1.3.Еншілес шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі.
Еншілес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктесті. Бұндай бақылау қаржыландыратын обьтектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген (консолидалынған) есеп беруінде көрстеіледі., бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықт ан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
- үлестік қатысу әдісі;
- ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, те ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
- егер де еншіліс серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (консолидалынған) есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескеріледі (8 –БЕС). Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім - шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады;
-
бірлесіп бақылайтын активтер;
-
бірлесіп бақылайтын өндіріс.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын –ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы – материалдық запастардың және т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер - жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатрын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
Қатар саны
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны
|
Сомасы,
теңге
|
Шоттар корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арықылы инвестицияларды жасалынды.
-
тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер
-
ақша қаражаттары
-
есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен,
-
еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден
-
заңды және жеке тұлғалардан
-
|
200 000
300 000
50 000
600 000
450 000
|
141-144
141-144
141-144
141-144
|
222,223,121,125,
101-104,
106,431-452
333
641-643
671-687
|
|
Жиыны
|
1 600 000
|
|
|
2
|
Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар
|
100 000
|
141-144
|
727
|
3
|
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын өсіреді.
|
300 000
|
141-144
|
542
|
4
|
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижемінде үлестік қатысу сомасын инвестицияның құнын төмендеткен
-
бұрындары жасалған қайта бағалау сомасының шегінде
-
бұрындары жасалған қайта бағалаудың артық жасалған сомасына
|
300 000
150 000
|
542
845
|
141-144
141-144
|
5
|
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен
|
540 000
|
141-144
|
871
|
6
|
Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивидендтер сомасына инвестицияның құны азайды
|
140 000
|
321,323,332
|
141-144
|
7
|
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуі мен байланысты инвестицияның құны азайды
|
2 000 000
|
871
|
141-144
|
8
|
Егер де инвестицияның баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс плоттар есепке алынады.
|
50 000
|
011
|
|
9
|
Тәуелді немесе еншілес серіктесвтіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіріледі, бұл кезде баланстан тыс плоттар жабылады.
|
300 000
|
141-144
|
871
|
10
|
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылады:
-
инвестицияның баланстық құнына
-
инвестицияның сатылған бағасы бойынша
|
300 000
700 000
|
843, 301-303, 334,321-323
|
141-144
723
|
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі.
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 "Акциялар", 402 "Облигациялар" және 403 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
"401 - 403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылык инвестициялардың кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы кұнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. [6,87 бет]
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарыктық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қыска мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қыска мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу кұнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде аныктайды:
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Инвестициялардың түрлері
|
Сатып алу құны
|
Сатып алынған кезеңдегі (моментіндегі) ағымдағы (нарықтық) құны
|
Ауытқулары
(+,-)
|
Акция
«А» компаниясы
|
280,
|
300,0
|
+20,0
|
«Б» компаниясы
|
220,00
|
210,0
|
-10,0
|
«С» компаниясы
|
150,0
|
150,0
|
-
|
«Г» компаниясы
|
170,0
|
165,0
|
-5,0
|
Акция жиыны
|
820,0
|
825,0
|
+5,0
|
Облигация
«К» компаниясы
|
100,0
|
130,0
|
+30,0
|
«М» компаниясы
|
150,0
|
40,0
|
-110,0
|
«Н» компаниясы
|
170,0
|
180,0
|
+10,0
|
«П» компаниясы
|
190,0
|
200,0
|
+10,0
|
«О» компаниясы
|
200,0
|
190,0
|
-10,0
|
Облигация жиыны
|
810,0
|
746,0
|
-70,0
|
Қоржынның барлығы
|
1630,0
|
1565,0
|
-65,0
|
Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсак, онда ағымдағы кезендегі құны сатып алу құнынан 65 мын теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретіңде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияны баланстык құны ең кіші баға ретінде сатып алынды (820 мын тенге 825 мын теңгеден аз), ал облигацияның баланстык кұны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мын тенге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретіңде танылды, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы (65 мың теңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды:
"А" компаниясы - 280,0 мын тенге сатып алу құны бойынша;
"Б" компаниясы - 210,0 мын тенге ағымдағы құны бойынша;
"С" компаниясы - 150,0 мын тенге сатып алу құнымен ағымдағы
құны бірдей;
"Г" компаниясы - 165,0 мын тенге ағымдағы құны бойынша;
"К" компаниясы - 100,0 мын тенге сатып алу құны бойынша;
"М" компаниясы- 40,0 мын тенге ағымдағы құны бойынша;
"Н" компаниясы- 170,0 мың тенге сатып алу құны бойынша;
"П" компаниясы- 190,0 мын тенге сатып алу құны бойынша;
"О" компаниясы - 190,0 мын тенге ағымдағы құны бойынша;
-? - 1495,0 мын тенге
Бұл варианттағы 135 мың теңге (1630,0 – 1495,0) теріс айырмашылығы ретінде, шығыс ретінде танылады.
¥зақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
- сатып алу құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
¥зак мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасьның сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жок болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылык инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылык инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердін немесе диллердін қызметі) ол не табыска, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табыска жатқызылады.
Ұзак мерзімді қаржылық инвестиция қыска мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.
Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвсстицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсак, онда: олар сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.
Енді біз бұл калай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:
- акцияның инвестициясы;
- облигацияның инвестициясы;
- басқа да қаржылық ивестициясы.
401 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, баска кәсіпорындардың, банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді Акция — акционерлік қоғамнын капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын жөне ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу кұқын беретін бағалы қағаз. Акцияларды алған кезде 401 иАкциялар" шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы жасалынады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына — 671 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар", 687 "Еаска кредиторлық карыз және төлемдер", 641 "Еншілес серіктестіктерге қарыз", 642 Тәуелді серіктестіктерге қарыз", 643 "Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаларға қарыз. [2,322 бет]
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 401 — шоттың дебеті, 431 "Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты акша", 432 "Шетелдегі валюталық шоттағы нақты акша" шоттарының кредиті - шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларынын акцияларын алғанда; 441 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша", 451 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" — Казакстан Республикасынын ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды саткан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 843 "Бағалы қағаздарды сатумен байланысты шығыстары" деген шоты дебеттеледі де, және 401 "Акция" кредиттеледі, сосын ол 301 шотының дебеті бойынша және 723 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Мысал. "Шығыс" ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын:
- "Цемент" А АК - 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;
- "Темир" ААҚ — 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын;
- "ІВ8" ААҚ - 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардың жиынтығы, "Шығыс" ААҚ акцияларының шамамен 20 %-тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың кызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.
"ІВ8' ААҚ-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15 мың теңге құраған.
Бір акциямын ағымдағы құны мынаны құрады:
|
Ағымдағы жылдын
1-ші маусымына
|
Ағымдағы жылдың- 31-ші желтоқсанына
|
Келесі жылдың
1-ші маусымына
|
"Цемент" ААК
|
295
|
315
|
300
|
Темір" ААК
|
455
|
475
|
460
|
"ТВS" ААҚ
|
200
|
250
|
250
|
"ІВ5" ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған болатын, бірақ ол сатылмай қалды,сондыктан оны келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.
"Темір" А АҚ үзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында езгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың. мамырында сатуына тура келді, бұндай шешім акданда қабылданған болатын.
"Цемент" ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың тенге дивиденд тиесілі болатын, бірак сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.
"Цемент" ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның деңгейінде 150 мың тенгеге дивиденд жарияланды.
Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.
Енді біз осымен байланысты шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
№
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
Шоттар корреспонденциясы
|
дебет
|
кредит
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Қаржылық инвестициясы алынған: -"ІВS" ААҚ компаниясы қысқа мерзімді - сатып алынған акцияның құнына (5000x200)
- брокерлік кызметтің кұнына жиыны
- ұзақ мерзімді:
"Темір" ААК акциясы
"Цемент" ААҚ акциясы
"Шығыс"' ААҚ акциянын құнын да, өткен жылдың дивидентін де төледі
|
1 000 000
15 000
1 015 000
3 600 000
2 900 000
100 000
|
401
401
401
401
332
|
671, 687 671
441
671
671
|
Сатып алынған қаржылық инвестицияның құны, барлығы
|
7 515 000
|
|
|
2
|
Сатушыға қаржылық инвестицияның құны төленді
(1000000+15000+2900000+100000)
|
4 015 000
|
671,687
|
441
|
3
|
«Цемент» ААҚ акцияға қосылған дивиденд құны төленді
|
100 000
|
441
|
332
|
4
|
Қысқа мерзімді қаржылқ инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты және ұзақ мерзімді категориясына өтуіне байланысты, 1-ші қаңтардан бастап оның баланстық құны болып саналады. «IBS» ААҚ акциясы
(5 000х250-1 015 000)
|
235 000
|
401
|
727
|
5
|
«Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд есептелінді
|
150 000
|
332
|
724
|
6
|
«Темір» ААҚ 5 000 акциясы сатылды
-
инвестицияның баланстық құнына (5000х450)
-
сатудан түскен табыс сомасына
|
2 250 000
2 250 000
|
843
441
|
401
723
|
7
|
«Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд алынды
|
150 000
|
301,441
|
332
|
8
|
Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты «Темір» ААҚ акциясы ұзақ мерзімді инвестициясынан қысқа мерзімді инвестициясына ауыстырылды 30 000 тенге
(8000-5000)х460-8000-5000)х450)
|
30 000
|
401
|
727
|
«Шығыс» ААҚ 1-ші маусымға қалған қаржылық инвестициясын көрсетті.
-
ұзақ мерзімді
-
«IBS» ААҚ акциясы -1250 мың тенге (23500+1015000)
-
«Цемент» ААҚ акциясы -2900 мың тенге
-
Қысқа мерзімді
«Темір» ААҚ акциясы – 1380 мың тенге (3600000-2220000+30000)
|
|
|
|
Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдын бір түрі. Облигациянын акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 402 "Облигация" шотында жүреді.
402 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті зайымдардың проценттік облигаиияларына салынған қаржылық инвестициялардын нақты бары мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация —' белгіленген нақты (номиналдык) құны бойынша егесіне процент телеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегілей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялык банктер, акцианерлік қоғамдар_және"басқалар шығарған); атаулы және__талап етушіге арналған; проценттік жөне проценттік емес, еркін айналымдағы жөне айналым шеңбері шектеулі.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияны талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) талеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитентгін өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын өтілдіретін міндетті реквизит облигациянын қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларяы өтеу мерзімін жөне, шығару туралы шешімін эмитент айқындайды. [7,322 бет]
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейі не байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдык құнына үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдык құнынан темен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық кұны бойынша, немесе облигация сыйлығымен (сыйакысымен), немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |