14
Өрт шкафтары қабырғаға аспалы және салынған түрлері болады. Отын
бергіштерде шкафтарды орнату кезінде олардың конструкциясы шаңның
жиналуына жол бермеуі тиіс. Өрт шкафтарында қол өрт сөндіргіштерді орнатуға
жол беріледі.
Өрт қалқандары. Өрт қалқандары қол өрт сөндіргіштерін,
механикаландырылмаған өрт сөндіру құралдарын және объектілерде, қойма үй-
жайларында және құрылыс алаңдарында тұтануды жою кезінде қолданылатын
құралдарды белгілі бір жерге шоғырландыруға және орналастыруға арналған.
Өрт қалқандары өнеркәсіптік дайындалған (ағаш-ЩПД, металл-ЩПМ)
немесе
орнында дайындалған болуы мүмкін. Қалқандар габариттік өлшемдері кемінде
1200×600 мм болуы және мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес боялады.
Өрт қалқандарын жабылатын есіктері бар аспалы шкафтар түрінде орнатуға жол
беріледі. Олар сақталатын өрт сөндіру құралдары мен инвентарьдің түрін көзбен
шолып анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: