Талғат Мықи Шындык пен Жұбан ақын



Дата07.07.2016
өлшемі10.15 Kb.
#183049
Талғат Мықи

Шындык пен Жұбан ақын
Жыр керек,

Әлі ешкім жаттамаған,

Жазса егер біреу-міреу жаттап алам.

Таршылық танытқанда тарландарың,

Тарығып тағы кінә тақпа маған.
Рух керек,

Рухсыздың мысын басар,

Болмайды бір амалын ұсынбасаң.

Батылдар «шындығы»-деп тілін безер,

Бакырлар «өтірік»-деп тісін басар.
Сөз керек,

Ел еңсесін түсірмеген,

Түсірсең, елмен бірге күпір денең.

Ұлт үшін қажет кезде ұлық бол да,

Ұлт үшін қажет кезде кішір менен.
Керек жоқ,

Тістенудің, кектенудің,

Әсері кайта шықпас кеткен удың.

Сыналған өлімменен Жұбан акын,

Білмеген жолдарын текке өлудің!
Керек жоқ,

Желіккеннін, желдіккеннің,

Желтоқсан ызғарынан жел күткен кім?

Қыранның бір көзімен олжа түссе,

Жұбанның бір сөзімен теңдік келді.
Керек жоқ,

Аяуың да жұбату да,

Дәттерің шыдаған соң жылатуға.

Жұбанның үні жатыр әнұранда,

Жұбанның құны жатыр мына туда!
Жұбатпа!

Тілегім сол сұранатын,

Құлатпа тектілердің ұран атын.

Жылатып кетті бәрін шындықпенен,



Ешкімді жұбатқан жоқ Жұбан акын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет