«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


ТАРАУ. ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДЕР САПАСЫН БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ



бет17/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
file-8164 (15)

3 ТАРАУ. ШИКІЗАТТАР ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДЕР САПАСЫН БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Дайын өнімнің және сапаны бағалаудың едәуір маңызды қолданбалы әдістерді қарастырамыз.


3.1 Салыстырмалы тығыздық

Салыстырмалы тығыздық белгілі физикалық жағдайларда зерттелетін заттың «стандартты» зат тығыздығына қарым-қатынасы:


d = , (3.1)
мұнда ρ – осы заттың тығыздығы (кг/м3);
ρ0 - «стандартты» зат тығыздығы (кг/м3).
Зат тығыздығы, р, кг/м3, тыныш қалыптағы массаның m (кг) көлемге v(м3) қатынасы ретінде анықталады:
ρ = , (3.2)
Сұйық тағамдық заттар үшін «стандартты» зат 3,98°С температурадағы және нормалды атмосфералық қысымы бар таза су болып келеді, ол судың едәуір жоғары тығыздығына сәйкес келеді.
Салыстырмалы тығыздықты өнімнің температурасы 20°С және су температурасы 4°С немесе 20°С болғанда анықтайды, d немесе d символдармен белгілейміз. Тығыздық мәнін d мәнін d мәніне қайта есептеу үшін немесе кеңейтудің температуралық коэффициентін керісінше қолданады.
d = 1,00177 d және d = 0,99823 d
Сұйық тамақтардың салыстырмалы тығыздығы құрғақ заттардың температурасына және концентрациясына байланысты.
Тығыздық көрсеткіштері сүттің сапасын бағалауда, жемістік және жидектік экстрактарда құрғақ заттар мөлшерін анықтауда, ерітінділерде ас тұзы мөлшерін анықтауда есеп алынады.
Салыстырмалы тығыздықты анықтауда көбінесе пикнометрлік немесе ареометрлік әдістер қолданады.
Пикнометриялық әдіс пикнометр аспабының көмегімен тең көлемдегі зертелетін өнім және судың массасын анықтауға негізделген. Ол өлшенеді, зерттелетін өніммен бірге және дистилденген сумен бөлек термостатталады.
Зертелетін өнімнің тығыздығы келесі формуламен есептеледі:
d20 = , (3.3)
мұнда m – бос пикнометр массасы, г;
ml – зертелетін сұйықтығы бар пикнометр массасы, г;
m2 – дистилденген суы бар пикнометр массасы, г.
Ареометриялық әдіс тығыздықты көрсететін шкаласы бар ареометр аспабының көмегімен өткізіледі. Зертелетін сұйық өнімге ареометрді (ығыстырылған сұйық өнімнің массасы ареометр массасымен теңескенше) салады. Сұйық өнімнің тығыздығы бату деңгейіне байланысты ареометрдің градуирленген шкаласымен анықталады. Кейбір ареометрлердің ішінде термометр болады, ол зертелетін сұйық өнімнің температурасын өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет