Тарау І жердің негізгі сызықтары, жазықТЫҚтары туралы жалпы мәліметтер


Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі



бет3/5
Дата07.09.2022
өлшемі27.43 Kb.
#460353
1   2   3   4   5
05,09,

1.3.1 Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі
Алдағы параграфта көрсетілгендей, Гаусс проекциясында әр зона бір-біріне перпендикуляр екі кесінді - осьтік меридиан және экватор жазықтығынан тұрады дедік. Осы жағдай нүктенің орналасуын анықтауға зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.
Абсцисса осі X арқылы осьтік меридианды, ал ордината осі У арқылы экваторды кескіндеу қабылданған. Осьтердің оң (+) таңбалы бағыттары: абсцисса - оңтүстіктен солтүстікке, ордината - батыстан шығысқа қарай есептелінеді (4-сурет). Координаталар басы болып осьтік меридиан мен экватордың қиылысқан нүктесі О саналады. Сонымен экватордан солтүстікке қарай абсциссалар оң мәнді, ал оңтүстікке қарай теріс (-) мәнді болын келеді. Ординаттары оң (+) мәнді болып, осьтік меридианнан шығысқа қарай, ал батысқа қарай теріс (-) мәнді болады.

Негізгі ұғымдар. Механика материялық денелердің меха-
никалық қозғалыстары жəне əсерлері жөніндегі ғылым. Теориялық
механика денелердің қозғалу заңдылықтарын жəне осы қозғалыс-
тардың жалпы сипаттамаларын зерттейтін механиканың бөлімі.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өте денелердің кеңістіктегі
өзара орын ауыстыруын немесе берілген дене бөліктерінің өзара
орналасуының өзгеруін айтамыз.
Механикалық қозғалыс, яғни кеңістіктегі материялық дененің
орын ауыстыруы қандай да бір денеге қатысты анықталады. Бұл дене
санақ дене деп аталады. Санақ денемен координаттар жүйесін
байланыстырып, оған қатысты материялық дененің немесе нүктенің
уақыт өтуімен қозғалысын қарастырады. Уақыттың санақ басы ерікті
таңдалады. Денемен байланыстырып таңдап алынған координаттық
санақ жүйесі ондағы қабылданған уақыт санағымен бірге санақ
жүйесін құрайды.
Механикадағы кеңістік – үш өлшемді Евклид кеңістігі.
Кеңістіктегі өлшеулер Евклид геометриясындағы əдістерді қолдану
арқылы жүргізіледі. Қашықтықты өлшеуге метр алынады.
Механикада уақыт əмбебап шама деп есептеледі, яғни барлық санақ
жүйелерінде бірдей өтеді. Уақытты секундпен өлшейді. Уақыт –
ылғи өзгеріп отыратын скалярлық шама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет