Тамды селолық округінің әкімі А. Еспағамбеттің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі76.81 Kb.
#14124
Тамды селолық округінің әкімі А.Еспағамбеттің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Тамды селолық округі бойынша 2638 адам тіркелген, оның ішінде Тамды - 2109, Талдысай – 317, Еркінкүш – 212. Селолық округ бойынша барлық аула саны – 605, Тамды – 500 аула, Талдысай – 61, Еркінкүш – 44 аула бар. Оның ішінде мал ұстайтын аула саны барлығы – 303, Тамды ауылы – 217, Талдысай – 53, Еркінкүш – 33 аула .

2013 жылдың қаңтар айы мен қазан айының арасында селолық округ әкімшілігіне жеке тұлғалардан - 234, заңды тұлғалардан - 6 жазбаша арыз-өтініштер түсіп заң талаптарына сай қаралып жауап берілді. Селолық округ әкімінің 118 өкімі, 31 шешімі қабылданды.

Қазіргі таңда Тамды селолық округі бойынша 131 609 теңге мүлік салығы, 102 140 теңге жер салығы, 132 077 теңге көлік салығы жиналып отыр.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша

Көпбалалы, аз қамтылған және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар 77 отбасындағы 219 балаға 949 864 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының орындалу барысы аясында әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруде 2013 жылы 27 жұмыс орны ашылды. Ал қоғамдық ақылы жұмысқа 5 адам жұмысқа алынды.

Сонымен қатар селолық округке қарасты 2 шаруа қожалық «Жасыл экономиканың» игілігін көріп отыр. «Бейбарыс» және «Дания» шаруашылықтарына электр қуатын өндіретін жел генераторы қондырылды. Бұл – «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жемісі. Жел генераторлары шаруаларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан тегін берілді. Аталған шаруа қожалыққа орнатылған жел генераторының қуаттылығы – 6кВт.

Тамды селолық округінің жалпы жер көлемі – 56300 гектарды құрайды, оның ішінде Тамды ауылы – 34766 гектар, Талдысай – 14386 гектар, Еркінкүш – 7148 гектар. Бүгінгі таңда Тамды ауылының 500 үйінің 448 ауласы көгілдір отынды пайдалануда. Қалған үйлерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Және де «Алға - Жылу» КМК – мен келісе отырып, Тамды ауылының әр үйіне су өткізіп беру жұмыстары жүргізіле бастады. Қазір 22 үйге ауыз су кіргізіліп отыр.

Сонымен қатар 2013 жылдың қараша айында Тамды ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесіндегі газ кіргізілмей қалған 2 үйге көгілдір отын жүйесі жүргізіліп, қазіргі таңда пайдалануда.



Мәдениет саласы бойынша:

Мәдениет саласын дамыту үшін селолық округтің аумағында 1 мәдениет үйі мен 1 кітапхана жұмыс жасап тұр. Селолық округ кітапханасында 620 оқырман тіркелген және жалпы кітап қоры 13 544 кітапқа жетті.

Ауылдың көркем өнерпаздары аудан, облыс деңгейінде түрлі байқау сайыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Тамды селолық округ бойынша биылғы жаңа туылған сәбилер саны – 45. Ауыл тұрғындарына кезекті дәрігерлік тексерулер уақытылы жүргізіліп тұрды. Скрининг тексеруден 2013 жылдың 1 қаңтарынан – 1 қыркүйек айына жоспарланған адам саны – 268, соның ішінде - 266 өткізілді, яғни – 99,3 % орындалды.

Ал жылжымалы флюромашина бойынша жоспарланған адам саны-454, өткізілген адам – 526 адамды құрап, 102 % құрап отыр.

Туберкулез ауруымен бірінші рет ауырған адам тіркелген жоқ. 3 адам белсенді топта амбулаториялық ем алып жатыр. Және де тегін дәрімен қамтылған науқас балаларға – 15 мың теңге рецептімен дәрі-дәрмек берілді, ал ересек адамдарға - 93 мың теңгеге берілді.



Білім және спорт саласы бойынша:

Округте 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша жұмыс жасап тұр. Тамды орта мектебі 2012-2013 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша 79,0 балл білім сапасын көрсетіп отыр.

Тамды бөбекжай «Жұлдыз-ай» балабақшасында мектепке дейінгі 1,5 -5 жастағы балалар тәрбиеленуде. Қазіргі таңда балабақшаның 1-ші кіші «Балбөбек», 2-ші кіші «Айгөлек» тобында аралас жастағы 46 бүлдіршін тәрбиеленіп, білім алуда. Балабақшаның топтарында арнаулы орта білімді 4 тәрбиеші тәрбиелеу, білім беру іс-әрекетімен айналысады. Сонымен қатар балабақшада 1 әдіскер, 1 саз жетекшісі, 1 педагог – психолог жұмыс жасайды.

Спорт саласы бойынша Тамды орта мектебінің 10 а класс оқушысы Байқожаева Айдана еркін күрестен ҚР II дүркін чемпионы, 2013 жыл Спорт шеберінің үміткері Облыстық I орын иегері атанды. Сонымен қатар 8а класс оқушысы Қалау Нұрғиса еркін күрестен 2013 жылы Республикалық турнир жүлдегері II орын, Облыстық III орын жүлдегері атанды. Смагулов Серік облыстық чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатына қатысушы. Сырбова Кристина облыс чемпионатының жеңімпазы, Федурцьо Елена ҚР чемпионатына қатысушы облыс чемпионатының жеңімпазы атанды.

Және де Сәндік қолданбалы өнер сайысына Тамды орта мектебінің 6 б класс оқушысы Голуб Марина аудандық, облыстық сайыстардың 3-ші орын иегері атанды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Жыл басынан бері 889 ветеринариялық төлқұжат, 182 дана ветеринариялық анықтама берілген. Тамды селолық округі бойынша ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары – ұсақ мал төлі 1566 бас, 45 бас – жылқы малы, ІҚМ 786 бас төлі бірдейлендіріліп, компьютерге енгізілді.

Селолық округ аумағында 42 ШҚ жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен – 11, бау-бақша өсірумен – 7, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады.

Тамды селолық округі бойынша «Алғабас-Батпақты», «Ержан», «Құдайберген», «Сарыөзек», «Өсербай» шаруа қожалықтардың егіс алқаптарына 1-2 реттен химиялық препараттармен шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы селолық округ бойынша 10 шаруа қожалық егін екті, оның ішінде «Алғабас-Батпақты» ШҚ- ғы бидай – 3643 гектар жерге, арпа – 500 гектар жерге екті. «Ержан» ШҚ – ғы бидай -100 гектар, арпа – 100 гектар жерге екті, «Құдайберген» ШҚ – ғы арпа – 35 гектар, суданка – 50 гектар жерге екті. «Дания» ШҚ-ғы бидай – 260 гектар жерге, «ААЖ» ШҚ – ғы бидай – 35 гектар жерге, «Арай» ШҚ – ғы суданка – 650 гектар жерге, «Айдана» ШҚ-ғы суданка 400 гектар жерге, «Искра» ШҚ – ғы арпа – 90 гектар, «Вадим» ШҚ-ғы суданка – 60 гектар, «Алға-Ескендір» ШҚ-ғы 800 гектар жерге егілген болатын.

Ауыл шаруашылығындағы егіс науқаны жұмыстары барысында «Алғабас-Батпақты» Ш/Қ-151 тонна арпа, 625 тонна бидай, «Ержан» Ш/Қ-35 тонна арпа, 30 тонна бидай, «Құдайберген» Ш/Қ-4 тонна арпа өнімін алды.

Тамды селолық округі бойынша бруцеллез ауруына шалдыққан мал басы саны ІҚМ малынан жоспар бойынша – 3100 бас малдан қан алынды, оның ішінде оң нәтиже бергені – 23 бас. 1,3 % құрап отыр. Ауруға шалдыққан малдар Алға қаласындағы «Мат» мал сою пунктінде сойылды. Ұсақ қара малынан жоспар бойынша – 538 бас малдан қан алынды, оның оң нәтиже бергені – 111 бас. Ауруға шалдыққан 111 бас малдың барлығы жойылды. 4,3 % құрап отыр. Түйе малы бойынша 6 бастан қан алынып, оң нәтиже бергені – 1 бас. Ауруға шалдыққан түйе малы Алға қаласындағы «Мат» мал сою пунктінде сойылды. Ауру шыққан барлық үйлердің мал қораларына дезинфекция жасалынды.

Тамды селолық округі әкімшілігі Алға қаласындағы «Актеп» ЖШС –мен келісе отырып, ірі қара малдарды тірілей салмағы 350-410 теңгеден сату келісіліп, қазіргі күні селолық округ бойынша 121 бас ірі қара малы сатылды.

Селолық округ малдарын мал азығымен қамтамасыз ету бойынша шөп дайындаудың 2 айлық көлемі – 4000 тонна шөп шабылып, тасылып алынды. Шөп тасып жатқан шаруа қожалықтар «Алғабас - Батпақты» ШҚ, «Ержан» ШҚ, ж»не Шұбарқұдық елдімекенінен, Победа совхозынан әкелініп ауыл ішінде сатылды. 1 буманың бағасы – 350 теңге болды. Қазіргі таңда селолық округ толығымен шөппен қамтамысз етіліп отыр.

Сонымен қатар шаруа қожалық басшыларының көмегімен 5 отбасына арзандатылған бағамен шөп түсірілді. Ауыл тұрғындары Г.Кривозубов пен Ю.Пономаренко, Н.Мурзин барлығы 89 тонна бидай кебегін әкеліп ауыл тұрғындарына арзан бағамен, яғни 1 қабын - 400 теңгеден сатты.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші тұрғындар мен шаруа қожалық басшылары аудан орталығында бағаны тұрақтандыру үшін өтетін жәрмеңкелерге ет,сүт өнімдерін сатуда белсенділік көрсетуде.

Қазіргі таңда Алға аудандық жер қатынастары бөлімімен бірігіп, кезінде ашылып қазіріг таңда жермен айналыспайтын, ешқандай өнім өндірмейтін шаруа қожалықтардың бос жатқан жерлерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылға 14 шаруа қожалығының жерлері қайтарылды.

2013 жылы 2 шаруа қожалығы және 4 азық түлік дүкені ашылды.

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексінің 144,-148 баптары негізінде тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алып, қазіргі уақытқа дейін пайдаланбаған ауыл тұрғындары Ф.Любчич пен Г.Васикованың сот арқылы жерлері қайтарылды.



Байланыс саласы бойынша:

Округ телефон байланысымен толығымен қамтылған. Барлық елдімекенде «Қазақтелеком» байланыс желісі жақсы қызмет жасайды. Селолық округ бойынша 516 телефон қондырылған.

Биылғы жылы тамыз айында Еркінкүш ауылының 15 үйіне «ОТАУ ТВ» қондырғысы қол жетімді бағаға 17 000 теңгеге әкелініп, қондырылды. Бүгінгі таңда Еркінкүш ауылының 23 үйі «ОТАУ ТВ» қондырғысын пайдаланып отыр.

Тамды ауылында орналасқан 1963 жылы салынған, ұзындығы 2,8 шақырым гидрологиялық - техникалық құрылғы қорғаныс дамбасы 26 қазан 2011 жылдан иесіз мүліктер есебінде тұрып, оған коммуналдық меншік құқығын тануды сұраған болатынбыз. Алға аудандық қаржы бөлімінің 05.07.2013 жылғы №77 бұйрығымен 2013 жылғы 9 сәуірдегі /іс№2-118/2013/ Алға ауданы сотының шешімі негізінде Тамды селолық округі әкімшілігі ММ-нің балансына берілді. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жүргізуге қаражат көздерін қарастыру жоспарда тұр.



Көркейе бер - туған жер акциясы бойынша

Көркейе бер - туған жер акциясы аясында Талдысай ауылына қарасты «Құдаберген» шаруа қожалығының басшылары Рустам Тлегенов пен Тимур Құдайбергеновтер Тамды – Талдысай қатанас жолындағы көпірге және де Талдысай ауылындағы 3 платинаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар 470 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар селолық округке қарасты «Нұржан» шаруа қожалығының басшысы Алимкулов Ерлан, 2 ауыр техниканың қатысуымен су жиналатын қорғаныс дамбасын салды. Атқарылған жұмыс 80 мың теңгені құрады.

Инфраструктура, және «Сыбаға» бағдарламасы бойынша

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылдың қазан айында Тамды ауылының басты 5 көшелерін жарықтандыруға республикалық бюджеттен 2 543,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2012 жылдың қараша айында «Иншааб» ЖШС-не жобалық-сметалық құжаттамасын даярлау үшін қажетті құжаттар тапсырылып, 2013 жылдың маусым айында дайын болды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз «СтройГазТрансСервисЖанарыс» ЖШС – сы анықталып, 2 млн теңге қаржы аударылды. Бүгінгі таңда «АктөбеЭнергосистема»ЖШС-мен келісім шарт жұмыстары жүргізіліп жарықтандыру жұмысы аяқталды.

Селолық округ аумағында «Сыбаға» бағдарламасының орындалу барысы аясында округке қарасты «Ержан» шаруа қожалығы Батыс Қазақстан облысынан асыл тұқымды 2 бұқа, және де «Алға-Ескендір» ШҚ-ғы мал басын асылдандыру бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан 200 бас, Батыс-Қазақстан облысынын 200 бас «Еділбай» тұқымды қой әкелінді.

Алдағы уақытта селолық округке қарасты «Құдайберген» ШҚ-ғы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 100 бас сиыр малын алуға жоспарлап отыр.



Санитарлық тазалық саласы бойынша

2013 жылдың 01 сәуірінен бастап екіайлық сенбілікте селолық округ бойынша 9 сенбілік өткізілді. Аталған сенбілікте ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтар басшылары, жеке кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты. Және де 18 техника көмегімен 68 тонна қоқыс шығарылды. Мекемелер аумағына 235 көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, ағаш түптері қопсытылып, әктелді. Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке әктеу, сырлау, тазалау жұмыстары жүргізілді. 2 айлықтың орындалуы барысында санитарлық талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа 8 жеке тұлға тартылып, 25 924 теңге 41 тиын айыппұл салынды. Селолық округтің санитарлық тазалығына республикалық бюджеттен 120 000 теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Және де селолық округ бойынша 2 экологиялық сенбілік өткізілді. Яғни Елек жағалауы және орманды алқап айналасы тазартылып нәтижесінде 8 тонна қоқыс шығарылды.

2013 жылдың шілде айында Тамды селолық округі бойынша 14 мүшеден тұратын жергілікті қауымдастық құрылып жұмысын өз деңгейінде жүргізуде. Және де Тамды селолық округі бойынша 3 кәсіпқой емес медаиторлар тағайындалды.



А.Еспағамбет

Тамды селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет