Еске диагностикалық әдістеме
«Менің елім» ойыны Мақсаты:
балалардың туған жерлері мен қаласы
туралы ақпаратты еске сақтауға
арналған. Ойын шарты: Отаны, туған
жері, қаласы туралы сұрақтар
қойылады, балалар бұл сұрақтаға
мүдірмей жауап беру қажет. 1. Қай елде
тұрасыңдар? 2. Қазақстанның қандай
қалаларын білесіңдер? 3.
Сен қандай
қалада тұрасың? 4. Біздің қаламызда
немесе ауылда қандай көшелер бар? 5.
Сен қай көшеде тұрасың? 6. Ел, жер,
Отан туралы қандай мақал - мәтел
білесің? және т. б
Баланың мектепке келген кезінде
оның есту арқылы есте
сақтауымен, сөзді-логикалық
есте сақтауы зерттеледі.
Қысқаша есте сақтау қабілетін
«10 сөз» әдістемесі бойынша
зерттеуге болады.
Зерттеуші адам балаға дауыстап
10 сөз оқыйды: үстел, ағаш, бор,
піл, тоғай, аяқ, қол, есік, терезе,
бөшке.
Бала өзінің есінде сақтап
қалған сөздерін айтады,
сөздердің орналасу қатарын
сақтау міндетті емес. Нормадағы
есте сақтау деңгейі 5-6 сөз