20
1.3-сурет. Модельдеу түрлері
Ұқсастық теориясы негізінде зерттелетін құбылыстар мен үде-
рістердің қасиеттерін модельден объектіге көшіру көмегімен зерт-
теуге мүмкіндік беретін нақты объектіге оның үлкейтілген немесе
кішірейтілген материалдық аналогын сəйкес қою арқылы модель-
деуді натуралық модельдеу деп атайды.
Натуралық модельдеуге сəулет құрылыстарындағы макеттерді,
кеме жасаудағы кемелердің модельдерін келтіруге болады. Модель-
деудің ғылыми сала ретінде қалыптасуы ХIX ғасырдың орталарында
кемелердің натуралық модельдерін зерттеу жұмыстарынан бастау
алды, ал модельдердің өзі жаңа техникалық құрылғыларды жоба-
лауда кең пайдаланыла бастады. Үлкен бір кемені құру бірнеше жыл
уақытты алатындығы жəне оның құны елеулі болатындығы кеме жа-
саушыларды кеменің тиімді параметрлерін табудың арзан жəне
қысқа уақыт кететін тəсілдері мен əдістерін табуға мəжбүрледі. Бұл
мəселенің шешімін табуда көмекке модельдеу келді. Болашақ ке-
мелердің кішірейтілген модельдерін су бассейндерінде қозғалысқа
келтіріп жəне кедергі күшінің шамасын өлшей отырып, конструк-
торлар кеменің түрлі параметрлерінің (корпусы, көлемі, қозғалтқыш
қуаты жəне т.б.) тиімді шамаларын табудың ұтымды шешімдерін
таба алатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: