«Тамақтандыру кәсіпорынның экономикасы» пәнінен тест сұрақтары



Дата26.12.2023
өлшемі34.21 Kb.
#488089
Тест-Тамақтандыру-кәсіпорынның-экономикасы-Кушанова-Г.Д.


« Тамақтандыру кәсіпорынның экономикасы» пәнінен тест сұрақтары
1. Нарықтық экономиканың артықшылығы
А) өндірушімен тұтынушының еркіндігі;
В) экономиканы әлеуметтік реттеудің жоқтығы;
С) мемлекет тарапынан қатаң бақылаудың болуы;
D) экономиканың тұйықтығы;
Е) дұрыс жауабы жоқ;
2.Нарық инфрақұрылымы бұл
А) белгілі бір мезгілдегі өндіріс пен тұтыну жағдайларын сипаттайтын уақытша жағдай;
В) ерекше нарықтар шегінде қызмет ететін және олардың қалыпты қызмет жасау тәртібін қамтамасыз ету үшін анықталған міндеттерді атқаратын институттар жиынтығы;
С) өндіріс процесінде адам қолданатын барлық күштер жиынтығы;
D) белгілі бір міндеттерді атқаратын жеке нарықтар;
Е) белгілі бір міндеттерді атқаратын жеке институттар;

3.Нарықтық экономиканың экономикалық принциптеріне келесілердің қайсысы жатпайды


А) еркін баға қалыптастыру;
В) меншік иесі болу құқығы;
С) бәсеке;
D) экономикалық кәсіпкерліктің еркіндігі;
Е) әлеуметтік қорғау жүйесі;

4.Нарық шеше алмайтын мәселелер қатарына келесілердің қайсысы жатады


А) өндірістің сыртқы әсерлері;
В) еркін бәсекені қамтамасыз ету;
С) әртүрлі нысандағы нарықтарға еркін кіру;
D) материалды, еңбек, қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
Е) нарықтық ақпараттардың толық көлеміне еркін кіру;

5.Нарықтық қатынастардың негізгі қатысушылары болып табылатындар


А) үй шаруашылығы және фирмалар;
В) үй шаруашылығы және мемлекеттік кәсіпорындар;
С) үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет;
D) мемлекет және шетелдер;
Е) жеке кәсіпкерлер;

6.Инфрақұрылымның материалдық базасына келесілердің қайсысы жатады


А) брокерлік ұйымдар;
В) жабдықтауөткізу ұйымдары;
С) банктер;
D) несиелікжинақтау мекемелері;
Е) көлік жүйелері, қоймалар;

7.Нарықтық шаруашылықтардың пайда болуы мен қалыптасуының объективті шарттары қандай


А) қоғамдық еңбек бөлінісі;
В) экономиканың субъектілердің экономикалық жекеленуі;
С) кәсіпкерліктің субъектілердің дербестігі;
D) барлық жауап дұрыс;
Е) дұрыс жауабы жоқ;

8.Нарықтық экономика бұл


А) хаос пен анархия жүйесі;
В) баға жүйесі арқылы әрекет ететін, үйлестірудің күрделі механизмі;
С) әлеуметтік реттеусіз және кепілсіз «жабайы» экономика;
D) мемлекеттің реттеуі;
Е) ғылымитехникалық прогресс;

9.Өндіріс құралдары нарығында айналымға нелер түседі


А) акциялар мен облигациялар;
В) өндіріс технологиялары мен лицензиялар;
С) тұтынушы тауарлары;
D) қаржы ресурстары;
Е) сұраныс және ұсыныс;

10.Тауар биржалары қандай инфрақұрылыға жатады


А) бағалы қағаздар нарығына;
В) өндіріс құралдары нарығына;
С) тұтыну заттары нарығына;
D) мәлімет нарығына;
Е) ресми және көлеңке нарықтар;

11.Экономикалық жүйе ретінде нарықбұл


А) сатушы мен сатып алушы кездесетін жер;
В) базар;
С) баға мен нарықтар арқылы әрекет ететін күрделі механизм;
D) сауда нүктесі;
Е) мемлекет;

12.Нарықтық экономикада мүмкін емес


А) ең жоғарғы табыс алу;
В) өндіріс шығындарын ең төмен деңгейге жеткізу;
С) күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға қайтарылмайтын көмек көрсету;
D) барлық адамдардың бір деңгейлі өмірмен қамтамасыз ету;
Е) нарықтық сұранысты қанағаттандыру;

13.Нарық өз күші арқылы келесілердің қайсысын шеше алады


А) қоршаған ортаны қорғауды;
В) күнкөрісі төмен отбасыларға қолдау көрсетуді;
С) ұлттық қауіпсіздік мәселелерін;
D) дұрыс жауабы жоқ;
Е) инфляцияны бәсеңдетуді;

14.Заңдылықтарға сәйкестік бойынша нарықтар қалай бөлінеді


А) дамыған және дамымаған;
В) бәсекелес және бәсекелес емес;
С) ресми және көлеңкелі;
D) ресми және дамымаған;
Е) дұрыс жауабы жоқ;

15.Нарықтың қағидасына төмендегілердің қайсысы жатпайды


А) тұтынушылардың еркін таңдауы;
В) жеке тұлғалардың экономикалық тұрғыдан өздерін анықтауы;
С) нарыққа қатысушылардың экономикалық құқықтарының теңдігі;
D) табыс бойынша адамдардың жіктелуі;
Е) әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көп болуы;

16. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономиканың қалыптасу шартына не жатады


А) шағын бизнесті салықтандыру тәртібінің күшеюі;
В) бағаны ырықтандырудың қайталануы;
С) кейбір реттелетін бағалардың сақталуымен қатар, еркін баға қалыптастыру;
D) тұрғындарды әлеуметтік қолдаудан бас тарту;
Е) аралас кәсіпорындар құру;

17.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасын оқу үшін қандай курс керек болды


А) дәстүрлі экономика;
В) реттелмейтін экономика;
С) дамыған реттелетін нарық экономикасы;
D) өтпелі кезең экономикасы;
Е) жабық экономика;

18.Қандай да бір тауар өндірісіне қажетті материал бағасының өсуі неге әкеледі


А) сұраныс қисығын жоғары жылжытады (немесе оңға);
В) сұраныс және ұсыныс қисықтарын жоғары жылжытады;
С) ұсыныс қисығын жоғары жылжытады (немесе солға);
D) ұсыныс қисығын төменге жылжытады (немесе оңға);
Е) өзеріссіз қалады;

19.Жаңа технологияны қолдану


А) сұраныс қисығын жоғары және оңға жылжытады;
В) сұраныс қисығын төмен және оңға жылжытады;
С) ұсыныс қисығын төмен және оңға жылжытады;
D) ұсыныс қисығын жоғары және солға жылжытады;
Е) өзеріссіз қалады;

20.Өндірілген тауардың қосымша бірлігін тек арзан бағада сатып алуды келесілердің қайсысы жақсы түсіндіреді


А) орын басу әсері;
В) кемімелі шекті пайдалылық принципі;
С) табыс әсері;
D) ұсыныс заңы;
Е) дұрыс жауабы жоқ;

21.Тауардың сұраныс бағасы бұл


А) тауарды сатып алуға болатын баға;
В) тауарды сатып алуға болатын ең төменгі баға;
С) сатып алушының осы тауарға төлеуге дайын ең жоғары бағасы;
D) осы тауар сатылатын орташа баға;
Е) тұтынушы табысы;

22.Қандай да бір тауар ұсынысы бұл


А) өндірушілердің қанадй да бір тауар өндіруге деген ынтасы;
В) бір жыл ішінде елде өндірілген барлық тауарлар;
С) анықталған бағада өндірушілер сатуға дайын тауар көлемі;
D) анықталған бағада өндірушілердің тауарды сатуға дайындығы;
Е) тұтынушылар талғамы мен қалауы;

23.Тауарға сұраныс көлемі өзгереді, егер


А) басқа тауарлар бағасы өзгерсе;
В) өндіріс технологиясы өзгерсе;
С) тауар сапасы өзгерсе;
D) тауар бағасы өзгерсе;
Е) тауар бағасы өзгеріссіз қалса ;

24.Жеке сұраныс бұл


А) белгілі бір тауар түріне сұраныс;
В) жеке тұтынушының тауарға сұранысы;
С) уақыт бірлігіндегі тауарға сұраныс;
D) белгілі бір фирма өндіретін тауарға сұраныс;
Е) жалпы сұраныс;

25. Қандай нарықта сұраныс пен ұсыныс бағаның үйлестіруші рөлін түсіндіруге қолданылады


А) жеке кәсіпкерлікке салықтың өсуі;
В) тұтынушы табысының өсуі;
С) өндіріс ресурстарының бағасының арзандауы;
D) өзара толықтырушы тауарлар бағасының азаюы;
Е) жеке кәсіпкерлікке салықтың төмендеуі;

26.Қандай жағдайда табыс әсері болады


А) егер ададар табысы азайса, олар аз өнім сатып алады;
В) тауарлың арзандауы, тұтынушыны басқа тауарларды сатып алу көлемін өзгертпей, сол тауарды көп мөлшерде саиып алуға әкеледі;
С) адамдардың табысының өсуіне сәйкес кейбір тауарларды сатып алу көлемін азайтады;
D) адамдар табысы өскен сайын, өскен табыс бөлігін жинақтайды;
Е) барлық жағдайда;

27.Тұтынушылық таңдау теориясы тұжырымы бойынша, тұтынушылардың


А) талғамы мен қалауы бар;
В) бюджеттері шектеулі;
С) өздерінің қанағаттану деңгейін жоғарылату үшін таңдау жасайды;
D) барлық жауап дұрыс;
Е) барлық жауап дұрыс емес;

28. Қаржы жүйесі дегеніміз не


А) қаржы мекемелерінің және қаржы қатынастарының жиынтығы;
В) ақша айналымы жиынтығы;
С) қор қалыптастыру жиынтығы;
D) қаржы байланыс жиынтығы;
Е) ақша, қаржы қатынастарының жиынтығы;

29.Салық қызметінің құрылымы келесі түрде беріледі


А) салық комитеті, салық полициясы, кедендік комитет, алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылайтын комитет;
В) салық комитеті, мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет, кеден комитеті;;
С) салық комитеті, ішкі – алыс беріс жөніндегі комитет, алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылайтын комитет, қазыналық комитеті;
D) ҚР – ң Қаржы Министрлігінің салық департаменті;
Е) дұрыс жауап жоқ;

30.Корпоративтік табыс салынған есептегенде салықтық шегеруге мына шығындар кірмейді


А) теріс бағамдық ерекшелікпен;
В) сақтандыру төлемі;
С) күмәнді міндеттер мен күмәнді талаптар;
D) финировындағы активтерге;
Е) мемлекеттік бюджетке тиісті штрафтар мен өсімақылар салу;

31.Лаффер қисығы қандай тәуелділікті сипаттайды


А) тұрғындардың салық ставкасы мен салық ауыртпалығы;
В) мемлекеттік бюджетке салық ставкасы мен салық түсімдері;
С) салық ставкасы мен түсімдер деңгейдегі салықтық база;
D) жеке жинақ деңгейі мен салық ставкасының деңгейі;
Е) өндіріс пен салық жүктемесінің көлемі;

32.Салық салу обьектісі және төлеуші мен мемлекет арасындағы қатынас негізінде салықтар келесілерге бөлінеді


А) жалпы және арнаулы;
В) мемлекеттік және жергілікті;
С) прогресивті және пропорционалды;
D) тікелей және жанама;
Е) глобальды және шедулалық;

33. Салық қандай функцияны атқарады…


А) бөлістіру және бақылау;
В) бөлістіру және қайта бөлістіру;
С) фискалдық, реттеуші, қайта бөлу;
D) фискалдық, қайта бөлу, бақылау;
Е) ынталандыру, фискалдық, бақылау;

34. Төмендегілердің ішінен қаржы нарығының жұмыс істеу сферасын анықтаңыз


А) бағалы қағаздар нарығы;
В) қысқы мерзімді ссуда нарығы;
С) ақша капиталының нарығы;
D) валюта нарығы;
Е) жауаптардың бәрі дұрыс;

35.Егер баға жылына 100% өскенде инфляция түрін анықтаңыз


А) өршімелі;
В) балансталған;
С) шектен тыс инфляция;
D) жасырын;
Е) сұраныс инфляциясы;

36.Қаржы нарығының инфрақұрылымы” мынаны білдіреді


А) инвесторлар, инвестициялық делдалдар және өзін өзі реттеу ұйымдарының қатысушылары;
В) құқықтық қамтамасыздық, бағдарлама, депизоторлық және есептік – клирингтік жүйе, тіркеу органы;
С) қор биржасы, инвестициялық институттар, брокерлік және дигерлік компаниялар, консалтингтік фирмалар;
D) ҚР бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссия, Қаржы Министрлігі және Ұлттық банк;
Е) дұрыс жауап жоқ;

37. Салық мөлшері мен салық түсімі көлемі арасындағы байланысты көрсететін қисық сызық


А) Энгель қисығы;
В) Лаффер қисығы;
С) Сұраным қисығы;
D) Лоренц қисығы;
Е) Филлипс қисығы;

38.Ұдайы өндіріс процесі нені қамтиды


А) тауарлар және қызметтер өндірісі;
В) игіліктерді бөлістіру;
С) игіліктермен алмасу;
D) игіліктерді тұтыну;
Е) барлық варианттар;

39.Кеңейтілген ұдайы өндіріс нені қамтымайды


А) өндірістің өсуі;
В) жинақтау нормасының өсуі;
С) жинақтау нормасының азаюы;
D) тұтынудың ұлғаюы;
Е) өндіріс технологиясының жетілуі;

40.Қоғамның экономикалық жүйесінің элементтері


А) кәсіпорындар, салалар, салалар топтары, өндіріс сфералары;
В) игіліктер өндірісі және қызметтер өндірісі;
С) материалды және материалды емес өндіріс;
D) өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар;
Е) ұлттық экономика, экономикалық қатынастар және ұйымдар жүйесі;

41.Нарық – бұл


А) тауарлар айырбасы жүретін жер;
В) шаруашылықтың орталықтанған механизміне негізделген, сатушылардың және сатып алушылардың әсерлесетін әдісі;
С) тауарлы өндіріс және айналым заңдарымен ұйымдастырылған айырбас;
D) сатушыларды және сатып алушыларды біріктіретін экономикалық механизм;
Е) тауарларды айырбастау әдісі;

42.Нарықтың қалыптасу шарттары


А) өндірістің стихиялы сипаты;
В) өндірушілер арасындағы тікелей байланыс;
С) қоғамдық еңбек бөлінісі;
D) өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік болады;
Е) орталықтанған жоспарлау болады;

43. Мемлекеттің бюджеттік саясатының негізгі құралдары


А) салықтар;
В) дисконттық саясат;
С) құнды қағаздар нарығындағы операциялар;
D) ақша – несие саясаты;
Е) А және С жауаптары дұрыс;

44. Нарықтық экономиканы реттеу бойынша мемлекеттің функциялары қайсысына жатады


А) тек әлеуметтік проблемаларды шешу;
В) монополияға қарсы заңдылықтар шығару;
С) бәсекелестікті қорғау;
D) инфляцияны және жұмыссыздықты баяулату;
Е) С және D жауаптары дұрыс;

45.Нарықтық сұранысқа әсер етпейді


А) тұтынушылар табысы;
В) өзара алмастыратын тауарлар бағасы;
С) ресустар бағалары;
D) сатып алушылар саны;
Е) тұтынушылық талғамдардың өзгеруі;

46. Қай фактордаң өзгеруі ұсыныс қисығының қозғалысын тудырмайды


А) ресурстар бағасы
В) салықтар және субсидиялар;
С) өнім бағалары;
D) нарыққа жаңа фирмалардың шығуы;
Е) табиғи құбылыстар;

47.Кемитін шекті пайдалылық заңы нені білдіреді


А) шекті пайдалылықтың бағаларға қатынасы барлық тауарлар үшін бірдей;
В) сатып алынатын тауарлардың пайдалылығы тұтынушы табысы өскен сайын кеми бареді;
С) игіліктің әрбір қосымша бірлігімен әкелінетін пайдалылық, сатып алынатын тауарлар саны өскен сайын кеми береді;
D) шығындар өскен сайын тауарлардың пайдалылығы азаяды;
Е) шығындар азайған сайын тауарлардың пайдалылығы азаяды;

48. Нарықтық экономиканың белгілері


А) жеке меншік;
В) адамның жеке мақсаты;
С) таңдау еркіндігі;
D) бәсекелестік, еркін баға жүйесі;
Е) барлық жауап дұрыс;

49. Қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі қалай аталады


А) өндіріс;
В) ұдайы өндіріс;
С) инфляция;
D) кәсіпкерлік;
Е) ақша эмиссиясы;

50. Инфляция түрлері


А) жылжымалы;
В) қарқынды;
С) гиперинфляция;
D) барлық жауап дұрыс;
Е) барлық жауап дұрыс емес;

51. Нарық функциялары


А) ақпараттық;
В) баға қалыптастыру;
С) реттеу, делдалдық;
D) бақылау;
Е) барлық жауап дұрыс;

52.Баға мен сұраныс көлемі арасындағы кері тәуелділік


А) ұсыныс заңы;
В) сұраныс заңы;
С) құн заңы;
D) өсім заңы;
Е) тұрақтылық заңы;

53.Материалды және қаржылық ресурстар ғимараттар, құралжабдықтар, қаржылық құралдар өндіріс факторларының қай тобына жатады


А) енбек;
В) капитал;
С) жер;
D) кәсіпкерлік;
Е) ақпарат;

54. Меншік объектілерін иемдену бойынша адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар –бұл


А) Өндіріс;
В) Нарық;
С) Меншік;
D) Сұраныс;
Е) Ұсыныс;

55.Не,қалай, кім үшін өндіру керек деген проблема, баға,сұраныс, ұсыныс арқылы шешілетін, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі қалай аталады


А) меншік;
В) нарық;
С) экономикалық жүйе;
D) экономикалық заң;
Е) экономикалық категория;

56.Ұсыныс көлеміне әсер ететін бағалық емес факторларды атаңыз


А) ресурстар бағасы;
В) технология;
С) басқа тауарлардың бағасы;
D) сатушылар саны ;
Е) барлық жауап дұрыс;

57. Нарықтық экономика қандай принциптерге негізделеді


А) жеке меншік;
В) таңдау еркіндігі;
С) адамдардың жеке мүддесі;
D) бәсекелестік;
Е) барлық жауап дұрыс;

58.Нарықтың пайда болу шарттары


А) қоғамдық енбек бөлінісі;
В) өндіруші еркіндігі;
С) таңдау еркіндігі;
D) өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
Е) барлық жауап дұрыс;

59.Нарық құрылымы қандай белгілер бойынша топтастырылады


А) экономикалық қолданылуы бойынша;
В) географиялық орналасуы бойынша;
С) бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша;
D) салалар бойынша;
Е) барлық жауап дұрыс;

60. Нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық қолданылуы бойынша нарықтар қандай түрлерге бөлінеді


А) тауарлар мен қызметтер нарығы;
В) өндіріс факторларының нарығы;
С) қаржы нарығы;
D) ақпарат нарығы;
Е) барлық жауап дұрыс;

61.Инфляция себептеріне қайсылары жатады


А) ақша эмиссиясы;
В) мемлекеттік бюджет тапшылығы;
С) экономиканың шығындық сипаты;
D) кәсіпорындар монополиясы;
Е) барлық жауап дұрыс;

62. Еңбек нарығы бұл


А) мемлекеттiң экономикалық ресурстарды тарату сферасы;
В) товар айналымының сферасы еңбек, капитал, жер;
С) соңғы өнiмдi сату нарығы;
D) жұмысшылар мен жұмыс берушiлердiң мүделерiнiң сәйкес келуi бойынша қоғамдық қатынастардың жүйесi;
Е) қызмет ететiн шаруашылық заңдарды бұру арқылы пайда табудың экономикалық сферасы;

63.Нарықта бар тауармен қанағаттанбаған жағдайдағы жасырын сұраныс кезiнде қолданылатын маркетингті атаңыз


А) ынталандырушы маркетинг;
B) дамушы маркетинг;
C) персоналдық маркетинг;
D) ремаркетинг;
E) демаркетинг;

64.Маркетингтiң келесi принципi ненi меңзейдi «өндiруге болатын емес, ал сатуға болатын тауар өндiру»


А) тұтынушылардың нақты қажеттiлiгiн және кәсiпорынның өнiм өндiру мүмкiндiгiн бiле отырып өнiм өндiрудi;
В) нарық пен сұраныстың өзгерiсiн есепке алатын өндiрiстiң мобилдiлiгi мен икемдiлiгiн;
С) нарыққа әсер ету, сұранысты тудыру және ынталандыруды;
D) нарықтағы фирманы басқарудың негiзгi функциясын жүзеге асыруды;
Е) фирманың ақырғы нәтижесiне қол жеткiзуге мақсат;

65.Қазақстандағы маркетингтiң дамуына не әсер етедi


А) маркетинг бойынша халықаралық ұйымдар;
В) нарықтың экономикалық емес реттеушiлерiнiң саны;
С) бәсекелестiктiң дамуы;
D) Қазақстанның басқа елдермен халықаралық қатынастарының дамуы;
Е) Қазақстанның басқа елдермен экономикалық қатынастарының дамуы;

66. Қоғамда нарықтың пайда болуы үшiн қандай жағдайлар жасалуы керек


А) бәсекелестiк, өткiзу нарығы үшiн күрес;
В) тауар – ақша қатынастары;
С) тауар айналымы мен еңбектiң қоғамдық бөлiнуi;
D) өндiрушiнiң тұтынушымен байланысы;
Е) жаңа технологияны енгiзу;

67.Тауарлық, қызметтiк, қаржылық, ақпараттық және еңбек нарығы нарықтың қай жiктемесiне жатады


А) бәсекелестiктi шектеу деңгейi бойынша;
В) тауар айырбасы бойынша;
С) мемлекеттiк шекараларға қатынасы бойынша;
D) территориялық масштабы бойынша;
Е) сұраныс пен ұсыныс деңгейiнiң сәйкестiгi бойынша;

68. Маркетинг қызметiнiң қай моделi нарық сегментi мен тұтынушылардың бiр түрiне байланысты ұйымдастырылады


А) тауарлық;
В) матрицалық;
С) нарықтық;
D) аралас;
Е) функционалдық;

69. Маркетингтiк зерттеу – бұл


А) нарықты зерттеу;
В) үнемi жүргiзiлетiн жинақ жүйесi, талдаудың квалификациясы, маркетингтiк ақпараттарды тарату және бағалау;
С) әртүрлi маркетингтiк мәселелердi табу және шешу үшiн ақпарат жинақтау, талдау және топтастыру;
D) сауда ғимараттарында өткiзiлетiн маркетингтiк шаралардың кешенi;

70. Маркетингтiк стратегия дегеніміз не…


А) нарықтағы кәсiпкерлердiң мiнезқұлқы мен тәртiбiнiң жүйесi;
В) тауарды өткiзу қызметi мен коммуникациясының, баға саясатының, тауар ассортиментiнiң құрылуының, нарықты зерттеу жоспарының жүйесi;
С) фирманың маркетологмамандарының белгiлiбiр мақсатқа бағытталған еңбегiнiң нәтижесi;
D) фирмадағы маманмаркетологтардың мақсатты еңбегiнiң нәтижесi;
Е) белгiлi тауар топтарына баға қалыптастыру стратегиясы;

71.Фирманың маркетингтiк қызметiмен анықталатын және бақыланатын, маркетингтiк ортаны қоршаған факторларға қайсысы қатысты


А) фирманың қызмет облысы;
В) маркетингтiк мақсаттар;
С) қаржылық мақсаттар;
D) саяси факторлар;
Е) өндiрiстiк мақсаттар;

72.Маркетингтiң ұйымдық қызметiнiң нарықтық құрылымы – бұл


А) фирманы қызықтыратын нарық түрiне сәйкес құрылым;
В) нарықтың әртүрлi сегментiне сәйкес звенолардан тұратын құрылым;
С) аймақтық нарықтар және тұтынушылардың типтерi бойынша басқарушыларды бөлiстiру құрылымы;
D) мақсатты нарыққа бағытталған маркетинг қызметiнiң құрылымы;
Е) тауар ассортиментi бойынша маркетинг қызметiн ұйымдастыру;

73.Белгiлiбiр қажеттiлiктерi бар барлық потенциалды тұтынушылар, өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн олар құрайды


А) нарық;
В) айырбас;
С) серiктестер арасындағы байланыс;
D) сауда;
Е) трансакция;

74.Нарықтық әдiсте баға белгiлеу мынаған негiзделедi


А) бәсекелес тауарларға нарықтық талдау жүргiзуге;
В) шығындар көлемiнiң анықталуына;
С) жоспарланған табыстар және шығындар көлемiнiң анықталуына;
D) жеке тiзiмдегi тауарлар бағасының қайшысыздығына;
Е) пайда табуды қамтамасыз ететiн баға өсiмiнiң анықталуына;

75.мақсатты нарық деп аталады


А) белгілі бір тауар немесе қызмет түріне қызығушылық білдіретін сатып алушылар жиынтығы;
В) қызығушылық білдіретін және белгілі бір тауарға немесе қызметке қатысты табысқа, пайдалану құқығына ие сатып алушылар жиынтығы;
С) белгілі бір тауар немесе қызмет түріне қызығушылық білдіретін және оған қатысты табысқа, пайдалану құқығына ие сатып алушылар жиынтығы;
D) фирма өз әрекеттерін бағыттауға шешім қабылдап отырған білікті нарықтың бір бөлігі;
Е) белгілі бір тауар немесе қызмет түрін сатып алған сатып алушылар жиынтығы;

76.Нарық конъюнктурасын қалай анықтауға болмайды


А) сұраныс пен ұсыныс арасындағы жекелеген тауарлар және олардың топтары бойынша, нарық пен оның сегментіндегі тауар және ақша массасы бойынша белгілі бір арақатынас;
В) белгілі бір уақыт кезеңінде және нақты орында қалыптасатын әлеуметтікэкономикалық, саудаұйымдық және басқа да тауарды өткізу шарттары ;
С) белгілі бір топ тауарын нақты орында және берілген уақыт кезеңінде сатудың өндіруші үшін тиімді жағдайлары;
D) тауарлар мен қызметтер құрылымын, қарқынын, сұраныс, ұсыныс және баға қатынеастарын анықтайтын факторлардың өзара әрекетінің нәтижесі;
Е) қандай да бір уақыт кезеңінде қалыптасатын нарықтық жағдай;

77.Нарық дегенiмiз не


А) тауарлардың әр түрiн өндiру мен сату әдiстерiн таңдауда еркiндiктi
қамтамасыз ететiн ұйымдасқан және балансталған жүйе;
В) өнім шығару процесі;
С) өнім шығару процесі;
D) маркетинг;
Е) қаржылық есеп;

78.Тұтынушылардың тауар мен қызметке қажеттіліктерін қанағаттандыру


үшін өндіру, өткізу мен сатуды ұйымдастыру және басқару жүйесі
А) маркетинг;
В) менеджмент;
С) жарнама;
D) өндірістік құрылым;
Е) ұйымдық құрылым;

79. Белгілі бір кезеңде нақты аймақтағы әлеуметтікэкономикалық,


саудаұйымдық және басқа өнімді өткізу жағдайларын талдау
А) маркетинг;
В) сұранысты болжау;
С) есеп жүргізу;
D) жарнама;
Е) нарық конъюнктурасын талдау;

80. Өндiрiстi ұйымдастыру типiне келесi факторлар әсер етедi


А) Дайындалған өнiмнiң күрделiлiгi;
В) Өндiрiс масштабы;
С) Жұмысшылардын саны;
D) Конструкция қарапайымдылығы, өнім технологиялығы;
Е) Еңбек бөлінісінің деңгейі;

81.Ғылым мен техниканың, технологияның үздіксіз даму, еңбек заттарының, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру процесі


А) ғылымитехникалық прогресс;
В) инновация;
С) ғылымитехникалық төңкеріс;
D) ғылымизерттеу жұмысы;
Е) инвестиция;

82.Ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық ісшаралар кешенін қамтитын қызмет


А)ғылымитехникалық прогресс;
В)инновациялық қызмет;
С)инвестициялық қызмет;
D)қаржылық қызмет;
Е)коммерциялық қызмет;

83. ҒТПтің негізгі бағыттарына жататындар


А)өндірісті автоматтандыру, механизациялау;
В)Инвестиция тарту;
С)Өндірісті жетілдіру;
DСертификациялау;
Е)Стандартизациялау;

84.Өндіріс – бұл


A) Қоғам үшін қызмет көрсету;
B) Қоғам үшін өнім әкелу;
C) Қоғам үшін қажетті материалдық игіліктер шығару процесі;
D) Қоғам үшін тауар сату;
Е) Қоғам үшін тұтынуға қажетті тауарды жеткізу;

85.Егер бәсекелес фирманың бағасымен бiрдей, бiрақ сапасы бiршама


жоғары өнiм сатылса, бұл қандай бәсеке…
А) бағалық бәсеке;
В) бағалық емес бәсеке;
С) жасырын бәсеке;
D) креактивтi бәсеке;
Е) сала iшiндегi бәсеке;

86.Қай жоспар ғылымитехникалық прогресті жеделдету, ғылымизерттеу


жұмыстарын жоспарлауды қарастырады
А) Өнеркәсіптік өнімді шығару жоспары;
В) Ғылым мен техниканы дамыту жоспары;
С) Еңбек және кадрлар жоспары;
D) Материалдықтехникалық қамтамасыз ету жоспары;
Е) Өндірістік шығындар жоспары;

87.Өндірісті дамыту үшін инновациялық қызметті дамытуға арналған


техникалық қызмет көрсету – бұл
А) өнеркәсіптік үлгі;
В) инжиниринг;
С) ойлап табу;
D) рационализаторлық ұсыныс;
Е) тауар белгісі;

88.Еңбек биржасы қызметінің негізгі бағыттары


A) жұмыссыздарды тіркеу;
B) еңбек нарығының конъюнктурасын зерттеу;
C) жәрдем ақыларды төлеу;
D) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру;
E) барлық жауап дұрыс;

89.Салықтың реттеуші қызметінің мәні неде


A) мемлекеттік шығындарды қаржыландыру;
B) әлеуметтік теңдікті ұстап тұру;
C) салық жеңілдіктерін беру;
D) мемлекеттік табыстарды азайту;
E) мемлекеттік табыстарды арттыру;

90.Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу


A) бюрократиялық мемлекеттік аппарат көзқарастарын білдіреді;
B) ұлттық қаржының капиталда экономикалық мақсаттарына қызмет етеді;
C) әскериөнеркәсіптік кешен көзқарасынан туындады;
D) құрылымды күшейтуге, нарықтық механизм шеше алмайтын мәселелерді құру және шешу арқылы оларды өзгермелі жағдайларға бейімдеуге арналған;
E) инфляция мен жұмыссыздық деңгейін арттырады;

91.Еңбек нарығында делдалдық қызмет атқаратын арнайы мекеме – бұл


A) банктер
B) өнеркәсіптік кәсіпорындар;
C) еңбек биржасы;
D) қор биржасы;
E) сақтандыру компаниясы;

92.Ғылыми техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы нені қамтиды


A) ғылыми прогрестің, техника мен өндіріс технологиясының негізгі бағыттарын көрсететін қосымша құжат;
B) әр түрлі бағыттар мен салалар бойынша ҒТПнің дамуын көрсететін бөліктердің жиынтығы;
C) ҒТП бағыттарының әлеуметтікэкономикалық дамуға әсерін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
D) елдің аудандарындағы ҒТПнің дамуы бойынша болжамдық оңдеулер;
E) барлық жауап дұрыс;

93.Инфляция түсінігі нені білдіреді


A) айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы;
B) мемлекеттің бағаның тым қымбаттатуы;
C) өндіріс кәсіпорындарының тоқтап қалуы;
D) тауарлар мен қызметтер бағасының шегінен тыс өсуі;
E) халықтың жұмыс деңгейінің азаюы;

94. Негізгі экономиканы реттеу құралдарына жатпайды


A) фискалдық саясат;
B) ақша несие саясаты;
C) инвестициялық ахуал;
D) экономиканың мемлекеттік секторы;
E) мемлекеттік болжамдау және жоспарлау;

95.Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты болып не табылады


A) жұмыссыздық деңгейін азайту;
B) ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық және әлеуметтік құрылымның нығаюы мен тұрақтылығы;
C) инфляцияны түсіру;
D) тұрғындардың өмір сүру деңгейін сақтау;
E) барлық жауап дұрыс;

96. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі үш бағыты


A) жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын бизнесті дамыту, кадрларды кәсіби дайындау;
B) жалдамалы жұмысшылар, жұмыс берушілер, өз өздерін жұмыспен қамтамсыз етушілер;
C) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру, кадрларды қайта дайындау, жұмысшылардың жалақысын көтеру;
D) бос халықты еңбекпен қамту, икемді еңбек нарығын білімге ынталандыру, жұмыссыздықтан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау;
E) ұлттық армияда қызмет жасайтындар, өндірістен тыс оқитындар, экономикалық қызмет бойынша жұмысқа қамтылғандар;

97.Нарықтың реттеушi құралдары


A) баға, сұраныс, ұсыныс, бәсеке;
B) баға, сапа, бәсеке, пайдалылық;
C) саны, сапасы, пайдалылығы;
D) баға, бәсеке, өнiмдiлiгi;
E) өнiмдiлiлiк, пайдалылық, бәсеке;

98.Нарықтың шеше алмайтын проблемасы


A) ресурстарды тиiмдi бөлу;
B) ҒТП жетiстiктерi игеру;
C) тапшылықсыз экономика;
D) халықты әлеуметтiк қорғау;
E) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерiнiң сәйкестiгi;

99.Нарықтық экономиканың принциптерi


A) еркiн шаруашылық қызмет
B) кәсiби еркiндiк;
C) бiрлестiктердiң еркiндiгi;
D) жеке автономия принципi;
E) барлық жауап дұрыс;

100. Нарықтық экономика теориясының негiзiн қалаушы


A) Аристотель;
B) Томас Мен;
C) Роберт Оуэн;
D) Адам Смит;
E) Карл Маркс;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет