«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»



бет13/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
file-8164 (15)

Поляриметрия

Кейбір заттар молекулаларының атомдарында полярлану қабілеті бар, электр өрісінде дипольді момент қабылдайды. Атомдардың полярлануы әр типтегі молекула атомдарында орын ауысуға негізделген, ол ассиметриялық атомдар электрондық жазықтық молекуласында симметриялық емес таралуына байлынысты. Осындай атомдары бар заттар оптикалық белсенді болады. Олар жарықтың зерттелетін заты арқылы өтетін полярлену жазығының айналдыруына қабілетті. Заттарды зерттеу әдісі Оптикалық белсенді заттан өту кезінде ожарықтың полярлану жазығының айналу бұрышын өлшеуге негізделген, ол поляметрия деп аталады. Ерітіндідегі осындай айналу өлшемі олардың концентрациясына байланысты, сондықтан поляметрия оптикалық белсенді заттар (мысалы: қант) концентрациясын өлшеу үшін кең қолданады.


Полярленген жарық өту кезінде тербеліс бағытын ауыстыру қасиеті бар заттар оптикалық анизотропты немесе оптикалық белсенді деп аталады.
Оптикалық белсенділік кристалдық тор құрылым ерекшеліктеріне негізделген, осы жағдайда заттар қатты кристалды күйде ғана оптикалық белсенділікті көрсетеді немесе молекулалардың құрылымының ерекшеліктеріне байланысты – осындай заттардың оптикалық белсендігі ерітінділерде ғана байқалады.
Соңғы топтың заттарына сахароза, фруктоза, шарап қышқылы сияқты органикалық заттар жатады. Поляриметриялық әдіс осы топ заттарын ғана сандық анықтауға жасалған.
Оптикалық белсенділік ерітінді қабатының қалындығы (полярлеу құбырының ұзындығы) 1 дм тең болатын 1 г ерітілген заты бар 1 мл ерітінді арқылы полярлеу сәулесі өту кезінде полярлеу жазықтығы бұрылатын бұрышы болатын шекті айналыммен сипатталады. Полярлеу жазықтығы - тербеліске перпендикулярлы бағытта полярлеу сәулесінен өтетін жазықтық.
Шекті айналым заттың табиғатына, температурасына, полярленген сәуле және ерітінді ұзындығына байланысты, сондықтан оны 200С температураға және натрийдің сары сызығына дейін жеткізу керек және ерітіндінің атын көрсетіп [σ] белгілейміз.
Полярлеу жазықтығының айналым бұрышын [α] келесі формула бойынша анықтайды
α = [σ] , (2.2)
мұнда l – құбыршақ ұзындығы, дм;
с – зат концентрациясы, г/100 мл;
σ – шекті айналым, град.
Формуланы (4) пайдаланып 100 мл ерітіндідегі граммен заттың санын, концентрациясын есептеймі (с).
с = , (2.3)
Полярометрия әдісімен зерттеу поляриметр аспабымен немесе сахариметрдің бір түрімен (алдын ала салма алмай белгісіз концентрациялы ерітіндегі сахарозаның мөлшерін анықтауға болады) жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет