Тамақ өндірісінің жіктелуі



бет16/23
Дата06.09.2023
өлшемі224.71 Kb.
#476728
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
file-8164 (14)

ІРІМШІКТІ ПРЕССТЕУ
Әдетте формалаудан кейін ірімшіктерді не пресстейді, не олардың жоғары қабаттар ауырлығынан өздігінен пресстелуі жүреді. Пресстеу және өздігінен пресстелу ірімшік формасын одан әрі бекіту, түйірлердің тұтас монолитке бірігуі, механикалы басылған сарысуды жою және тегіс бекітілген беткі қабатты жасау үшін қажет. Өздігінен пресстелуді барлық жұмсақ ірішіктер жіне кейбір қатты ірімшіктер өндірісінде пайдаланады. Өздігінен пресстелу кезінде жоғарғы қабаттардың қысымынан төменгілер тығыздалатындықтан, оларды аударып отырған жөн. Алғашында оларды 20-30 минуттан кейін, сосын сирек – 1-1,5 сағаттан соң аудару керек. Жұмсақ ірімшіктердің көпшілігінде өздігінен пресстелу 10-24 сағатқа, қаттыларда – 8-12 сағатқа созылады. Ірімшіктерді өздігінен пресстелу кезінде 5-8 рет аударады.
Ө здігінен пресстелу кезінде сүтқышқылды процесс жалғасып, сарысу бөлінетіндіктен, процесті 18-20°-та жүргізу қажет. Өздігінен пресстелудің аяқталуын ірімшіктен сарысудың бөлінуі тоқтағаны бойынша анықтайды. Ірімшіктерді аудару процесін механизациялау үшін жылжитын немесе жылжымайтын түбі бар, формадағы ірімшіктер қойылатын үстелдерді рычагтың көмегімен аударады.
Қатты ірімшіктер өндірісінде түйірлердің бір монолитке қосылуы үшін өздігінен пресстелу жеткіліксіз, қысыммен мәжбүрлі пресстеу керек. Пресстеу кезінде сүтқышқылды ашу мен сарысудың бөлінуі жалғасады. Сонымен бірге массаның тығыздалуы мен байланыспаған сарысудың бөлінуі жылдамдатылады. Дәл өздігінен пресстелудегідей температураға қояды. Қабығы қатты, тегіс, беткі қабаты бекітулі болу үшін ірімшіктерді матаға орап пресстейді.
Егер кәдімгі және майлықсыз пресстеу әдістерін салыстырса, онда бірдей уақыт ұзақтығында пресстегенде, майлықсыз әдіспен пресстелген ірімшіктерде майлыққа оралған ірімшіктерге қарағанда ылғалдың азырақ екенін байқауға болады.
Өнімді дренажды саңылауларға пресстеу шектен шыққан болмас үшін, олардың үлкендігі мейлінше аз болуы керек. Саңылау диаметрі пресстелетін ірімшік массасының реологиялық қасиеттері мен пресстеу кезіндегі күшке тәуелді.
Пресстеу басында қысым көп болмауы керек, ал сосын оны біртіндеп ұлғайтып, соңында 1 кг ірімшікке 30-40 кг-ға дейін немесе ірімшіктің беткі қабатының 1 см²-на 0,5— 0,6 МПа-ға жеткізу қажет. Қысым негізінен төменгі қабаттарға әсер ететіндіктен, жоғарға қабаттар аз тығыздалған болып қалады. Сондықтан ірімшіктерді қайта пресстеу және аудару керек. Қатты ірімшіктердің көпшілігін беткі қабатының 1 см²-на 0,1-ден 0,5 МПа қысымда пресстейді.
Пресстеу барысында немесе одан кейін ірімшіктерді техникалық шарттарға сәйкес таңбалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет