Танымдық психикалық үрдістер


№15 Тұлғаның бағыттылығы Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным



бет37/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
стом

№15 Тұлғаның бағыттылығы

Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным


Қалау- өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынатын жағдай. Қалау - қажеттіліктен туындайтын өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес пісіп жетілетін жоспар. Эпикур адамзаттың тілегін 3 түрге бөлген:
1.Табиғи және қажетті қалау (тамақ ішу, жеу, ұйқы, демалыс);
2.Табиғи, қажетсіз (ерекше ас, тән құмарлығы);
3.Табиғи да, қажеттілік те емес (атаққұмарлық, даңққұмарлық).
Алдыңғы екі топта тілекке қажеттілік шексіз болуы мүмкін.
Мүдде.Негізінде мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ал тілеуінің жолындағы қамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мүддесі де зор болады. Ұсақ адамның мүддесі де ұсақ болады.
Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіктер негізінде пайда болады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі -идеал (мұрат). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгіболатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы менмәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық кайраткерлер ғылымдаакадемик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсат Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралыбілімдерінің жүйесі. Сенімдер- бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жекетұлғаның мақсатты кажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түріндебайқалатын қажеттіліктер мазмұны - бұл қоршаған дүние табиғатпен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды, ол адам дүниетанымы болып қарастырылады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірде өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысында, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы, терең тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мүндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.
Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптарының деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі(дәмеғойлығы) дегеніміз - адамның ниеттенген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған ендігі бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие болады, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан жоғары табыстарға жету үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші тараптан нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдетудің өзара қайшылығы пайда болады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам табиғаты әдетте өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті күрделі де, сонымен бірге әбден жеңіл де болмағанын қалайды.
Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-кылықтарының түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
16 Мінез
Күнделікті өмірде «мінез» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. «Мінез» ұғымын айналысқа алғаш енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы Теофраст болды. «Мінез» гректің сөзі, қазақша «белгі», «бітіс», «ерекшелік» деген мағынада қолданылады.
Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Психологияда «мінез» сөзі белгілі мағынада қолданылады. Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезідеп даралық анық байқалатын және адамның мінез-кұлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет