Тапсырма №5
Тақырып: Адамдар не үшін еңбек етеді?
Мақсаты: Оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту
Мазмұны: Ф. Энгельстің «Адамды адам еткен – еңбек» деген ойын негізге ала отырып, төмендегі суретке әңгіме құрастыр
Тапсырма №6
Т ақырып: Адамдар не үшін еңбек етеді?
Мақсаты: оқушылардың нақтылы ойлау дағдыларын дамыту
Мазмұны: Пікірталас құру. Тақырып: Бұл палата, ой еңбегі дене еңбегіне қарағанда көп күшті талап етеді деп есептейді
Тапсырма №7
Тақырып: Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?
Мақсаты: Оқушылар үшін қаржылық сауаттылық және мемлекеттік басқару дағдыларын дамыту
Мазмұны: Тапсырма екі бөліктен тұрады.
Бірінші бөлік. Төмендегі екі суретке қарай отырып, Венн диаграмма құрастырыңыз
Екінші бөлік
Шығындар тенденциясы диаграммасын құрыңыз. Үлгі төменде келтірілген:
Тапсырма №8
Тақырып: Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?
Мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту
Мазмұны: сілтемеге өтіп, мультфильмді қарап шығыңдар. Содан соң, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Сілтеме: https://youtu.be/pjHmgyDGLX8
Сұрақтар:
Сабыр өз табысын қандай бөліктерге бөлді?
Сабырдың қарызы қандай еді?
Сабыр кімдерге қарыз береді екен?
Сабыр өз табысының үшінші бөлігін қайда жұмсайды?
Сабырдың табысты бөлу сызбасымен келісесіз бе?
Тапсырма №9
Тақырып: Адам досымен мықты
Мақсаты: оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту
Мазмұны:Жұппен жұмыс. Досыңызға хат жазып, құпия жәшікке салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |