Тапсырма Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу сабағын ұйымдастыру



бет3/3
Дата21.01.2020
өлшемі50.19 Kb.
#447852
1   2   3
Бастауыш сыныпта бейнелеу саб ұйымдас

  Текстура қағазын жапсыратын ағаш беттің ылғалдығы 10 проценттен, басқа беттердің ылғалдылығы 8 проценттен аспауы керек. Ағаштан және одан алынатын өнімдерден дайындалған бұйымдарды желімдеу қосымшада көрсетілген.

  Текстура қағаздарымен, синтетикалық шпонмен қаптау. Үйдің қабырғасы мен төбесін кейбір кезде текстура, синтетикалық шпонмен, өрнек салынған қағазбен қаптайды. Бұлар үйдің ішіне сән берумен қатар жылу ұстайды. Текстура, өрнек салынған қағаздар әр түрлі болады. Оның бір орамының ұзындығы 7-12 м, ені 60-75 см және 1 м2бөлігінің салмағы 70-200 грамм болады келеді. Текстура және өрнек салынған қағазды бөлменің мөлшеріне, онда қойылатын заттардың түріне қарай таңдап алады. Ашық түсті қағаздар бөлмені жарық, үлкен етіп көрсетсе, күңгірт түсті қағаздар бөлмені қараңғы, кішкене етіп көрсетеді. Оқу бөлмесіндегі текстура және өрнек салын-ған қағаздар басқа бөлмедегілерден ашықтау болуы керек.

  Текстура қағазын жабыстырудан бұрын бұйымның, бөлшектің жазықтық бетін жөндеп, кептіреді. Жазықтыққа жұқа қағаз бен газет жапсырып, ол кепкен соң үстіне клейстрмен жай текстура қағазын немесе өздігінен желімделетін текстура қағазын жапсырады. Өзігінен желімделетін қағазды өте кебу сылаққа, бетонға т.б. жабыстыруға болады. Ылғалды бетке жабыстырылған текстура қағазы көтеріледі. Қатырма мен фанераның үстінен текстура қағазын жапсырғанда олардың қиылысқан жапсарларын бітеп және ол кепкен кезде үстін тегістеу керек. Кейбір жағдайда бітелген жапсардың үстінен бірнеше қабат қағаз жапсыруға болады. Олардың жоғарғысының ені төменгі-інің енінен 1 см кем болады. Қағаз кепкен кезде үстінен пемзаны (өте жеңіл, кеуек тау жынысы, түсі ақшыл, жылу өткізбейді) үйкелеуге болады. Текстура қағазын желімдеп болған соң оны лакпен қаптаса, оның сапасы жақсарады.

  Өздігінен желімделетін қағазды жапсыру жұмысы бөлмедегі тем-пература +80С -тен артық болғанда жүргізіледі. Әрбір қағазға клейстр жағып, таза шүберекпен бастыра жапсырады. Жабыстырылған қағаздардың астында ауа қалмауы қажет. Қағаздардың астыңғы және үстіңгі жақтарын жақсылап желімдеп, үстіне жіңішке қағаз жүргізеді. Жазық бетке жапсырылған жәй қағаз бен текстура қағазды сапалы желімдеу үшін беттің шаңын, майын кетіру қажет.

  Дайын желіммен текстура қағазын желімдейді. Өздігінен желім-делетін текстура қағазын үйдің қабырғасының биіктігіне лайықтап кеседі. Оның ұзындығы керекті ұзындықтан 5-10 см артық болу керек. Жұмысты бастаудан бұрын жай текстура қағаздардың бет жағын қаратып жазып жинайды. Жай текстура қағазына желім жағып, желімдеуді орындайды. Оның кебу тез болуы үшін кейде үтіктейді. Өздігінен желімделетін текстура қағазын желімдеу үшін оның ішкі қабатын алып, бірден желімдеуді орындайды.

  Желімдеу жұмыстары жазық беттің сыртқы бұрышынан басталады. Өздігінен желімделетін текстура қағазын, жай текстура қағазын үстінен төмен қарай жабыстырады және таза шүберекпен басып, қағаздың ортасын, содан соң шеттерін тегістейді. Оны жабыстырған кезде суреттерін бір-бірімен дәл үйлестіреді.

  Текстура қағазын желімдеу ұқыпсыз жүргізілсе, қағаз тез кірлейді. БҮйымдағы текстура қағазы уақыт өткен сайын және әр нәрсенің тиюінен кірлейді. Оны кетіру үшін тіс жууға пайдаланылатын ақ ұнтақты қоюлап араластырып кірдің үстіне жағып, бір күндей қоя тұрады. Содан соң жағылған ұнтақты шөткемен тазалап, пышақпен тырналап кетіреді.

 

  4: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері, оның түрлері



1. Дизайндық білім, дизайн негіздері

2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы.

3 Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы

1. Дизайндық білім, дизайн негіздері

Бастауыш сынып оқушылары өзінің сезімдік күшімен дизайндық талаптардаң философиялық жіне психологиялық табиғатын терең сезінеді. Бұны оқу курсын құрастырғанда негізге алу керек. Дизайнның субъективтік ережелерін оқушылар осы кезеңде меңгереді.

  Екінші сыныптан бастап, оқушыларға көптеген ахуалдар ұсынуға болады. Мұнда олар заттық ортаның ақпараттары туралы ойлайды. Мысалы, сәнді құмыраның аппликациясын орындаудың алдында көптеген құмыралардың бейнелерін көрсетіп, мына сөздермен оқушылардың назарын аударуға болады: “Мына барлық құмыралар гүлдер үшін жасалған, әр құмыраның пішініне қарай сәйкес букет салынып, сәйкес бөлмеге қойылу керек. Солай емес пе? Суреттерге қарап айтыңдар, осы құмыралардың қайсысына раушан гүлді салған жөн болады, ал қайсысына-қызғалдақты? Неге? Тағы қандай гүлдер қалған басқа құмыраларға сәйкес келеді?”

  Басқа сабақтарда оқушылар заттық ортаның күрделі проблемаларын шешуге ойланады. Мысалы, “Біздің ұйымдарымыз не туралы айтады” циклінде. Ыдыс-аяқ жасаудың алдында мына сұрақтарға тоқталамыз: “Бұйымдар сөйлесе ала ма? Иә, әсіресе біз туралы. Өйткені олар өзіміз сияқты: байсалды және ұстамды немесе айғайшыл, тиышсыз; көңілді немесе көңілсіз; таза немесе онша емес….. “ Мысалы, кеселер, олар неге әртүрлі? Өйткені, біздің өміріміз дағдылы және мерекелерден, бақытты және бақытсыз күндерден тұрады, біз де әртүрліміз-сондықтан әр түрлі кеселерді таңдаймыз. Әр түрлі пішінді, түсті, суретті! Сенің де жақсы көретін кесең бар ма? Ол қандай? Айтып кетейік, білімділік мағынасында әсіресе сабақта осы ақпарат негізгі болып табылады, ал апликация – “заттық нәтиже” емес. Келесі әрекет былай беріледі, берілген ақпаратқа оқушылардың зейінін аударып, оны белсенді және жете меңгеріп практикалық жұмыста қолдануды жалғастырамыз. Заттық ортаны адам өзі құрайтындықтан және табиғаттың ішінде өмір сүретіндіктен, барлық дизайнерлік жұмыс проблемалары осы жағдайды ескере отырып шешілуі қажет. Гармониялы қолөнер табиғатпен үйлеспеуі мүмкін емес. Сондықтан біз дизайнерлік білім беру жүйесінде табиғаттың орасан зор тәрбиелік әсерін қолдану мүмкіндігіне ие боламыз.

  Бүгінгі таңда біз оқушылардың табиғатқа деген ойды, ынталы көзқарастарын қалыптастыратын жаңа жолдар іздестіру қажеттігін түсініп отырамыз. Осы әр бір оқу пәндері қандай үлес қоса алады? Осы орайда еңбек сабағы басқа пәндер атқара алмайтын қандай міндеттерді өзіне алуы мүмкін? Соны байқайық. Мысалы, дизайндық білім беру табиғат саласынан қамтып қарастырады. Ол соңғы онжылдықты табиғат заңдарымен ондағы адамның алатын орны жайлы жаңа ұғымдар қалыптастыруына байланысты; қолдан жасалған өмір сүру ортасын құру кезінде табиғат заңдарын толық ескермеу оған кері әсер ете бастады. Сонымен қатар дидактика мен педагогикалық-психалогияның қазіргі жағдайы еңбекке баулу әдістемесінде қалыптасқан кейбір әдістерді қайта қарауға мәжбүр етті.

  Еңбекке баулу сабақтары, дизаиндық білім беруді ең маңызды екі мәселені ашатындай етіп құру керек:

  А) табиғи нысандардың коструктивтік идеялары;

  Б) олардың образдарының ерекшелігі, әдемілігі және үйлесімділігі.

  Бір жағынан, бұл ілімдер ерекшеленді (яғни, көркем құрастыру саласына жатады). Ал екіншіден, олар әмбебап және балаларға адамның тұрып жатқан ортасы және оның жаңалық күйде оның алатын орны жайлы түсінігін қалыптастырады.

  Еңбек сабағында осы екі жақтың бір-бірімен байланысты екендігін байқауға болады: жетілдіретін конструкция өзгелерге қарағанда әдемілеу.

  Табиғат нысандарында элементтерді ұйымдастырудың басқа да бірнеше қағидаларын қарастыруға болады, бірақ ортақ идея мынада: табиғаттың өзіне тән бұлжымас тәртібі бар; оны математикалық есептер арқылы тексеруге болады, ал сырттай ол ерекше үйлесім мен сұлулық сияқты қабылданады.

  Сөйтіп біз табиғаттан жасампаздықты және оны бере білуді үйренеміз:

  - конструкцияның мейлінше ақылға қонымдылығын, сыртқы қоршаған ортаға бейімделуін;

  - ұйымдасқандық, көріктілік және тәртіп;

  - симметриялық жіне ассимметриялық;

  - ритм және конструкциялармен табиғат образдарындағы басқа да идеялар.

  Табиғат өзін сұлу және үйлесімді ету үшін белгілі бір әдістерді қолданады. Дизайндық білім беру аясында осы сабақтарда орынды қолданылатын және оларды сендіретін, тәрбиелік әңгімелесуді балалармен жұмыс істеу кезінде қолдануға болады.

  Дизайнерлік білім берудің барлық танымдық аспектілерін оқушылар “жалпыдан жалқыға” қағидасы бойынша игерілуі керек. Ол сабақтан сабаққа тиісті фактілерді жинақтау ғана емес, оларды бірден ой елегінен өткізіп отыру деген сөз. Бастапқы сабақтан бастап оқушылардың бір ойлау қабілетін, бағытын қалыптастырып, сол арқылы алдағы уақытта өз бетімен таңдап, қажетті ақпаратты интерпретациялау мүмкіндіктерін дамыту қажет. Мысалы, бірінші сынып оқушылары қағаз гүлдер мен мазақтаудың декоративтік композициясын аппликация техникасында орындау кезінде, табиғат жасаған үйлесімділікті өз жұмыстарында көрсетуге тырысады. Ол үшін сабақта міндетті түрде оқушыларға өздерінің декоративтік образдар табиғаттарымен салыстыруға мүмкіндік беретін көрнекі құралдар қажет: мақсаттың құрылысы, гүлдің талшықтары, балықтың денесіндегі қабығы қалай орналасқан, түрі-түсі қандай, саны қанша? Көбелектің қанаты қандай, қалай орналасқан және т.б. Әрине, өз жұмыстарында оқушылар табиғатты дәл көшірмейді, тек олардың негізінде көркем образдар жасап, белгілі бір әдістерді қолданады.

  Ғылыми деректер бойынша дизайнерлік ойлау қабілеті мынадай көрсеткіштерден тұрады:

  -конструктивтік;

  -ақылға қонымдылық;

  -өзгермелі икемділік;

  -стиль мен стильдік үйлесімді сезе білу.

  2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы.

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.

  Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.

  Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарда жүретін «Еңбекке баулу» пінінің тиімділігімен балаларды еңбекке тәрбиелеудегі маңызын арттыруда, егемен елімізде көптеген оң өрістер жүргізілуде. Мәселен халыққа білім беру заңы мен тұжырымдамасында жалпы адами құндылықтар капиталын бойына сіңірген, еңбекке жарамды және икемді тұлға қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айтылған.

  Жалпы бастауыш мектеп тәрбие мен білім беруде ең алғашқы және шешуші қоғам. Сондықтан да, бастауыш мектеп өқушыларына дұрыс еңбек тәрбиесін бере білу бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселесі.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт. Осыған байланысты білім беру саласында «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бұрынғымен салыстырғанда жетілдірілген нұсқасы 2002жылы  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мемтеп және мектепке дейінгі білім институтының бастауыш білім беру лабараториясында жарық көрген.

  Бұл жаңа стандарт алдыңғы жарияланған білім стандартымен салыстырғанда «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанымен елеулі өзгерістері арқылы ерекшеленеді.

  Бұл білім стандарты құрылымында «Еңбекке баулу» пәнінде бастауыш сынып оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.

  Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы бойынша мынадай бөлімдер қамтылған.

  -техникалық еңбек;

-көркем еңбек;

-дизайн.


-тұрмыстық еңбек;

«Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауылшаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылса, бұрынғы «Өзіне өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілген. Ол бүгінгі ауыл мектептерімен экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді.  оқушылар;

  -Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді.

  -Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді.

  Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтанады.

  -Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі.

  Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді.

  Мектеп, сынып, жанұяда түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Бұл жаңа стандартқа сай бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қол-өнеріне бейімдеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері ұлттық нақышта дайындалуымен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.

Елімізде бекітілген жаңа білім стандартының мазмұны бойынша «Еңбекке баулу» пәніне өту барысында әрбір сабақта бастауыш мектепте өтілетін кез-келген пәндермен байланыстырып өтуге болады. Бұндай процес «пән аралық байланыс» деп аталады. Бұл байланыстың мәні берілетін білім мазмұнын толық ашуға, оқушыларды сол білім мазмұнымен толық таныстыруға жіне логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда өте зор.

  3 Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде қалыптастыру мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде орын алады. Сондай-ақ, мектеп оқу пәндері бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар жатады. Олар: үйірме  факультатив клубтар,  кооперативтер, өндірістік бригадалар оқу-тәжірибе учаскесі, көпшілікпен өткізілетін шаралар әр пән бойынша олимпиадалар. Оған сондай-ақ еңбек тәрбиесінің жүйесіде кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді. Шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байиды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.

  Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың оқушы тәрбесіне, оның ішінде еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүкіндігі өте зор.

  «Жас натуралистер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т. б.) төселеді.

  Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны кеңес одағы кезінде көбейгені белгілі. Мысалы, село мектептерінде «Жас механизаторлар» , «Жас малшылар», «Жас өсімдік өсірушілер» т. б. үйірмелері құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай,  мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.

Педагогикалық және баспа материалдарын зерделеу оқушылардың қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысатын болғандығы және оларды тікелей ұйымдастырғанда ғана белгілі болып отыр. Мұндай жаппай жұмыстарға «Құстар күні», «Орман күні», «Бақ аптасы», «Еңбек мерекесі», т. б. жатады.

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады; ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға  өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Тәрбие жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мұғалім өз пәні бойынша ұйымдастыратын үйірме жұмысын бөліп қарауға болады. Мысалы тарих, әдебиет, математика бойынша пәндік үйірмелерге бірнеше паралллель (немесе аралас) сыныптардың оқушылары тартылады; драма, би, ағашты ою, өрнек жасау, фото, радио және т.б. үйірмелерге  әдетте мектеп әдейілеп шақыратын  оқытушылар немесе оқушылардың ата-аналарының бірі басшылық  жасайды. Жұмыстың бұл саласы өз мамандығына тіпті де байланысты емес, бірақ бос уақыттағы сүйікті ісі болған жағдайда мұндай үйірмелерді  мектеп мұғалімдері де жүргізеді.

  Сабақ біткен соң және үй тапсырмаларын орындап болған соң, көптеген оқушылар спорт мектептеріндегі жаттығуларға, жасұландар мен сарайларындағы үйірмелерге, секциялар мен студияларға, жас  натуралистер немесе жас техниктер станцияларына және басқа да мектептен тысқары балалар  мекемелеріне барады. 

  Оқушылармен мектеп өткізетін жұмыстан айырмасы – бұл тәрбие жұмысы мектептен тыс жұмыс деп аталады. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.

  Біздің елімізде әрқилы мектептен тыс мекемелердің аса үлкен және алуан түрлі жүйесі құрылған. Олар өзқатарына көптеген аса жас техниктер станциялары мен жас натуралистер станцияларын, балалардың экскурсиялық-туристік станцияларын, көптеген балалар парктерін, балалар театрларын және де басқа да балалардың бірқатар тәрбие мекемелерін (жас теңізшілер, автомобильшілер, өзеншілер және поляршылар клубтарын, балалар темір жолдарын және т. б.) біріктіреді.



  Мектептен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланыста. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқынан айырылады.

  Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үкендігіне қарамастан, олар әліде болса тілек білдірушілердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшінде олар өз профиліне сәйкес мектептен тыс жұмыстар саласындағы әдістемелік және кеңестік орталықтар болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет