37
жатқан объекті немесе үдерістің ерекшеліктеріне байланысты тең-
діктер жəне теңсіздіктер түріндегі шектеулер қойылған болуы
мүмкін.
Тиімдеу моделіне ракетаны Жер бетінен оны берілген биіктікке
қозғалтқыш импульсінің шамасына, оның жұмыс істеу уақытына,
ракетаның бастапқы жəне соңғы массасына шектеулер қойылған
жағдайда минимал уақыт ішінде шығару үдерісін модельдеу мысал
бола алады.
Ракета қозғалысының дескриптивтік моделінің математикалық
қатынастары бұл жағдайда теңдіктер түріндегі шектеулер болады.
Көптеген нақты үдерістер үшін бірнеше критерийлер бойынша
оптимал параметрлерді табу қажет болады. Мұндай есептерді көп-
критериялы тиімдеу есептері
деп атайды жəне оларды шешуде
арнайы əдістер мен алгоритмдер қолданылады.
Басқарушылық модельдер
адам іс-əрекетінің түрлі салаларында
тиімді басқару шешімдерін қабылдауда қолданыс табады. Жалпы
жағдайда, шешімдер қабылдауды өзінің күрделілігі бойынша ойлау
үдерісімен салыстыруға болатын үдеріс деп айтуға болады. Бірақ
амалда шешімдер қабылдау дегенде кейбір альтернативаларды олар-
дың берілген жиынынан таңдауды түсінеді, ал шешімдер қабылдау-
дың жалпы үдерісі альтернативаларды осындай таңдау тізбегі ретін-
де қарастырады [17].
Таңдау критерийі анықталған деп есептелетін жəне ізделінетін
шешім оның экстремалдық шарттарынан табылатын тиімдеу мо-
дельдерінен басқарушылық модельдерінің айырмашылығы – бұл мо-
дельдерде есептің түрлі анықталмағандық жағдайында баламаларды
салыстыруға мүмкіндік беретін арнайы тиімділік критерийлерін
енгізу қажет болады.
Бір жағдайдың өзінде қабылданған шешімнің тиімділігі əртүрлі
түсінілуі мүмкін жəне басқарушылық модельдеріндегі тиімділік кри-
терийінің түрі алдынан белгіленбейді, осы айтылғандар – басқару-
шылық модельдерінің негізгі ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: