Тапсырма Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу сабағын ұйымдастыру



бет2/3
Дата21.01.2020
өлшемі50.19 Kb.
#447852
1   2   3
Бастауыш сыныпта бейнелеу саб ұйымдас

  Өндірістік-техникалық үйірмелердің ерекше категориясын мектеп оқушыларының төмендегідей бірлестіктері түзеді, олар кеңінен қолданатын машиналар, аппаратттар, немесе басқа да техникалық объектілердің (автомобильдер, мотоциклдер, комбайндар, киноаппа-раттар, және т. с. с.). Оқушылар мұнда олардың құрылысымен және жұмысымен танысумен шұғылданады, оларды басқарудағы, күтім жасаудағы және қызмет көрсетудегі ептіліктерді игереді. Мұндай үйірмелер кейде оқу-техникалық деп аталады және жеке топтар бөледі. Олар негізінен оқу сипатында болып табылып, тікелей шығармашылық конструкторлық және ұтымды ұсыныс жұмыстарымен байланыста болмайды. Оқушылар осындай үйірмеде оқу курсынан өтіп онық арнайы бағдарламасын орындайды, фактілі түрде нақты кәсіпті: жүргізуші, комбайнер, киномеханик, т.с.с игеруге оңай белігілі білімдер мен ептіліктерді (және соған сәйкес арнайы құжат-удостоверение) алады. Мұндай үйірмелердегі  сабақтар мамандар дайындауға жауапты ведомостылар бекіткен бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізіледі.

5. Көркем-қолданбалы шығармашылық үйірмесі. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде (үйірмелерде), оқушылардың барлық жастары үшін әртүрлі мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылуы мүмкін. Бұлар ағашты (ағашты ою бойынша), металды (шекімелеу, бедерлеу) көркем өңдеу, инкрустация, макраме, ілмекпен тоқу, мозаика және т.б. Оларда мектеп оқушыларының эстетикалық талғамы қалыптасады, көркем-қолданбалы шығармашылыққа жеке-дара қызығушылығы дамиды.

Мектептегі, кәсіптік-техникалық мектептердегі, оқу-өндірістік комбинаттардағы немесе мектептен тыс балалардың мекемелеріндегі техникалық үйірмелер жүйесінде даму, олардың белсенділігінің өсуі ғылыми және техникалық шығармашылық үшін үйірмелерді оқушыларға беруі мүмкін. Өнертабыстар мен тиімді ұсыныс-шылардың алғашқы ұйымы, оқушылардың шығармашылық бірлестіктері: конструкторлық бюро, топтар және бригадалар, жастардың тиімді ұсынысшылар мектебі, оқушылардың ғылыми қоғамы пайда болуы туындайды.

  Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты.

  Ең алдымен олардың қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.

  Үйірме жұмыстарына қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.

  Үйірме жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен.

  Үйірме жұмыстарының тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді. Мектептерде оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сабақтан тыс жұмыстың күндері және сағаттары көрсетіледі.

  2. Ермексаз бен сазбалшық және табиғи материалдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы

Ермексаз-жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексаздан әртүрлі көлемдегі заттарды мүсіндеуге болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін керекті құрал-жабдықтар: 1. Тақтайша, 2. Қырғыштар, 3. Бояулар, қылқалам, 4. Сүрткіш пен ыдыс.

Жұмыс істер алдында ермексазды алақанға салып, мыжып, уқалап жұмсартамыз.

Феодескин, Полех мастері шеберлердің шағын ғана қол өнер жұмыстары дүние жүзіне әйгілі болды.  Өте нәзік әр түрлі формалы құтшылар, шақша, ине салғыш мойыншақ салғыш, қол өнер бұйымдар көпшілікті қуантып келді. Осы халықтың құрметіне айналған бұйымдар, папье-машеден жасалып, қара лакпен жасалғанын бәрі біле бермейді.

Папье-маше, француз тілінде, аударғанда “Шайналған қағаз” –деген мағынаны білдіреді. Сонымен папье-маше қағаз массасынан жасалған қатты әрі шымыр зат. Қағаздың қиындыларынан 5-7 қабаттап желімдеп кілейлеп арнайы бір формаға келтіру тәсілі оның шыққан тегі орта ғасырдағы Иран, Европа, Ирак шеберлерінің жасаған бұйымдарымен ХYІ-ғасырда танысты. Иран қорабшалары мен құтшылары бірнеше қабаттап желімделіп біріккен қағазға жасалып, үстінен желіммен бор араласқан қоймалжыңды жағып, кептіріп бояп, сурет салып өрнектеген, бояу сіңген соң үстін лакпен жапқан. Бірақ осы әдемі қорапшалар мен құтшылар өте нәзік болады. Коробовтың шаруа көпестері  Россияда алғаш шақшаны папье-машеден жасады. Олар пірестеліп кілейленген картонды зығыр майында қайнатты. Осы заттан жасалған бұйымды ошаққа салып кептірді. Қазіргі папье-машені әр түрлі көрнекі құрал үшін пайдаланады мысалы: макет, рельевті карта жасау үшін. Сондай-ақ жаңа жылдық ойыншықтарын, маскаларын жасайды. Папье-машені жасағанда тегі үшін балшықты немесе пластелиннің қолдануды кей жағдайда дайын бір форманы алуға болады. 1-ші сыныпта оқушылар балшықтың қасиетімен танысып жеңіл тәсілдер өткізеді. Практикалық жұмыс оңай заттарды жабыстырудан басталады. Мысалы: жемістерді немесе қозықұйрықты жабыстыру жұмыстары қиындай түседі. Ал оқушы геометриялық денелердің формасын жасайды. Шар, конус, целиндір, пирамиданы кейін  осы геометриалық негізде отырып, шыны аяқ, шәйнек, рамка, кесе т.б. жасайды. Жануарлардың адамның денесін балшықты жабыстыруды хал ойыншықтарын үлгі ете отырып жабыстыру сабағынан аяқтайды. Жабыстыру үшін кез келген майлы балшық жарайды. Балшықты жаз айында кептіріп, ұнтақтап, елеп, сүзіп дайындап қояды. Егер балшыққа кішкене өсімдік майын қосса ол қолға жұқпайтын болады. Кішкентай бұйымдар дайындау үшін кей жағдайда қағаз қиқымдарын балшыққа араластырып қосуға болады, қазіргі кезде балшықтың орынына пластелинді пайдаланады. Пластелиннің құрамында балауыз, балшық, бояу, басқа да қоспалар бар. Пластелинді жұмыстың алдында жылытып илеп қою керек.

Папье-машеден бұйым жасаудың 2 түрі бар. 1-ші түрі алдын ала балшықтан немесе пластелиннен дайындау формаға қағаз қиындыларын бірнеше қабаттап желімдеп жабыстырып үстін жабады. 2-ші түрі бұйымды қағазды массасынан формалап жасайды. Қағаз талшықтары оншалықты иілмейтін болғандықтан кептіру кезінде жасалған бұйым кедір-будр болып серпінділік қалпына түседі. Сондықтан дене форманы сақтап қалу үшін оның құрамына мына заттарды қосу керек: бор, балшық, ағаш күлін және т.б. осы заттардың басын біріктіру үшін храхмал, ұн, столярный және декоративный желімін пайдаланады.

2. Табиғи материалдармен жұмыс.

  Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

  Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.

  Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.

  Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.

  Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.

  Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:

болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);

заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;

баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жаттығуы.

Балалардың табиғи материалдардан  дайындаған заттары: алуан түрлі

икэбаналар, сабаннан жасалған адам, жәндіктер, т.б. кейіпкерлер бір-біріне сыйлық етіп ұсыгуғ, мерекелерде ата-аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәніде зор.

  Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

  Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебано, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды. Әр түрлі бұйымдарды жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет. Ол үшін қолданылатын табиғи материалдарды тазалап кептіріп алады. Кептіру жолдары да әр түрлі. Мысалы, “икебано” жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап іліп қояды.

  Жапсырмалау технологиясымен панно орындайтын болса, әр өсімдікті қағаз арасына салып, ауыр затпен бастырып кептіреді.

  Сабаннан бұйым дайындағанда оның ұзындығын бірдей қылып кесіп алады. Ыстық су құйылған ыдысқа сабанды біраз уақыт салып қояды. Өткір қайшымен немесе пышақтың ұшымен екіге жара кесіп, тақтайдың үстіне салып үтіктейді. Үтіктің қызулығына байланысты әр түсті сабан алуға болады. Панно сызбасын дайындап, сабанды желімдеп қиып алады. Қиылған бөлшектерді сурет бойынша құрастырып жапсырмалайды. Бетіне түссіз лак жағады. Ал сабанды өру не тоқу үшін керісінше оны салқын суға салып қояды.

Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары барысында                                       қолданылатын табиғи материалдардың түрлері.

              Республикамыздың кең-байтақ аймақтарында өмір сүретін әрбір адам өзі тұрған өлкесінің табиғат байлығын меңгереді. Бірі−диқан, екіншісі−қолөнерші, үшіншісі−тігінші,   төртіншісі−құрылысшы. Өсімдіктердің қалай өсетінін бақылап,қағаздан,матадан және табиғи материалдардан бұйым құрастыруды үйренесіңдер. Табиғат таң қаларлықтай бай. Табиғи материалдар түрлі. Ол−адамның ой-қиялының қайнар көзі! Егер құрғақ жапырақтан, гүлдерден, ұлу қабыршағынан, жаңғақтан түрлі сувенирлер, ойыншықтар, басқа да бұйымдар жасағың келсе, онда бай табиғат шеберханасы сенің көз алдыңда!

  Әсемді бұйымдар жасау үшін, ең алдымен табиғат яғни, табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу оқушылардың қиялын, ақыл-есін дамытатын және де белсенділігін арттырудың бірден-бір әдіс болып табылады. Бастауыш мектепте еңбек сабағында табиғи материалдардың әр алуан түрлерімен жұмыс жасауды оқушылар үйренеді. Оның қасиеттерін үйрену және оны ескерту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

  3. Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы

Адамдар ерте кезден – ақ темір, мыс т.б алтын, күміс,қорғасын, қалайы, сынап сияқты металды өндіре бастаған. Сондықтан адамдар  көне заманнан бері игерілген алғашқы материалдардың бірі темір материлдары болып саналады. Алтын табиғатта таза күйінде кездескендіктен ол ерте кезден – ақ құмды шаю арқылы өңделген қорғасынды алғашқы кезде күміс қоспасыннан алған. Қазірге кезде халық шаруашылығында әртүрлі салаларда металдармен метал құймалары кеңінен қолданып келеді.

Материалдар электр тогын, жылуды жақсы өткізген жылтыр пластикалық  қасиеті жоғары болған  бағалы зат болып саналады. Темірден жасалған қорытпалар мыс,болаттардың әр түрлі сорттары қазіргі  техниканық негізгі материалдары.

Металдар 2 – топқа бөлінеді.

1. Қара металдар оларға: темір металдары мен құймалары. (болат , шойын)

2. Түсті металдар оларға алюмин, магнит, цинк, мыс қымбат бағалы металдарға  алтын , күміс, платина жатады.

Жеңіл металдарға алюмин, ртуть, олово, жатады. Аз кездесетңн металдарға вольфрам.

Радиоактивті металдарға Уран, Торий жатады.

Металдар өндіретін заводтарда әр түрлі құймалар көбінесе жазық түрде( мыс) рельс түрінде, трудо түрінде шығарылады.

  Метал өндірумен айналысатын саланы металлургия саласы деп атайды.Металлургия грек сөзінен  шыққан  рудо- өндірілген, металл - өңдеймін, metalla – рудник, металл, epgon-жұмыс. Ғылми технологиялық жолдармен өндіретін, өңдеу жұмысымен айналысатын сала.

Металлоконструкциялар - әртүрлі металдан болаттардан жасалған курстық конструкциялар.

Металлоконструкциялар берік болумен қатар әрі жеңіл болып келеді. Мыс, алюмин қорытындысынан дайындалған конструкциялар құрылыс саласында , өндіріс саласында кеңінен қолданылады.

Бұлардың басты артықшылығы  жеңіл әрі коррозияға төзімді және оңай өңделеді. Сол себептен ұшақ жасау, зымыран жасау саласымен машина жасау , электроника саласында , құрылыс саласында  мұнаралар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Металлдар сыртқы ортаның әсерінен  тотығып бүлінеді. Бұндай процесті металдар коррозиясы деп аталады. Корозия салдарынан Х\Ш саласында орасан зор зиян келеді. Жыл сайын барлық өндірілген металдардың 25% - тен тотығудан бүлінеді.

Металдар коррозияға ұшырамау үшін темір қоспасына мырыш қоспасын қосады. Бұл деген металдың коррозия тұрақтылығын арттырып қоспалар қосындысы кезеңінен өткзеді.

Металдардан көп қолданылатын түрлеріне сымдармен және жұқа қаңылтырлар жатады. Бұл саладағы еңбекке баулу  себептерін сарамандық жұмыстарында алюмин, мыс, сияқты жұмсақ сымдармен жұқа қаңылтырлар қолданылады. Алюмин мыс сымдар қырқуға , ал жұмсақ жұқа қаңылтырлар қиюға, майыстыруға, дайындауға қолайлы болып келеді. Алюмин мыс сымдар электротехника саласында радио, телевизор жасау саласында және байланыс жүйесі ретінде сымдар кеңінен қолданылады. Болат  сымдарды машиналардың қақпасы ретінде қолданады, жүк көтерген крандардың тросы ретінде кеңінен қолданылады.

Жұқа металл қаңылтырларға темір, болат қаңылтырлар, фольга, жатады. Жұқа қаңылтырлар өндіріс орындарында , жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық, радиотехника саласында кең қолданылады. Қара, ацинкаланған, болат, темір қаңылтырлар көбінесе үйлердің, құрылыс объектерінде шатыры ретінде, су ағатын трубалар ретнде , терезе астындағы су ағар ретінде т.б түрлі шаруашылық ыдыстар есебінде қолданылады.

Фольга қаңылтырдың қалыңдығы 0,2 мм болып келеді, радиоэлектроника саласында, сүт , айран, қаймақ сияқты ағарғандардың қақпағы ретінде және шоколадтарды орауға қолданылады.

Станиоль  жұқа қаңылтыр түрінде шығарылады. Электроника, радиотехника  саласында дайындау ешқандай сұйық заттарды ұшып кетпеуі үшін қолданылады. Еңбекке баулу сабағында бұл жұқа қаңылтырлардан ойыншық түрлерін дайындаумен бірге, жапсырмалау жұмыстарында қолданылады. Жұмсақ сымдардан аңдардың, құстардың, жануарлар қаңқасын жұқа сыммен бедерлеп  пішінін дайындауға және жұмсақ сыммен ойыншықтармен, қуыршақтарды дайындауға үйретеді.

  4 Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

Әрлеу тәсілдері және әрлеу материалдары. Жарықтың, ылғалдың, температураның және басқа да факторлардың әсерінен сырты қапталмаған бұйымдар тез бұзылады: жарылады, деформацияға ұшырайды (пішінін өзгертеді), иіліп майысады, табиғи түсін жоғалтады және т. б. Бұйымның  сыртқы бетін сақтау үшін әрлеу (отделка)  жұмыстарын орындайды.

  Әрлеу дегеніміз - бұл бұйым  бетіне берік, сәндік қорғағыш қабатпен қаптау. Қорғағыш қабат (пленка) бұйымды, заттарды сыртқы атмосфера жағдайынан және механикалық заттардан сақтайды. Сондай-ақ, жылтыраматын, мөлдір емес материал қабатымен бұйымның сыртқы бетінің ақауын жасыруға болады. Әрлеудің басқа түрлерімен бұйымның сыртқы түріне жақсы өң беруге, табиғи түсін және қымбат ағаш породасының текстурасын сақтауға болады.

  Бұйымның қайда тұруына, оған қойылатын талаптарға байланысты ағаш породасына және пайдалану шартына қарай әрлеу қайта әрлеу жұмысы мынадай болып бөлінеді: текстураны қаптау арқылы, текстураны сақтау арқылы боямалау, арнайы және сәндік-көркем.

  Текстураны қаптау арқылы әрлеу дегеніміз - бұл бұйымның бетін көрінбейтін берік , сәндік қабатпен, табиғи текстураны немесе ағаштың породасын жабуды айтады. Бұл әрлеу жұмысы ағаштың қымбат емес породасынан жасалған бұйымға немесе текстурасы нашар сыртқы ортада тұратын бұйымға жүргізіледі.

  Текстураны сақтау арқылы  әрлеу қымбат породалы ағаштан бұйым дайындауда қолданылады.

  Боямалау арқылы әрлеу (әшекейлеу) қымбат емес породалы (түсі нашар) ағаштан жасалған бұйымның бетін қымбат, түсті ағаш породасына – (талшықтарды бояу арқылы)  келтіру мақсаты үшін жүргізіледі.

  Арнайы әрлеу негізінен фанералауда, яғни бұйымның көрінетін бетін қымбат ағаш породасының түсті текстура шпонымен қаптау. Сондай-ақ мұндай өңдеуге ағашты текстура қағазымен, синтетикалық шпонмен және пленкамен қаптау жұмысы жатады.

  Сәндік-көркем әрлеу жұмысы негізінен эстетикалық мақсатта жүргізіледі. Бұл кесу арқылы оюлау, қысым арқылы оюлау, күйдіру, мозайка, металдау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

  Әрлейтін материалдар негізінен дайын лак, бояу түрінде болады. Оларға лактар және политур (смолалы зат қосылған спиртті лак), бояу және эмаль грунт (бояу қабаты жатады).

  Негізгі көркем-сәндік өңдеу. Қазіргі кезде ағаш ұстасы бұйымдарын, мебельдерді, үй жиһаздарын арнайы сәндік-көркем өңдейді. Көркем өңдеудің мынадай түрлері бар: ағашты металдау, ағашты оюлау, жабыстыру, мозайка, күйдіру, бояу, кесілген әшекейлермен безендіру.

  Металдау деп - ағашты жұқа металл немесе қорытпаларымен (алтын, күміс, қола) әртүрлі тәсілмен қаптауды айтады. Қарапайым және көп тараған металдау түріне алтын тәрізді ұнтақ қола қабатын ағаш бюетіне жағу болып табылады. Бұйымның беті бояу алдындағыдай дайын болуы керек.

  Бронзалаудың екі тәсілі бар:

  Біріншісі, бұйымды майлы бояумен бояп, кебу барысында бронза ұнтағын үрлейді (себеді). Кейде бояуды кептіріп, содан соң лакқа бронзалайды да, түссіз лакпен лактайды.

  Екіншісі, бүйымның дайын болған бетіне арнайы лакпен ара-ластырған бронза лакты жағады.

  Кесу (ою) - ағаш бұйымдарын (әшекейлеудің) әдемілеудің  көне тәсілдердің бірі. Кесудің (оюдың) төрт түрі бар: оюлап кесу (сызықты, геометриялық ою), жазық ою, рельефті және скульптура (мүсін өнері).

  Оюлап кесу (өрнектеп ою)- бұл ағаштың бетіндегі суреттің негізгі сызықтарын жұқа тереңдікте сызық түрінде кесу.

  Жазық ою - бірнеше миллеметр фоннан (негізгі түстен) төмен орындалады. Кейбір жағдайларда сурет оюланады, ал беткі қабат фон қызмет атқарады.

  Рельефті ою - фоннан едәуір төмен тереңдікте орындалады. Егерде кесілген сурет беткі қабаттан айтарлықтай шығыңқы болса, онда оны горельеф дейді, одан төмен дөңестіктегісі - барельеф деп аталады.

  Мүсін оюдың айырмашылығы сурет фоннан бөлек болады, көбіне дене кесіліп алынып, бұйымға желіммен немесе жасырын шабақпен желім арқылы біріктіріледі.

  Сурет түрінің сипатына байланысты ою геометриялық, сызықты, шұқыр және т.б. болып бөлінеді. Ою алдын-ала белгі түсіруді талап етеді. Көбіне сурет ағашқа көшіру қағаз арқылы көшіріледі. Күрделі мүсінді ою үлгі немесе модель бойынша орындалады.

  Кесу үшін жөке (липа) ағашы көбіне жарамды болып табылады. Ол жұмсақ, біртүсті, құрылысы біріңғай, аз жарылады және лакты жақсы алады. Сондай-ақ ольха, қайың, кедір, терек, үйеңкі, бук және т.б. қолдануға болады. Кейбір қылқан жапырақты ағаш түрлері кесіп оюлау үшін жарамсыз, себебі, құрылысы біріңғай емес.

  Ағаш бетіне түскен оюды көбіне түссіз лактайды. Біріңғай түсті алу үшін ағаш бетін сумен сүртеді. Бояуды көбіне үрлеу әдісімен лактаған жақсы.

  Кесуді (оюды) келесі тәртіппен жүргізеді: белгі салу және суретті көшіру; суреттің сыртқы сызығын кесу; негізгі түсті (фонды) кесу; суреттің бөлшектерін кесу; соңғы түзету және оюды тазалау.

  Кесу жұмысы үшін әртүрлі формадағы болат кескіштерді, қа-шауларды, рашпильді, егеулерді қолдануға болады. Әрбір кескіш өткір қайралған болуы қажет. Кескішті түзету мен өткірлеу сәл доғаланған уақытта қайталанады. Кесуді ілгеріде көбіне кесуші қолмен атқаратын. Соңғы уақытта арнайы мүсін жону және көшіру-жону станоктары пайда болды, олардың ерекшелігі айналу жылдамдығы жоғары. Станоктар әртүрлі кесуші аспаптар жиынтығымен қамтамасыз етілген.

  Оюлау (өрнектеу-гравирования) ағаш бетіне қысыммен өрнек салу (тиснение) және кислотамен сығымдау арқылы орындалуы мүмкін.

  Қысыммен өрнек салу арнайы көп плиталы қыздыру престерінде немесе прокаттау вальциде орындалуы мүмкін. Ағашты плита немесе вальцимен сығымдау арқылы алынған бедер берік және анық болып келеді.

  Ағашты кислота арқылы сығымдау адам денсаулығына зиянды болуына байланысты аз қолданылады.

  Ағаштан мозайка (құрақ) - бұйымды әйнекпен, сүйекпен, мрамормен, ағаштың қымбат породасымен әшекейлеу. Ағаштан мозайка түрлері - инкрустация (бастырма), интарсия, маркетри болады.

  Инкрустация - ағаштың бетін сүйек, металл және т.б. материалдардың жұқа қабатымен (пластинкасымен) әшекейлеу.

  Интарсия - ағаштың жұқа пластина қабатын басқа ағаштың басқа породасынан жасалған бұйымның кесіліп алынған орнына желімдеу.

  Маркетри - бұйымның бетіне шпоннан алынған суреттерді желімдеу.

  Ағашты күйдіріп өрнектеу - ағаштың бетіне ыстық штамптың, қызған электр біздің, қыздырылған металл вальци арасымен прокаттау арқылы сурет түсіру.

  Қыздырылған штамппен күйдіріп өрнектеу электр тогының көмегімен қыздырылып, өңделіп алынған бетке қойылады. Бұл тәсілмен үлкен емес суреттер түсіріледі.

  Қыздырылған электр бізбен күйдіріп өрнектеу пирографией деп аталады. Электр бізбен жұмыс жасау ағаш бетіне түсірілген сурет немесе көшіру қағазы арқылы жүзеге асады. Электр бізбен күйдіріп өрнектеу үшін көбіне бір түсті жұмсақ ағаш породасын пайдаланады.

  Суретті қыздырылған вальци арасында прокаттау арқылы күйдіріп өрнектеу - пиротипия деп аталып, жазық беттерді әшекейлеу (өңдеу) үшін қолданылады. Алдымен вальци ағаштың түгін күйдіріп, бетін қызылды-қоңыр түске келтіреді, содан кейін үстіңгі вальци көмегімен оюланған сурет күйдіріледі.

  Майлау (сырлау) және текстура қағаздарын жапсыру.

  Майлау (сырлау) жұмыстары үй құрылысындағы, жиһаз дайын-даудағы ең соңғы жұмыстың бірі. Бұған үйдің ішкі-сыртқы жақтарындағы әр түрлі бөліктерді бояу жатады. Бөлменің ішіндегі бояу-дың түрлері адамның көңіл күйіне әр қилы әсер етеді. Сондықтан олардың түсі мен түрін таңдау негізгі жұмыстардың бірі болады. Бояулардың түрін анықтағанда бөлменің ауданы мен биіктігін, түсе-тін жарық пен бөлменің орналасу қалпын еске алу керек. Бөлменің терістікке қарап тұрған қабырғасын ақшыл түспен, оңтүстікке қара-ғанын күңгірттеу түспен бояған жөн. Бөлмеде табиғи жарық көп болған жағдайда барлық қабырғаларды күңгірт бояумен бояйды. Тұратын бөлме биіктеу болғанда қабырғаны төбеге 6-10 см қалғанша бір түсті бояумен, ал жоғарғы жағын төбені бояйтын бояумен бояйды. Орындалу сапасына қарай майлау жұмыстары жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. майлау жұмысында қолданылатын бояғыш заттар жабыстыру мен еріткіштік қасиеті бойынша сулы және сусыз болып келеді. Сулығы желімді, әкті, силикатты және ірімшікті құрам жатады.

  Желімді құрамы бар бояумен кебу бөлменің ішін, оның жиһаздарын бояйды. Бөлменің ішінде ағаш беттерін бояйды. Майлы бояу құрылымдарды жауын-шашанның әсерінен қорғап, тазалықты қамтамасыз етеді. Майлы бояу жағылған бетті жалтырату үшін лак жағу керек.

  Текстура қағаздарын жапсыру жұмыстарына ағаш бұйымдарына жапсыру жатады. Текстура қағаздары сапасы бойынша жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. Желімдеу бойынша желім жағатын және өздігінен желімделетін болады. Бетінде түсірілген таңбалары бар қалың текстура қағазын жоғары сапалы деп атайды Кейбір текстура қағаздарында синтетикалық смола болады. Олар ылғалға төзімді болып келеді және бетін жууға болады. Бет құрылысын жәй жылтыр және суретті етіп шығарады.

  Бұл өздігінен желімделетін текстура қағаздармен ағаштан, металдан, т.б. дайындалған бұйымның бетін, ағаш талшық плиткаларды және фанерамен қапталған қабырғаларды өрнектейді. Одан басқа жұмыстардың барлығы текстура қағазын желімдеуге дейін жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет