Ипохондрикалық сандырақ- СПИД, сифилис, рак ауруларына байланысты адамның ішкі жан дүниесінің күйзелуі.
Бір адамда бір немесе кейде бірнеше сандырақтар кездесе береді. Мысалы, бір мезетте ұлылық пен қудалау сандырағының болуы. Сондай-ақ, бір сандырақтан екінші сандыраққа ауысу процесі болады. Ол сандырақ транформациясы деп аталады.
Конформды сандырақ- ұқсас сандырақтардың екі жақын ауру адамдарда кездесуі. (Мысалы анасы мен қызы).
Интеллекттің бұзылуы
Олигофренияда интеллект пен ойлау қабілеттілігінің бұзылубайқалады. Олигофрения деп жүктілік кезінде, туа біткен немесеерте балалық шақтағы әртүрлі жұқпалы аурулардың жарақаттардың, интоксикацияның әсерінен пайда болатын естің азаюын айтады. Олиго - аз, френиус - ақыл- ой деген мағынаны білдіреді.
Көбінесе олигофренияның пайда болуына ата-ананың есірткігеалкогольді ішімдіктерге құмарлығы себеп болып жатады.
Олигофренияның 3 сатысы байқалады:
1. дебилдық
2. имбецилдық
3. идиоттық
1. Дебилдық- олигофренияның ең жеңіл сатысы. Балаларда кейбір қабілеттіктер, мысалы механикалық жаттау, есептеу жақсы дамыған. Олар мектепте бастапқы кезде сау балалармен бірге оқиды, бірақ жасы үлкейе келе ақылы аздығы күшейе береді, сондықтан ондай балаларды арнайы мектептерде оқытады.
2. Имбецилдік- олигофренияның орташа сатысы. Науқас онға дейін ғана санайды, аз сөйлейді, сөздік қоры аз, ойлау қабілеті төмен болады. Қарапайым жұмыстарды атқарады және өзіне қызмет жасай ала мұндай науқастар тек қана арнайы мектептерде оқиды.
З.Идиоттық немесе идиотияолигофренияның ауыр сатысы.
Науқастың сөйлеу қабілеті дамымаған, ойлау қабілеті жоқ, агрессивті, еш нәрсені түсінбейді.Әке-шешесін танымайды, өзіне қызмет жасай алмайды.
Деменция- жүре пайда болған ақыл ойдың аздығы. Деменция кезінде де интеллекттің төмендеуі байқалады. Деменция - бұл үлкен адамдардың бастағы миын патогендік әсердің нәтижесінде мийда болатын естің азаюы. Деменция бастағы ми жирақаттарында, бастағы ми тамырларының атекросклерозында, гипертония ауруының церебральды түрлерінде кездеседі. Науқастармен жақсы қарым-қатынаста болу, оларды тәрбиелеу, үйрету олардың ойлау қабілеттеріне әсер етеді. Егер бала қараусыз болса, олигофренияның сатысы күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |