Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері



Дата26.02.2016
өлшемі104.75 Kb.
Талжанов, С. А.

Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері: биология, физиология және биотехнология. I халықаралық ғылыми-қолданбалық конференцияның жариялымдары 5-7 қазан 2007 жыл. - 2007. - С. 452-457 б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетгік университет

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халық санының өсуіне қарай қоғамның табиғатпен тікелей араласуы жиіледі. Сондықтан кейбір жерлерде табиғаттың біртұтас тепе-тендігінің бұзылуынан табиғи қорлар азайып, қоршаған ортаның шамадан артық ластануына байланысты климат өзгере бастады. Қоғамның және жеке адамдардың табиғи қорларды пайдаланудағы басты мақсаты тез арада көптеп табыс табу. Бірақ қорлар шексіз емес, құмырадағы суды адам қалай ішіп тауысса, жер байлығы да солай сарқылып бітер. Табиғи қорларды жоспарлы түрде тиімді жұмсамағандықтан, алдын-ала экологиялық және әлеуметтік болжамдар жасамағандықтан және шаруашылықты тиімсіз жүргізгендіктен кейбір табиғи қорлар бітуге айналды. Табиғи апаттар мен адамдардың іс-әрекетінің салдарынан топырақтың құнарлы қабаты жойылуда. Мал жайылымдары эрозияға ұшырауда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жойылуда. Орман-тоғайлар өртенуде, топырақ, ауа мен су кұбырлары шектен тыс ластануда. Келешекте қоршаған ортаның жағдайы барған сайын нашарлай беретіндігін жасыруға болмайды. Ауаның шамадан артық ластануы, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерінің көбеюі ауаның орташа жылдық температурасының жоғарлауына әкеп соқгыруда. Ал бұл полярлы ендіктердегі қар мен мұздың еруін тездетеді. Соның салдарынан дүниежүзілік мұхиттардағы судың деңгейі көтеріледі, су тасқындары болады. Ал фреонды аэрозольді көп колдануынан және реактивті ұшақтардың ұшуынан атмосферадагы озонды қабат зақымдалғандықтан ултракүлгін сәулелерінің мөлшері көбейді. Ал бұл қатерлі ісік кеселдерінің дамуына әкеп соқтырады және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін төмендетеді. Міне, осы жағдайларға байланысты табиғи қорларды үнемді және тиімді пайдаланудың маңыздылығы ерекше. Біздің республикамыз жер қорларына өте бай. Бірақ кейінгі жылдарда экономикалық дағдарысқа байланысты жерді тиімсіз пайдаланудың салдарынан топырақтың құнарлығы күнен-күнге нашарлап барады. Егістік жерлер және мал жайылымдарын дұрыс пайдалана алмағандықтан, су және жер эрозияларының эсерлерінен барлық жердің 60 пайызы немесе 180 млн гектарға жуық жер қуаң шөл далаға айналған. Ондай жерлердің топырағы құнарсыз, көп жерлері сортаң, тұзды келеді.

Халықтың, мал басының, өндірістің, тау-кен шикізаттарының және ауыл шаруашылық жерлерді меңгерудің карқынды өсуіне байланысты жайылымдық экология жүйесіне антропогендік әсер жоғарылап өсе береді.

Табиғатты пайдаланудағы бүтіндей теріс іс-әрекет себептерінің нәтижесінде нәзік және жеңіл жараланатын жайылымдық экология жүйелері құлдилауға душар болады. Олардың қалпына келуі баяу өтетінін есте сақтау керек [1].

Қарағанды облысында жайылымның тозу мәселелері табиғи (факторлармен), сонымен қоса, экологиялық жағдаймен байланысты антропогендік кері іс-әрекетке байланысты шөлдену мен жайылымның тозуының кеңею процестері табиғи және антропогендік әсер немесе себептермен түсіндіріледі. Табиғи факторлар облыстың табиғи жайылымдары аридті зонада орналасуымен ылғалдың аз түсуімен булану мөлшерінің жоғарылығы және жер бедерінің ерекшеліктері бойынша бағаланады. Шөлденудің негізгі катализаторы климаттың қуаңшылдығы және құрғақшылығы болып табылады. Мұндай құбылыс әсіресе облыстың аридтік зонасы үпгін тіпті жоғары. Онда жылына 100-120 мм жауын-шашын түсіп, осы мөлшерде булануға кетеді. Облыстың оңтүстік бөлігіңде (солтүстік Балқаш маңы, Бетпақдала, Ұлытау ауданының оңтүстігі) құрғақшылық жылына 40-60 күнге созылады. Аймақтың күнделікті температура-ылғалдылық режимнің нашарлауы шөлденудің жоғарылығын сипаттайды. Атмосфералық жауын-шашын (100 жыл ішінде) жылдық температураның өсуі облыста ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанның барлық территориясында 10 жыл сайын 0,2° С, орташа жылдық және маусымдық температурасы 100 жылда 1° С өсті, бұл орташа ғаламдық деңгейден 2 есе жоғары. Сонымен бірге, ақырғы 10 жыл ішінде ауа температурасының орташа деңгейінің өсуі байқалады. Орталық Қазақстанның дала зонасында жыл сайын шаңды дауыл 10-20 күн, шөлде 30-50 күнге созылатыны байқалып отыр. Облыстың климатгық геоэкожүйесінің мезгілді қуаңшылықпен бейімделген. Бірақ, антропогендік факторлар осы процестерді өткірлей түседі. Антропогендік шөлдену және жайылымның тозу факторларынан адамның көп түрлі әрекетімен байланыстырылады. Негізгі факторлары мал жайылымы, егін шаруашылығы, су ағысының реттелуі т.б. болып табылады. Орталық Қазақстанда жайылымға шамадан тыс артық салмақ түсіру оның ресурстарының тепе-теңдігінің бұзылуымен жайылымды тиімсіз пайдаланудағы салдарымен анықталады [2].

Жайылымдардың әр түрлі антропогендік себептерден қатты құлдилауына - ағаштарды, бұталарды және жартылай бұталарды кесу, әсіресе, жаппай кесіп алу әрекеті орасаң зор зиян тигізуде. Ағаштың бұталы өсімдіктердің жойылуы жайылымдық экология жүйелерінің құлдилауының бірінші қадамы деп саналуы керек. Өсімдіктің көптеген түрлері ағаштар мен бұталардың қоршаған ортаны жақсарту күшінің арқасында өсіп жетіледі. Қаракұм мен Қызылқұм шөлдеріндегі сексеуілді ағаштың әрбір дарағын жоюдан көптеген бағалы өсімдіктердің оттылықтан қуаты аз деңгейінен түсіп қалады. Өсімдік пен жерді өңдеумен қатар, ағашты - бұгалы өсімдіктердің шөлдік экология жүйесінде топырақты қорғаудағы маңызы зор. Оларды жою топырақтың бүлінуі мен құрғауының үдеуіне әкеледі. Бұдан басқа, ағаштар мен бұталардың жойылуынан мал өзінің негізгі қыстың азығынан, қысқы суық желдерден және жазғы қапырықтан қорғайтын табиғи панасынан айырылады.

Құмды шөлдік өсімдіктерді, ағаштар мен бұталарды отынға және жүйесіз мал жаю сияқты бақылаусыз жолмен талан-таражға салып пайдалану зиянды. Бұл көгалдардың, құдықтар айналасы мен елді мекеннің тозуына, құмдардың желмен қарқынды ұшуына, шөл алаңдарының шамадан тыс кеңеюіне әкеліп соқтырады. Қозғалысқа ұшыраған құмдар егістік жерлерді көбіне көміп тастайды. Әдетте, құдықтар, елді мекен және өндірістік мекемелер айналасындағы барлық ағашты өсімдіктер мен бұталарды аяусыз кесіп тастау салдарынан, олар қайтадан қалпына келмейді. Осы құбылыс нәтижесінде шөлдену процесі одан әрі күшейеді.

Ағаштар мен бұгаларды шектен тыс жоюдан басқа құрғақ экология жүйесіне, табиғи қорларды қарқыңды игеру де теріс әсер етеді. Өнеркәсіптің дамуы жаңа мекендердің, жол, газ жэне мұнай кәсібінің, жер суландыратын құралыстардың құрылуымен жүзеге асады. Алайда өндірістік игерудің қолайлы экономикалық әсерімен бірге экологияға теріс көптеген зардабы да бар.

Жайылымдық экология жүйелеріне қой, ешкі және түйе жаю үлкен әсер етеді. Малды шектен тыс жаю өсімдік қоры - жемшөптің тікелей азаюына, сонымен қатар, әсіресе, шөл мен шөлейт жағдайында түрлік құрамның, жайылымның экологиялық жүйелерінің елеулі қайта құрылуларына әкеліп соқтырады. Құрылысы бұзылған жайылым шаруашылығы жағдайында экология теңдігін және жайылым экологиялық жүйелерінің өнімділігін қалпына келтіруді сақтау ғылыми-техникалық маңызды мәселе болып табылады. Бұл жайылымды жақсарту мен ұтымды пайдалану экологиясын жасаудың жүйелі және қатаң жүргізілуіне мәжбүр етеді.

Көптеген ғылыми ізденістер мен тексерістер жайылымның тұрақты түрде тұқыммен және азықтық қорларын қажетті деңгейде өзінен жаңарту мен ұдайы өндіру қабілеттілігін сақтау үшін оларды экологиялық жағынан мүмкін тәртіппен пайдалану қажеттігін көрсетеді. Жайылымдарды ұтымды пайдаланудағы экологияның бірінші негізі табиғи сыйымдылық пен айналатын мал сандары араларындағы олардың қатынастары болып табылады [3].

Жайылымдарда мал жаюдың теріс әсерін үш негізгі құбылысын қатысты келтіруге болады: өсімдіктердің езгеруі, олардың тіршілігі (экология мен физиологиялық құбылыс) және ортаның бұзылуы. Мал да әуелгі кезде өнімділік пен «топырақ - өсімдік» жүйесіндегі алмасудың күшею барысын өсіреді. Бірақ малдың жайылуы шектен тыс болғанда оттылықтың күйзелуіне топырақ бетінің өзгеруіне әкеліп соқтырады [41]. Жайылымдағы өсімдік қорын белгілі бір мөлшерінен артық пайдалануда малды қарқынды жаю, шөлдік экологиялық бірлестіктердегі олардың құрылыстары мен өнімділігінің қайта құрылуы көрсетеді.

Малды шектен тыс жаюдың әсерінен алдымен жайылымдық экология жүйесінің құрылысты - функционалды байланысы бұзылады, күйзеледі. Ал оның ар жагында топтаулар қңэамынан мал азықтық өсімдіктердің бағалы түрлері азаяды, жайылымдық бағалы оттылықтың өнімділігі мен нәрлілігі төмендейді, басым өсетін түрлердің тұқымынан жаңару нашарлайды. Мал жаюдың шектен асуы топырақ жапқышына теріс эсер етеді: топырақ тығыздалады, ұсақ төмпешіктер пайда болып, топырақтың себуі мен күнге күюі күшейеді. Өз кезегінде топырақтағы ығал алмасуының орынсыз жүруіне әкеледі. Әдетегі жайылымға мал қарқынды жайылғанда жайылымдылық экология жүйелерінің жарық, жылу, өнімді ылғалдық қоры және минералдық заттар турасындағы архитектоникасы бұзылады. Қоршаған орта қорларын толық пайдаланудың кеп қысқаруына және өнімділігінің төмен түсуіне әкеліп соқтырады.

Құмдық шөлдердегі жайылымдардың ауытқу көрсеткіштері: 1) өсімдік жапқышының сиреуі; 2) құнсызданған ошақтардың құрылуы; 3) тұршлықты топтанулардан негізгі өсімдіктердің түсіп қалуы және өсімдік топтануына жас түрлердің енуі болып табылады [5].

Жайылымда шектен тыс мал жаюдың экологиялық және экономикалық зардабы жақсы зерттелгенмен, жайылым деңгейіне тән шектеу және жылдың маусымы бойынша ұгымды пайдалану жөніндегі деректер әлі жеткіліксіз, әсіресе мұндай ғылыми зерттеулер қазіргі шаруа қожалықтарына өте қажет. Жайылымды ұтымды пайдалануда экологиялық негізгі әсерлер төмендегі жайлармен түсіндіріледі: жылдың құрғақ мезгілдерінде топырақ бетінің қабатын қопсыту, өсімдіктер төсеніштерін жасау және шөптік қосындыларда қарашіріктер пайда болуын тездету, топырақты қоректік заттармен байыту, бұталар мен жартылай бұталардың жапырақ арқылы ауа жұту алаңдарын сүйемелдеу, тұқымдарды сіңіру, өсімдіктердің қайта қалпына келуіне мүмкіндік туғызатын өсімдіктерді мал сілекейімен көз сабақтау, өрт қауіптерін төмендетуі, құмырсқа мен кемірушілер санын азайту. Ұтымды және бақылаумен мал жаюда көзге көрінетін жоғарыда аталып өткен қолайлы себептер біріктірілгенде жайылым өнімділігін арттыруға, өсімдіктердің өзінен жаңару қабілеттері мен өсімдіктер қорының өзінен ұдайы өсуін сақтауға мүмкіндік береді.

Жайылымның жоғары өнімділік жағдайын қамтамасыз ету үшін міндетті элементі жайылымдық мониторинг - жайылымдық қорларды басқару жүйесін құру керек. Салыстырмалы мониторингтің мына желісі ең тиімді болып табылады: қорықтық, табиғи жайылымдар, шаруашылықта қолданылатын, экологиясы картаға түсірілген жақсартылған жайылымдар. Жайылымдарды басқару тәсілдерін жасағанда ірі өлшемді карталарда экология жүйелерінің бұзылу мезгілін белгілеу, әлсін - әлсін картаға түсіріп отыруды жүргізу, алыстан бақылау тәсілдері және өсімдіктер мен топырақтың өзгерістерін шапшаң әуе сурет картасына түсіруді әбден жетілдіру қажеттігін ескерген дұрыс. Әрі ауыл шаруашылық жерлерін сапалық бағалау картасын жасау керек. Мысалы, әрбір шаруа қожалығы өзінің ауыл шаруашылық жерінің геоэкологиялық және экономикалық-географиялық сапалық бағалауын көрсететін мәліметтері жазбаша, немесе, картографиялық болуы шарт.

Жайылымдық экология жүйелерін ұгымды пайдалану жайылымдарды басқару жүйесін жетілдіру ретінде қарастырылады: а) жайылымдарды пайдалануда көп себептік мүмкіндік мөлшерлер есебімен жер қорының экологиясы бойынша бірыңғайландыру мен олардың көлемін белгілеу; ә) өріс жүйелерін (олардың біркелкілігі мен мөлшерлілігі) анықтау; б) мониторинг және қорғау шаралары. Жайылымды экологиямен байланыстыра отырып реттеп пайдалану толық желінетін азықпен қамтамасыз ететін, өсімдіктердің өсуі мен көбеюін, сонымен қатар ұзақ жылдық өнімділігін сақтауды қамтамасыз ететін өріс деңгейін қарастырады.

Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдаланудың маңыздылығы ерекше. Сондықтан жерді пайдалануға алған кәсіпкерлер жерді дұрыс пайдаланбай, оны аздырып-тоздырып жіберсе немесе жер текке бос жатса, онда олардан жерді алып басқаларға беру керек. Қазақстан Республикасының жер туралы заңындағы 93-ші бапқа сәйкес жер иеленуші ауыл шаруашылық жерлерің құнарлығын төмендеуіне не экологиялық жағдайының едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, жерді қалпына келтіру немесе жерді қалпына келтіруге кететін шығынды етеу қарастырылған. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы зандарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер төлемі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.

Қорытындылай келе әрбір аудан орталығынан техникалық орталықтар немесе МТС құру қажет. Олар аудандағы барлық шаруашылықтарға, шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге техникалық көмек көрсететін болады жэне агрозоотехникалық қызмет көрсетеді. Сонда ғана қоршаған ортаның ластануына жол бермей тай ресурстады тиімді пайдалануға, қалдықсыз технологияны кеңінен енгі келер табиғатты таза күйінде жеткізуге болады.

Әдебиеттер

1. Біріккен Ұлттар Ұйымьнаң жердін кұмдануына қарсы күрес жөніндегі конвенциясы. - Алматы, 1996. - 60 6.

2. Талжанов С.А. Ауыл шаруашылық жер ресурстарында болатын табигн экологиялық өзгерістерді болжау // ҚарМУ хабаршысы. Биология-география-медщінн сериясы. -2003. -№3 (2). - 52-54 бб. а

3. Өрісбаев Қ. Ауыл шаруашыльиының басты мәселелері //Атамекен. -2003 -10 қантар. -2-3 бб.

4. Жамбакин Ж.А., Нурашев Н.Н. Улучшение сенокосов и пастбищ Казахсмна. -Алма-Ата: Қайнар, 1972. - С. 19-29.

5. Аддреев Н.Г. Иссяедования по улучшению сенокосов и пастбшд //Вестник с -х. науки. -1965. -№12. - С. 16-17.

6. Берсенов Е.Н., Чеканов В.И. Культурные пастбища пустынной зоны. -Алма-Ата: Кайнар, 1981. - С. 60-68.

7. Алексеев А.В. Мая өсіру негідері. - Алматы: Қайнар, 1974. -196 6.

8. Андреев Н.Г., Афанасьев Р.А., Цыгуткин С.М. Лугопастбищные хозяйства в животноводческих комплексах. - М.: Знание, 1978, - 64 с.

9. Андреев Н.Г. Мал шаруашылығы комплекстерінің шабындық және жайылымдық жерлері. - Алматы: Қайнар, 1983. - 240 б.

Ю.Арыстанбеков Х.А., Белов А.И, Ауыл шаруашыпығы экономикасының анықтамалығы. -Алматы: Қайнар, 1972. - 546 б.

11 Гаппасов А.М. Итоги сельскохозяйственного освоения пустьшных земель Казахской ССР за 25 лет //Известия АН КазССР. Серия ботаническая. -1955. -№2. - С. 11-18.



12 Естественные кормовые ресурсы СССР и их использование /Под ред. академика Хачатурова Т.С.-М.: Наука, 1978. -182 с.

13 Жамалбеков Е.У. Жер кадастры. - Алматы: Қазақ университеті, 2001. - 59 б.
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Яковлев, А. Табиғат – ел байлығы / А. Яковлев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 23 қаңтар (№12)
Files -> Қарқаралы орманының қорғалуына 125 жыл [Текст] / С. Т. Тохметов // Гүлстан. 2009. №4. С. 40-45 б.
Files -> Жанысбай С. Арқаның омырауында алқасындай / Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. – 2003. – 14 тамыз. –
Files -> Бекішев, Қ. Байқоңырдың әсері / Қайыржан Бекішев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 9 тамыз (№126-127). –
Files -> Байқоңыр дейтін бір мұң бар: Кеселді космодром кімге керек? / Жаңабек Шағатай. 2003. 16 қазан
Files -> Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 2007. – 5 маусым (№86)
Files -> Облыстыќ статистика басќармасы Ќараѓанды облысындаѓы экологиялыќ ахуал // Орталыќ Ќазаќстан. – 2003. – 1 ќараша (№174-175)
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Задача настоящего исследования выделение наиболее характерных и урожайных растительных сообществ о участием изучаемых видов, выявление в них экотипов о наибольшим содержанием гликозидов в органах в фазу цветения
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш аймағының экономикалық-экологиялық проблемасы / Э. Өмірсерікқызы // Экологическое образование в Казахстане. – 2006. №3. – 16-18 б


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет