Танымдық психикалық үрдістер



бет54/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
стом

Жоққа шығару.Мүндай психологиялық қорғаныстың мэні; адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпара-| еленбейді, қабылданбайды. Бүл қорғаныс эдісінде шындықтьі қабылдау көбіне бүрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегІ болмысқа сай объективті бағалауды шектейді, осыдан әрекет* қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не үнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарыгі тастау жолымен қүтылудың ең эмбебеп эдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттеріңнің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз сеп түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Ығыстырылып, тез үмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары.
Көшіру- адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық істей түра, өзінің үрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
Сәйкестендіру- адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы эдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы эдіске негізделген. Сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат-мүраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
Жаңалау - адамның істеген келеңсіз эрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың объектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз кеуілін арбауы.
Ауыстыру- адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске үрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген эрекетін оңай жүмысқа бүра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіктің орындалмауынан болған күйзеліс бэсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған эрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келген мэнсіз қимылға ауыса салады, осыдан көңіл-күйі жеңілдеп, үлкен күйзеліске түспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет