"Тапқыр достар"



жүктеу 34.16 Kb.
Дата08.06.2016
өлшемі34.16 Kb.

"Тапқыр достар"


Армысыздар құрметті  оқушылар және ойынға қатысушылар. Бүгінгі «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.

Ойлар толқып жатады қатты ағысқа

Табылғандай жанымда жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

Ойлар тасып жатқанда асып-тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойынан өтеді білімділер

Жеңсең де жеңілсеңде қалма жасып  дй келе ортымызға ойынға қатысушы «Білгірлер» және «Алғырлар» тобын шақырайық.

Енді әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Айтказинова А.С.

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі Копбаева М.К.

Бүгінгі сайысымыз 6-турдан тұрады

1,-.таныстыру

2.Кім білімді

3.Полиглот

4.Адасқан әріптер

5.Кім тапқыр

6.Музыка әлемі

1-тур  Таныстыру   (аты, ұраны, эмблемасы)

2-тур  Кім білімді  (әр топқа 15 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауапқа 5 бал)

1-топ

1.Тұрлаусыз мүшелерді ата

2.Төрт орындаушыдан тұратын әншілер тобы қалай аталады.

3. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі ()

4.Қазақтың үш биі (Әйтеке би, Төле би, Қазбекби)

5.Күй атасы (Құрманғазы)

6.үштің екі дәрежесі (9)

7.Тоқтар Әубәкіров кім (ғарышкер)

8.Ас атасы (нан)

9.Витамин сөзінің аудармасы (дәрумен)

10. түйенің төлі (бота)

11.Көл сөзі қандай буын (бітеу)

12.Сәбиді бесікке салу тойы (шілдехана)

13.Киіз ұйдің қабырғасы қалай аталады?

14.Кітапта сөзі қай септікте тұр

15.Сенің әпкеңнің бауыры саған кім болады



2-топ

1.Тұрлаулы мүшелерді ата (бастауыш, баяндауыш)

2. Үш орындаушыдан тұратын әншілер тобы (трио)

3.Үш бәйтеректі ата (С.Сейфулин, Б.Майлин,

І Жансүгіров)

4.Күй  анасы кім (Дина Нүрпейісова)

5. «Ғылым тапапай мақтанба» кіммнің өлеңі (Абай)

6.Екінің төрт дәрежесі неге тең  (16)

7.Алғашқы оқулық (әліппе)

8.Ешкінің төлі (лақ)

9.Әл-фараби кім (ғалым, философ)

10. «Елка» сөзінің аудармасы (шырша)

11.Ара сөзі қандай буын

12.Жаңа туған балаға кигізетін көйлек

13.Киіз үйдің төбесі

14.Бесік жыры,тұсау кесер жыры, жар-жар, тойбастар,бата-тілек, жоқтау қандай жырларға жатады? (Тұрмыс салт жырлары)

15.Мектептен сөзі қандай септікте тұр?

3-тур Полиглот

1-топ

1.Жүздің көркі-көз, ауыз көркі...(сөз,слова,

2.Тамшы тас жарады, тас жармаса....жарады    (бас, галава,

3.Өнер алды-қызыл.....(тіл, язык, тонджы)

4.Жақсы байқап сөйлер,.... шайқап сөйлер    (жаман, плохо, бәд)

5.Ана сүті бой өсіреді,...ой өсірелі   ана тілі, родной язык, нетив лангуич)



2-топ

1.Көп сөз күміс, аз сөз.....(алтын, золото,

2.Мектеп кеме,білім...(теңіз, море, си)

3.Денсаулық-зор...(байлық, богатство, рич)

4.Білім сандығы...(кітап, книга, бук)

5.Әдепті бала арлы бала,...бала сорлы бала  (әдепсіз,



4-тур Адасқан әріптер

1.Тілін білмеген-түбін білмейді.

6-б, 13-е, 21-н, 24-н, 9-н, 7-г, 30-і,  43-д, 15-і, 2-е, 18-б, 23-л, 8-л, 20-м, 5-ү, 22-е,  33-б, 3-і, 12-л, 11-т, 48-м, 1-т, 45-і, 14-і,  4-н, 34-л,

1, 3, 8, 15,9, 6, 14, 12, 20, 2, 7, 13, 4, 11, 5, 18, 30, 21, 33, 45, 34, 48, 22, 23, 43, 24.



2.Әдеп пен тәртіптің басы-тіл.

7-е, 8-т, 6-б, 24-ң, 2-л, 5-п, 15-р, 22-і, 4-і, 18-п, 11-ә, 9-т, 12-т, 13-а,  10-е, 19-т, 16-п, 14-ы, 3-д, 17-н, 20-і, 21-с, 1-ә,

1, 3, 10, 18, 5, 7, 17, 19, 11, 15, 8, 20, 16, 9, 22, 24, 6, 13, 21, 14, 12, 4, 2.

5-тур  Кім тапқыр

Берілген 1 жол өлеңді жалғастырып өлең шығару.

1-топ

Адал дос қай шақтада сүйенішің (аяқтау)



2-топ

Білім деген биікке апарар жол (аяқтау)



Ән: Нұрлыбеков Диастың орындауында

6-тур  Музыка әлемі

1-топ


1.Екпін нешеге бөлінеді (үшке)

2.Алғаш театр сахнасында қойылған  пьеса   (Мұхтар Әуезов «Еңілік Кебек»)

3.Альтерация бергілерін ата

2-топ


1.Бір әуенді бірнеше дауыстың қайталау ережесі (канон)

2.Нотада неше сызық бар, ол қалай саналады              (5 сызық)

3.Терме дегеніміз не   А)Ақыл-нақыл                       

                       Б)Өсиет сөз

                       В)Сөз өнері

Әділқазыларға сөз, топтарды марапаттау.

Құрметті ұстаздар, оқушылар назарларыңызға рахмет,  ойынға қатысушылар жеңістеріңіз құтты болсын әрқашан  білім шыңынан көрініп, жеңістерге жете беріңіздер қош сау болыңыздар!

Екібастұз техникалық-гуманитарлық колледжі

Тілдер апталығына арналған

Тапқыр достар



Интеллектуалдық ойыны


Өткізген : Манейхан Жанбота


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет