Тұлға - индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйе Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен жәнет.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайлардаадамның өмір сүру кезінде қалыптасады.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамды жағдайларда туады. Қоғамның талаптары адамдардың мінез-құлқының моделін, ал бағалау белгілері оның мінез-құлқын анықтайды.
Адамның табиғи қасиеттері (мысалы, оның мінезінің қырлары болып көрінетіндер, шындығында, тұлғаның қоғамдыталаптарының оның мінез-құлқында бекітілуі болып табылады.
Тұлғаның өзегі (ядросы) оның маңызды психикалық қасиетімен - руханилықпен байланысты. Руханилық адам өмірінің жоғары көрсеткіші, оның адамзаттық, адамгершілік парыздарының ішкі құндылығы, адамның болмыстан да жоғары мәнге бағынуы болып табылады. Тұлғаның руханилығы – оның санадан да жоғарылығы, барлық опасыздықтарды тұрақты шеттетуге деген қажеттілігі, өзінің адамзаттық парызына, маңызды идеалына шексіз берілу. «Өзіңнің парызыңды орындап көрші, - дейді Гегель, - өзіңнің бағыңды білесің!»
Тұлға құрылымының негізгі өзегі құндылықтық-нормалықжүйенің, тұлға бағыттылығының, оның әлеуметтік мәні бар объектілер мен қүбылыстарға қатынасының қалыптасуы болып табылады. Құндылық - шындықтағы құбылыс, заттардың тұлғалық мәні. Құбылыстың тұлғалық мәнділігінің оның әлеуметтік мәнділігімен үйлесуі аса маңызды.
Жалпы негізгі әлеуметтік құндылықтар - адамгершілік, кез келген әлеуметтік игілік, қауіпсіздік және топтық құндылықтар -идеялық, саяси тұрақты сенімдер, діни нанымдар, кәсіби білімдер және т.б. бөлінеді.
Интернализациялы (меншік) тұлға құндылықтары оның мінез-құлықтық бағдары, негізгі өзін-өзі бақылауы болып табылады. Құндылықтар негізігі және құралдық болуы мүмкін, яғни өмірлік мәселелерді сәтті шешу құралы, тұлғаның өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бекіту құралы.
Тұлғаның құндылықтар жүйесі негізінде оның нұсқау жүйесі қалыптасады - сәйкес типтік жағдайда белгілі бір бейнеде әрекет етуге психикалық дайындық. Әсіресе, тұлғаның әлеуметтік нұсқаулары тұрақты. Олар әлеуметтік объектілермен өзара әрекетінің тұрақты тәсілдерінің қорын көрсетеді, яғни әлеуметтік перцепция - әлеуметтік объектілердің стереотипті бейнесі ретінде көрінеді. Этносаралық топтардың қатынасы сәйкес нұсқаулармен дәлме-дәл келеді.
Тұлғаға әлеуметтің, әлеуметтік орта әсерінің маңыздылығы соншалық, оның нәтижесі тұлғаның әлеуметтік мінезінің қалыптасуында көрінеді.
Мінездің жеке қырларымен және қасиеттерімен қатар әлеуметтік ортаға тұлғаның бейімделуінің жалпы тәсілі - адам мінезінің әлеуметтік типтері қалыптасады.
Әрбір қоғамдық-тарихи дәуір өзінің тұлға типтерін ұсынады. Әрбір индивит өз дәуірінің ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктер кешенін көрсетеді. Бірақ та әлеуметтік жағдайлар айнымалы болып келеді. Бір адамның бойында өмір бойы олар өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты тұлғаның негізігі қасиеті -әлеуметтік біліктілік (компетенттілік), ол негізгі тұлғалық құндылықтарды сақтауда өзгермелі әлеуметтік жағдайларға тәуелді жеке мінез-құлықтың икемділік стратегиясы, жеке және күнделікті әлеуметтік тәжірибенің оптималды өмір жолының қүрылымын қалыптастыру қабілеті болып табылады. Тұлғаның мінез-құлығы әлеуметтік нормаланған мінез-құлық болады.
Индивидтің қоғам қызығушылықтарын сақтауына және сақтамауға байланысты оның мінез-кұлқы әлеуметтік жағымсыз, ассоциалды немесе антиәлеуметтік ретінде бағаланады.
Адамдардың мінез-құлқын, әлеуметтік топтарды реттеу әлеуметтік нормалар негізінде және әлеуметтік бақылау арқы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |