы техника мен автокөлікті сатып алу шаралары кірді (инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есеп).
Су бұру

Қабылданған ағынды су көлемі – 4953,4 мың м3. , 2012 жылмен салыстырғанда көлемнің азаюы 527,7 мың м3 немесе 9,6 %, жоспарға қарсы 6,9% немесе 366,6 мың м3 құрайды. Суық суды тұтынудың азаюы және ыстық суды берудің уақытша болмауы барлық тұтынушы топтары бойынша кәріз бойынша қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай азаюына әкеп соқты (өткізу жөніндегі есеп, 2-ТП-сушар).

2013 жылғы 1 ақпанға дейін қызмет көрсету 2012 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген, монополияға қарсы орган бекіткен сараланған тарифтер бойынша ұсынылды, 1м3 үшін теңгемен алғанда, ҚҚС есебінсіз:

1-топ-тұрғындар 2 топ – бюджет 3 – топ- шар.субъектілері

19,82 49,37 52,45

2013 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2013-2015 жылдарға шекті сараланған тариф қолданысқа енгізілді, 1м3 үшін теңгемен алғанда, ҚҚС есебінсіз:

1-топ-тұрғындар 2 топ – бюджет 3 – топ- шар.субъектілері

33,04 84,00 92,71

Ағынды суды қабылдаудан түскен тарифтік кіріс 254814,2 мың теңгені құрады.

Қызметтер көрсетудің нақты шығындары, жоспар бойынша 262315,7 мың теңге болған кезде,261547,2 мың теңгені құрады, 768,5 мың теңгеге немесе 2,3%-ға азайды. Оның ішінде өндіріске жұмсалған шығындар, жоспар бойынша 201542,8 мың теңге болған кезде, 206186,2мың теңгені құрады, артық шығын 4643,4 мың теңгені немесе 2,3 % құрады, әкімшілік шығындар, жоспар бойынша 34376,4 теңге болған кезде, 30634,3 мың теңгені құрады, шығын 3742,1 мың теңгеге немесе 10,9 %-ға азайды, қызметті көрсету шығындары, жоспар бойынша 26396,5 мың теңге болған кезде, 24726,7 мың теңгені құрады, 1669,8 мың теңгеге немесе 6,3%-ға азайды.

1 м3 орташа тариф, жоспар бойынша 51,59 теңге болған кезде, 51,44 теңгені құрады.
Инвестициялық міндеттемелер. «Амортизация» және «Пайда» баптары арқылы 2013 жылға арналған бағдарлама 16531,4 мың теңге сомаға орындалды, жоспар бойынша 10045,3 мың теңге болған кезде, «Электр энергиясы» бабына қолданылмай қалған шығындар есебінен артығымен орындау 6486,1 мың теңгені немесе 64,6 % құрады. Жобаға: су бұру желілері мен құрылыстарын күрделі жөндеу, тозған жабдықтарды ауыстыру мен жабдықтар, оның ішінде зертханалық жабдықтар сатып алу, арнайы техника мен автокөлікті сатып алу шаралары кірді (инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есеп).
Кәсіпорын бойынша барлығы 636773,4 мың теңге сомаға қызмет көрсетілді. Шығындар 635193,1 мың теңге соманы, корпоративтік салық шығындары 631,5 мың теңгені, баланстық қаржылық нәтиже пайда 948,8 мың теңгені құрады, оның 50% таза табыс бөлігі ретінде облыстық бюджетке аударылды. Есептік жылы 133568,8 мың теңгеге салық есептелді, 126810,5 мың теңгеге салық төлемдері аударылды.

Қызмет көрсету төлемі млн.теңге:

Тұтынушының атауы

ҚҚС есебімен есептелді

ҚҚС есебімен төленді

Төлемдерді жинау пайызы

1.Тұрғындар

306,6

288,4

94,1

2.Бюджет

193,8

202,2

104,3

3.Шар.субъектілері

212,8

213,2

100,2

Барлығы

713,2

703,8

98,7


Дебиторлық қарыз 01.01.2013 жылға 29,5 млн. теңгені, 01.01.2014 жылға 18,4 млн. теңгені құрады.

Тұрғындардың қарызын азайту бойынша шағым-талап ету жұмыстары жүргізілуде және мәжбүрлі шара ретінде 5000 теңгеден астам дебиторлық қарызы бар тұтынушылар су құбыры қондырғысынан ажыратылуда. Есептік кезеңде 11,5 млн. теңге сомаға 1298 талап ұсынылды, 2,7 млн. теңге сомаға 280 материал сотқа берілді, сот 235 материал бойынша 2,4 млн. теңге сомаға шешім шығарды. Соттың шешімі және берілген талаптар бойынша барлығы 4,1 млн. теңге төленді.

Төлем жасау бөлімшелері: сумен жабдықтауға және су бұруға төлемдерді қабылдау үшін қаланың шағын аудандарында 8 абоненттік нүкте жұмыс істейді. Абоненттік нүктелер аптасына 6 күн істейді, жұмыс кестесі сағат 9.00 бастап 17.00 дейін, түскі үзіліс сағат 14.00 бастап 15.00 дейін, ГУМ-дағы №8 абоненттік нүктені қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00 бастап 14.30 дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Несиелік қарыз 01.01.2013 жылға 34,0 млн.тг, 01.01.2014 жылға 26,6 млн. теңгені құрады, бұл ағымдағы төлемдер (жалақы, зейнетақы аударымдары).

3. «Өндірістік – техникалық» тарау

Талдықорған қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеу жоспарына сәйкес кәсіпорынның өз қаржысы есебінен «Материалдар» бабы бойынша мына жұмыстар атқарылды:

«Бас», «Оңтүстік» және «Шығыс» бас тоған құрылыстарында сорғы жабдықтарына және тиекті-реттеуіш арматураға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жоспарлы –алдын-ала жөндеу кестесіне сәйкес бас тоған құрылыстарының және су айдауыш сорғы станцияларының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жүргізілді.

Талдықорған қаласының ұзындығы 2,2 км су құбыры желісіне, диаметрі әр түрлі 7 дана ысырманы ауыстыру арқылы ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Қалалық су құбыры желілерінде кестеге сәйкес су құбыры желілерін шаю жүргізілді – 350,0 км құбыр жолы шайылды. Шаю актілері белгіленген тәртіпте МСЭҚБ-да ресімделді.

Жалпы қолданыстағы су бөлу колонкаларына, өрт сөндіру гидранттарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. 250 астам су құбыры құдығы тазартылды.

Жалпы ұзындығы 1,4 км құбыр жолының жекелеген учаскелерін ауыстыру арқылы кәріз желісіне жөндеу жүргізілді. 400-ден астам қарау кәріз құдығы тазартылды. «Жаңа Ғасыр», «Желтоқсан», «Арай», «Әскери бөлімше» және «Шығыс өнеркәсіп аймағы» КСС-да тексеру жүргізіліп, сорғы жабдықтарына және тиекті-реттеуіш арматураға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

ЖААЖ кестесіне сәйкес кәрізді тазарту құрылыстарындағы жабдықтарға, тиекті-реттеуіш арматураға және электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жүргізілді.

Күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға нысандарды дайындау шараларын жүргізуге 18,2 млн. теңге жұмсалды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын орындау шеңберінде бюджеттік қаржы есебінен қаланың сумен жабдықтау жүйесін қайта құру мен құрылысын салу жұмыстары жүргізілді. Талдықорған қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға және дамытуға 2013 жылы бюджеттен 272873,0 мың теңге бөлінді. 2013 жыл ішінде 4,6 км су құбыры желісі жүргізілді және 12,0 км су құбыры желісі қайта құрылды.

Жобалық құжаттамаға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу, өндірістік үрдістерді автоматтандыруды енгізу арқылы толық биологиялық тазартудың кәрізді тазарту құрылыстарын қайта құру жұмыстары жүргізілді. 2013 жылға қаржыландыру сомасы 272873,0 мың теңгені құрады. Терезе мен есік блоктарын ауыстыру, ішкі үй-жайларды жөндеу, шатырын ауыстыру арқылы тор ғимаратына құрылыстық жөндеу жүргізілді, терезе мен есік блоктарын ауыстыру, ішкі үй-жайларды жөндеу, шатырын ауыстыру арқылы қазандық ғимаратына және ауа үрлеуіш –сорғы станциясының ғимаратына жөндеу жүргізілді. Бірінші және екінші тұндырғыштарды қайта құру жұмыстары орындалды. Ерітілген оттектің шоғырлануына қарай аэротенктерге ауа беруді реттейтін жиілікті түрлендіргіштерді орнату жұмыстары жүргізілді (технологиялық үрдістерді автоматтандыру).
Автокөлік цехы

Автотехникаға техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу ТО-1-85 дана және ТО-2-48 дана кестесіне сәйкес жүргізілді. Ағымдағы жоспардан тыс жөндеу 24 дана. Сондай-ақ 4 бірлік арнайы техника боялды, 12 дана АКБ, 34 дана автошина ауыстырылды. 9 бірлік қозғалтқышқа жөндеу жүргізілді, 16 бірлік автомашинаның жүру бөлігіне жөндеу жүргізілді. Өнеркәсіптік қоршауы боялды. 01.01.2014 жылғы жай-күй бойынша барлығы 55 бірлік арнайы техника бар.


4. «Әлеуметтік» тарауы

Жұмысшылар мен кәсіпорын әкімшілігі арасындағы өзара қарым-қатынас ұжымдық шартқа сәйкес реттеледі. Кәсіпорында кәсіподақ ұйымы әрекет етеді. Жалақы ай сайын картшоттар арқылы беріледі. Кәсіпорында жазым жағдайлар туындаған жоқ.



«Жетісу Су құбыры»ҚМКК директоры В.Ким

Бас экономист А.Усейн


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет