«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


Магниттік резонанс спектроскопиясы



бет11/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
file-8164 (15)

Магниттік резонанс спектроскопиясы.
Масс-спектроскопия

Аналитикалық химияда және физико-химиялық зерттеулерде электромагниттік спектрдің радио- және микротолқынды қолдану ядролық магниттік және электронды парамагнитті резонанстар құбылыстарына негізделеді.


Ядролық магниттік резонанс спектроскопиясы (ЯМР) сыртқы магниттік өрістің ядроның магниттік моментінің арақатынасынан пайда болады. ЯМР әдісі арқылы жеке қозғалу санының моменті (ядро спині) бар ядро және ядроның магниттік моментіне байланысты зерттеулер жасауға болады.
ЯМР әдісімен анықталатын затты бір уақытта екі магниттік өріске (біріншісі – тұрақты, екіншісі - радиотолқынды) енгізеді. Өлшеулер ЯМР-спектрометрде өткізіледі, оның негізгі құрамдық элементтері: электромагнит (қарапайым аспаптарда тұрақты магнит пайдаланады); радио жиілікті сәулендіру генераторы; үлгісі бар пробирканы салатын датчик; электронды күшейткіш және интегратор; өздігінен жазғыш.
ЯМР әдісі басқа базалық талдау әдістеріне қарағанда едәуір пайдалы және көп жағдайда зерттеу ауытқуларының төмендігімен ерекшеленеді, сонымен қатар олар салыстыратын арнайы дайындалған үлгіні және үлгіні өлшеуді қажет етеді. Осы әдістер көп жағдайда шикізатта және дайын өнімдегі су және май күйін және қасиеттерін бағалау үшін қолданады.
Масс-спектрометрия спектроскопиялық әдістер арасында ерекше орынды алады. Негізінен бұл әдіс спектроскопиялық емес, өйткені талдау кезінде заттар электромагниттік сәуленудің әсерінен өтпейді. Бұл әдіс спектроскопиялық әдіске және оның спектрлары бар масс-спектрдің графикалық суреті ұқсас болғандықтан осы атауын алды. Масс-спектроскопия электрон түйіршіктерінің әсері арқылы заттың нейтральді молекулалары алынған ион бөлшектері тоғын зерттеуге негізделген.
Масс-спектрометрия әдісі қосылыстарды идентификациялау және белгісіз заттар құрамын табу, нақты молекулярлық массаны анықтау, элементтік құрамды анықтау, биологиялық белсенді қосылыстардың іздер санын талдау, пептидтердің амин қышқылды кезегін, көп компонетті қоспаларды талдау және т.б. үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесінде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет